Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Біз ескермейтін құпия қызықтар...

Біз ескермейтін құпия қызықтар...

Біз ескермейтін құпия қызықтар...

Кейде өз көзімізбен көріп жүрсек те, байқамайтын, ескермейтін өмірдің сан қилы қызықтары болады. Мүмкін өзіңізге пайдалы кеңестерді де тауып қалуыңыз ғажап емес. Үнемі болмаса да, кей сәттерде назар аударып қоюға татитын деректерді ұсынамыз. 

1. Лас-Вегастағы құмарханалардың барлығында сағат болмайды;

2. Әр күні жаңадан туылған 12 нәресте өзге ата-анаға беріледі;

3. Шоколад ит тұқымдас хайуанаттар үшін жан алғыш тағам, тек азға жесе иттің жүрегі мен жүйке жүйесін зақымдап өлтіреді;

4. Леонардо да Винчи бір қолымен жазу жазса, енді бір қолымен сурет сыза алады;

5. Қайшыны Леонардо да Винчи ойлап тапқан;

6. Мона Лизаның ернін сызуда Леонардо да Винчи 10 жыл уақыт жұмсаған;

7. ІІ дүниежүзлік соғыста берілген Оскар сыйлығы ағаштан жасалған, өйткені ол кезде әр елде металь өте тапшы болатын;

8. Иіссу тегінде маса жолатпау қасиетіне ие емес, қайта ол масаның сезу түйсінігіне ықпал етеді, сондықтан да адамды таба алмай қалады;

9. Тіс шөткесін қол жуатын жерден 2 метр алысқа қойғаныңыз жөн, өйтпегенде дәрет күбісін сумен шайғанда шыққан көзге көрінбейтін, кеңістікте қалқып жүрген лас заттар "іздеп келіп", тіс шөткісіне қонады дейді тіс дәрігерлері;

10. Жолақты нөмірлерді ең алғаш қолданған тауар «жебе» маркалы иісті шайыр;

11. Майкл Джорданның «Nike»-дан алатын жылдық кірімі Малайзиядағы «Nike» зауытында істейтін барлық жұмысшылардың еңбекақысының қосындысынан да жоғары;

12. Гитлердің шешесі оған жүкті кезінде бала түсіру ойында болған, алайда дәрігердің кеңесімен бұл ойынан әзер қайтқан;

13. Әр адам бір өмірінде 18 килограмм тері түлейді;

14. Адам орта есеппен 7 мин ішінде ұйқыға кетеді;

15. Басы жоқ тарақан 10 күн өмір сүре алады;

16. Адам түшкіргенде көзін аша алмайды;

17. Мексика қаласы әр жылы 25см шөгеді;

18. Жер шарында тауық адамнан да көп үй құсы;

19. Жер бетіндегі 48 ең кедей елдің мал-мүлкінің қосындысы, әлемдегі ең бай үш отбасының мал-мүлкінің қосындысына жетпейді;

20. «Marlboro» темекісін өндіретін серіктіктің алғашқы директоры өкпе рагінен қайтыс болған;

21. Зерек адамдардың шашының құрамында мырш пен мыс құрамы көп болады екен;

22. Әлемдегі ең жас ерлі-зайыптылар 1910 жылы Қытайда тіркелген, олардың жасы жеке-жеке 8 жас жане 10 жас;

23. Туылғаннан бастап, адамның көзі ешқашан үлкеймейді. Алайда мұрын мен құлақ жастың ұлғаюына қарай тоқтаусыз өсіп отырады;

24. Адам 10 күн ұйқысыздыққа төзе алады;

25. Пиаз турағанда иісті шайыр шайнаса, көзден жас ақпайды;

26. Ай нақ төбемізде болғанда, салмағымыз жеңілдейді;

27. Телефонды ойлап тапқан Александр Беир шешесі мен әйеліне телефон шалып көрген емес, өйткені олар керең болатын;

28. Жер бетіндегі адамдардың саусақ табының әртүрлі болатыны сияқты, тіл табы да бір-біріне ұқсамайды;

29. «The quick brown fox jumps over the lazy dog» деген сөйлемде ағылшын тілінің 28 әрпі толық қолданылған;

30. Егер барлық қытайлық қатарға тұрып, алдыңнан өтсе, бұл қатар сенің бір ғасырлық ғұмырыңда да таусылмайды екен;

31. Жаңа туылған нәрестеде 300 парша сүйек болады, есейе келе 206-ға айналады;

32. Сақал-мұрт адам денесіндегі ең тез өсетін түк болып, алмасаңыз 9 метрге дейін ұзарады екен;

33. Ең ұзын жер аты: Taumatawhakatangihangaoauauotameteaturi-

Pukakpikimaungahoronukupokaiwhenuakitanatahu, бұл Жаңа Зеландиядағы бір құмдықтың аты;

34. Дүниедегі ең көп кезігетін адам аты: Мұхаммед;

35. Кока-Кола алғаш өндірілгенде жасыл түсті болған;

36. Доңыз аспанды көре алмайды;

37. Картадағы 4 патша тарихтағы 4 патшаға уәкілдік ететінін білесіз бе?! Олар: қарғаның патшасы Давид патша, шыбынның патшасы Александыр патша, қызыл-айырдың патшасы Чарли патша, қиықтың патшасы Ғайса патша;

38. 111111111 × 111111111 = 12345678987654321;

39. Әлем мүсіншілерінің мынандай да құпиялықтары болады екен. Мысалы, атқа мініп тұрған батырдың мүсініне қарап, оның қалай өлгенін білуге болады. Егер шауып бара жатқан аттың төрт аяғы жерге тимеген болса, онда ол соғыста өлген. Егер атының алдыңғы бір аяғы жерге тимеген болса, онда ол соғыста жараланып кейін өлген. Егер төрт аяғы да жерде болса, онда табиғи себептерден өлген;

40. Піл секіре алмайды;

41. Адамдардың басым көпшілігі өлімнен гөрі өрмекшіден қатты қорқады екен;

42. Көбелектің иіс сезу түйсігі аяғында болады;

сурет:disastersafety.org

Дайындаған: Алшын Матай

7248 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 26 қыркүйек 2012, 16:36
Пікірлер
+0
26 қыркүйек 2012, 15:42

Адам түшкіргенде көзін аша алмайды; :roll:

+0
26 қыркүйек 2012, 15:44

Алшын Матай?

+0
26 қыркүйек 2012, 15:56

ол кім деші :D

+0
26 қыркүйек 2012, 16:07

соны айтам да,е :lol: :lol: :lol:

+0
26 қыркүйек 2012, 15:50

піл секіре алмайды! Уахаха! Пілдің секіріп жатқан көрінісін елестетіп көрші :)

+0
26 қыркүйек 2012, 17:15

"Еж тоже летает, если его правильно пнуть" демекші Пілді де дұрыстап тұрып бір тепсе секіретін сияқты)))

+0
26 қыркүйек 2012, 16:24

Көбелектің иіс сезу түйсігі аяғында болады

+0
26 қыркүйек 2012, 16:55

Адамдардың басым көпшілігі өлімнен гөрі өрмекшіден қатты қорқады екен, бул рас!!!

+0
26 қыркүйек 2012, 17:22

жоқ, мунда бәрі де рас.

+0
26 қыркүйек 2012, 17:31

Қалаймақан ба бірдеңе бар еді ғой, студент ағайдан "ұйықтағанда сақалың көрпе астында бола ма? Сыртында ма?" деп сұрайтын. Соны тексерем деп ана ағай-бейшара ұйқыдан айырылып, адам құсап ұйықтай алмай жүргені....
Мен де ана бір тармағын тексерейінші қызыққа деп адам сияқты түшкіре алмай қалдым))))

өтеееееее қызық екен расында...

+0
26 қыркүйек 2012, 17:36

Кейбірін бұрыннан білемін 8-)

+0
26 қыркүйек 2012, 17:47

ең ұзын жер атын оқып,айта алмай отырм, Өздері қалай айтып жүр екен,а? :roll:

+0
26 қыркүйек 2012, 17:47

"Туылғаннан бастап, адамның көзі ешқашан үлкеймейді."дегенге сене алмаймын. Осындай ақпаратты бұрын оқып, содан адамдардың көздеріне қарайтын болдым. Көздері үлкен ересек адамдардың нәресте шағында да көзі үлкен болғанын елестете алмай-ақ қойдым))

+0
26 қыркүйек 2012, 21:41

Адамның көздері дегеннен КӨЗДЕРІНІҢ ҚАРАШЫҒЫ деген дәлірек болар. Адамның бетінің өзгеруіне (ісіну, жүдеу, есею т.с.с.) байланысты көз де өзгермей қоймайды. Ал көздің қарашығы ЕШҚАШАН өзгермейді. Факт...
Кішкентайлардың қарашықтары үлкен болады ғой, ересектердікі кішірек сияқты көрінеді, ал шынында өскен/есейген/өзгерген бет-жүз, көздің өзі, ал қарашық - баяғы... Хаха, енді балалардың көзіне үңілумен болатын болдым.
Айтпақшы, 10-тармақты талдап көрейікші, түсіне алмай отырмын...

+0
26 қыркүйек 2012, 21:41

Адамның көздері дегеннен КӨЗДЕРІНІҢ ҚАРАШЫҒЫ деген дәлірек болар. Адамның бетінің өзгеруіне (ісіну, жүдеу, есею т.с.с.) байланысты көз де өзгермей қоймайды. Ал көздің қарашығы ЕШҚАШАН өзгермейді. Факт...
Кішкентайлардың қарашықтары үлкен болады ғой, ересектердікі кішірек сияқты көрінеді, ал шынында өскен/есейген/өзгерген бет-жүз, көздің өзі, ал қарашық - баяғы... Хаха, енді балалардың көзіне үңілумен болатын болдым.
Айтпақшы, 10-тармақты талдап көрейікші, түсіне алмай отырмын...

+0
27 қыркүйек 2012, 15:59

солай жазылыпты. негізінде көзқарашығы болу керек. қарашық адам жасына байланысты үлкеймейтіні белгілі. бірақ, көңіл-күйге байланысты көздің қарашығы үлкейіп-кішірейіп тұрады. мыслаы, қуанған сәтіңізде көзіңіздің нұрланып сала беретіні содан. ондай сәтте көз қарашығы үлкейеді екен. ал қорыққан сәтте көздің бақырайып көрінуі көз қарашығының кішіреюінен.

+0
27 қыркүйек 2012, 16:08

Еркебұлан, сақал-мұртыңды алмай жүре бер, 9 метр ете салсайш :lol:

+0
28 қыркүйек 2012, 15:41

Түшкірген маған ұнайды. Түшкірген кезде қан айналым мен жүрек бір сәтке ғана өз қызметін тоқтадады дейді:)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...