Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Қандай қызығушылықтар табыс әкеледі?

Қандай қызығушылықтар табыс әкеледі?

Қандай қызығушылықтар табыс әкеледі?

«Өмірде өз орныңды табуға ұмтылу керек, өз қызығушылығыңды айқындап, айналысатын ісіңді жақсы көру керек» деген сипаттағы мақалаларды көп оқимыз. Әлбетте, өз ісін сүйіп істеген уақытта ғана үлкен жетістікке жетуге болады. Нақты қандай қызығушылықтар арқылы ақша табуға болады, саралап көрейік.

Физикалық жаттығулар
Егер сіз йога, фитнес, төбелес шеберліктерімен, жүгіру, бодибилдинг немесе тағы басқа көптеген салауатты өмір салтын насихаттайтын бағыттармен шындап айналыссаңыз, түптің түбінде үлкен жетістіктерге жетесіз. Кейін кем дегенде нұсқаушы немесе бапкер бола аласыз, ал болашақта өз жаттығу амалдарыңызды сатып, ақша табуға, тіпті қызығушылығыңыз танымалдылыққа алып келуі де бек мүмкін.

Суретке түсіру
Әлбетте, суретке түсіру әркімнің қолынан келеді, алайда өте жақсы суретке түсіру үлкен шеберлікті талап етеді. Егер шығармашылықтың осы түріне икеміңіз бар болса, онда мамандығыңызға айналдыруға әбден болады. Жақсы фотоаппарат сатып алыңыз, суретке көп түсіріңіз, әрдайым ізденісте болыңыз, көп оқыңыз, суретке түсіруге арналған тренингтерге қатысып, суреттеріңізді фотобанктерде сатып көріңіз.

Музыка
Егер табиғат сізге тамаша есіту қабілет пен музыкаға деген шексіз махаббат сыйлап, бірақ тағдыр сізді зеріктіретін офиске отырғызып қойса, бұл әділетсіздікті жеңудің жолы бар. Бірден жұлдыздық мәнсапты армандамас бұрын, бәлкім гитара ойнаудан немесе вокалдан сабақ берерсіз, кейін әуесқойлардың концерттеріне қатысып, одан кейін бәлкім үлкен сахнаға да аз қадамдар қалар.

Сән
Біреуге таңғажайып көрінер, алайда күні бойы сән журналдарын парақтап, сән подиумдарындағы киімдерді талқылау сіздің жаңа мамандығыңыздың бастамасы болуы мүмкін. Егер талғамыңыз жоғары болса, соңғы сәндік тенденцияларды жақсы саралай алсаңыз, өзіңізді осы салада жақсы көрсете аламын десеңіз, алдыңызда зор мүмкіндіктер күтіп тұр.

Тамақ пісіру
Егер жақын аймақ адамдарына өзіңіздің ерекше бәліштеріңізбен танымал болсаңыз, ал туыстарыңыз бен таныстарыңыз бәлішіңіздің рецептері мен құпияларын сұрап қоймаса, бәлкім сіз осы салада қабілетті шығарсыз? Кішкентай асхана, не кафе ашып, тәуекелге бару керек шығар?

Блоггинг
Бұл қызығушылықты айналып өтуге болмайды. Интернетте белгісіз бір блоггер өз қызығушылығы үшін жазып жүріп, бір мезетте танымал болып, қыруар ақша тауып жүр екен деген оқиғалар жетерлік. Бұл көбіне асыра айтылған әңгімелер, шынымен табысты блоггер болу үшін көп ізденіп, көп оқып, қызықты етіп жаза білу керек. Көп күттірмей, табыс та артыңыздан іздеп келеді.


Саяхаттау
Көп шығынды талап ететін саяхаттау ісі де табыс әкеле алады екен. Саяхаттағанды бәрі жақсы көреді, алайда дұрыс саяхаттауды екінің бірі білмейді. Егер жарты әлемді шарлап шыққан саяхатшы болсаңыз, жаңадан бастап келе жатқан саяхатшыларға біліміңізді сатсаңыз болады. Яғни, турларды ұйымдастыруға, бағытты айқындауға, эксперттік кеңес беруге және т.б. – бұл саланың да қолданыс аймағы кең.

Сурет: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

1418 0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 21 қыркүйек 2012, 13:33
Пікірлер
+0
21 қыркүйек 2012, 14:24

Істеймін десең бәрі қолыңнан келеді екен соғғ\ан көзім жетті

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...