Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Университет туралы бір үзік сыр

Университет туралы бір үзік сыр

Университет туралы бір үзік сыр

Ортағасырларда университет деген атауды қоғамға ортақ қызығушылықтарды қорғау үшін құрылған кез келген топ немесе бірлестік иемдене беретін болған екен. Университет сөзінің латын тілінен аударғандағы мағынасы – жинақтық, ортақтық дегенді білдіреді.

Сондықтан білім беру мақсатында құрылған алғашқы университеттер мұғалімдер мен олардың шәкірттерінің өз құқықтарын қорғау мақсатында құрылған бірлестіктер ғана еді. Олардың тұрақты ғимараттары жоқ болғандықтан, мекемелерді жалға алып тұратын.

Уақыт өте келе, ол бірлестіктер қанатын кеңге жайып, арнайы ғимараттар салынды, өздерінің құқықтары мен жарғылары бекітіліп, тұрақты орда бола бастады. Бүгінде ең тұңғыш университет деген атақты иемденіп жүрген білім ордалары да жоқ емес.

Біз бұған дейін жер шарындағы ежелден келе жатқан және ең үздік университеттер туралы біршама әңгіме қозғаған болатынбыз. Күні бүгінге дейін халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан, 992 жылы мемлекеттік ЖОО есебінде іргесі қаланған «Кугчжагам» орталығы туралы ақпараттарымыз да есіңізде шығар.

Таяуда польшалық археологтарымыз сіз бен бізді таң қалдырды. Өздерінің Египет жерінде жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде, 13 дәріс залы бар ғимаратты тапты. Олардың айтуынша, бұл – жер бетіндегі ең тұңғыш университеттің қалдығы. Табылған дәрісханалардың көлемі бірдей және дөңгелек орындықтар амфитеатр іспеттес етіп орналастырылған. Бұдан өзге лекторға арналған арнайы орындар да болған көрінеді.

Аталған олжа – Александрия университетінің шын мәнінде бар болғандығын дәлелдейтін айғақ. Өйткені, Александрия хақындағы деректер бұған дейін тек тарихи жазбалар түрінде ғана көрсетіліп келген.

Ғалымдар жасаған тұжырымға сенсек, бұл оқу ғимараты – б.з.V ғасырда ұйымдастырылып, VІІ ғасырларға дейін жұмыстарын жалғастырған.

Табылған 13 дәріс залына бір мезгілде 5 мың студенттің сыйып кету мүмкіндігі болған көрінеді.

Қалай болғанда да, табылған ғимарат - барлығымыз үшін таптырмас олжа болып табылады. Жер қойнауында жатқан біз біле бермейтін әлі де қаншама оқу ғимараттары бар десеңізші?

Суреттер:samogo.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

12709 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 27 тамыз 2012, 15:40
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...