Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Мектеп - кеме...

Мектеп - кеме...

Адамзат баласы "өмір" атты өзенде жүзу үшін, ең алдымен "мектеп" атты кемеге отырады. Ол кемеге небір дарынды тұлғалар да, әлемді бас идірген толағайлар да отырды, сіз де отырдыңыз, біз де отырдық. Ал сіз талайға білім нәрін сепкен сол ұлы кемелердің қашан, қалай, қайдан бастау алғандығын білесіз бе? Жауабын бірге іздеп көрейік!

Белгілі бір қоғамда тобыр болып өмір сүру – адамзат қауымында ежелден қалыптасқан қағида. Әрбір топ, әрбір тайпа асқақ мақсат пен адал армандарына бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып ұмтылған.

Тайпа мен оның құндылықтарын сақтау және болашақ атты ұлы кемені өздері жүргізе алу үшін үлкендерге өз балаларын көп нәрсеге үйрету қажет болды. Ал буыны қатаймаған жасөспірімдерге ата-бабалары аманат еткен салт-дәстүр мен еңбекті сақтау мақсатында білімдерін жетілдіру маңызды еді. Сондықтан «мектеп» деген асқақ ұғымнан бұрын «білім алу» идеясы дүниеге келген.

Күнделікті отбасындағы тәлім-тәрбие бұл олқылықтың орнын толтыра алмағандықтан, жаңа жүйе ойлап табылды. Ол – мектеп еді.

Тарих беттерін қанша рет ақтарсақ та, ең алғашқы мектептің қашан пайда болғандығын анықтай алмаймыз. Біздің бір білетініміз, осыдан бес немесе алты мың жыл бұрын Египетте, сондай-ақ Қытайда және тағы бірнеше мемлекеттерде мектептер болған. Грек және Рим мектептері – бүгінгі заманауи мектептер мен колледждердің ең негізгі бастаулары болып табылады.

Бастапқы кезеңдегі білім беру жүйесі бойынша, бір ұстаз бір ғана шәкіртті оқытатын болған. Ділмарлар мен философтар шәкірттеріне физика, математика, биология саласындағы жаңалықтарды жеткізу үшін бүгінгідей сыныптарда оқытпай, әр түрлі мекендерге саяхатқа шығаратын болған екен.

Әлемдегі ең тұңғыш ұстаз – грек философы Платон тұңғыш рет "академия" деп аталатын білім ордасын ұйымдастырған. Сондықтан да, Платонның ағарту саласында есімі ерекше аталады. Академияның білім беру уақыты 3-4 жылға созылған көрінеді.

Ежелгі мектептер жауынгерлер шынығатын немесе шерулер өткізетін ашық алаңдарда орналастырылған. Бұл алаңқайлардың атауы – гимназиялар еді. Кейіннен атақты Аристотель өз мектебін құрып, оған "лицей" деген атау береді.

Бір қызығы қаншама ғасыр өтсе де, Аристотель мен Платон таққан атаулар өз қалпында сақталып келеді: мектепті Германияда – гимназия, Францияда – лицей, Шотландияда – академия деп атайды. Мұндай атаулар өз елімізде де қолданылады.

Жоғарыда аталған алғашқы мектептердегі сабақтар ауызша өткізілетін болған. Шамамен б.з.д. 250 жылдары ежелгі гректер оқушыларды грамматикаға оқыту керектігін түсініп, жаңа жүйені қолға алады. Уақыт өте келе, Римдіктер египеттіктердің өзгертулерін қолдап, өздері де сол жүйені қабылдайды.

Ол кездегі оқушылар мен бүгінгінің оқушыларының ешбір айырмашылықтары жоқ десе де болады: олар да біз секілді таңертең ерте тұруға қиналатын, тапсырмаларды орындауда ерінетін, мектеп заңдарына бағынатын. Ең сорақысы, жалқаубектер мен тіл алмайтындарды шыбықпен соғатын болған.

ХVIII ғасырда ағарту жүйесі әлемде толықтай қолдау тапты. Адамдар білімнің адам мен қоғамды өзгерте алатын құдіретке ие екендігін мойындап, әрбір ата-ана өз перзенттерін «мектеп» кемесіне отырғызатын болды.

Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде тарыдай бөбекті қабылдап, таудай тұлға тәрбиелеп шығаратын білім ордалары бірінен соң бірі бой көтеріп келеді.

Ал сіз өз мектебіңіз туралы не айта аласыз?

Суреттер:ubova-poliana.narod.ru,mek-gim.ucoz.kz,million-questions.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

46233 2
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 27 тамыз 2012, 11:24
Пікірлер
+0
27 тамыз 2012, 12:04

Менің мектебім үш қабатты. Құмды ауылдың қарапайым мектебі бала кезімізде зәулім болып көрінер еді...

+0
27 тамыз 2012, 13:58

Менің мектебім екі қабатты еді, сіздіңкіндей мен үшін әлемдегі ең биік ғимарат сол болып көрінетін, ең тәтті кездерім соның қабырғасында өтті)))белсенді болғандықтан азанда барғаннан кеш батқанда бір-ақ қайтатынмын. папамнан талай ұрыс естуші едім :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Цифрлы журналистика
Цифрлы журналистика

Технологиялардың дамуы журналистикаға да жаңа серпін әкелді...

ҰБТның алаңдатар сұрақтары
ҰБТның алаңдатар сұрақтары

Гранттан айырылып қалмау үшін нені ескеру керек? Шығармашылық емтихан туралы

Автор: Диана Рахым

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...