Кәдімгі ноутбукке арналған ерекше қаптар

Кәдімгі ноутбукке арналған ерекше қаптар

Бәріміз бір нәрсені әйтеуір елден ерекше қылып ұстауға, киюге тырысамыз. Әсіресе, қыздар жағы біреудің үстінен дәл өзінікіндей көйлек көрсе, екінші рет кигісі келмейді. Дегенмен, бұл жағынан бізден ұлдар да қалыспайды. Күнде ұстап жүрген ноутбугіміз бәрінікімен бірдей болса да, оның қабын қолдан ерекше қылып жасауға болады. Ол үшін сізге алдымен ниет, сосын қапты жасайтын материал, тігін машинасы, түрлі түйме, сырмалар қажет болады.

1-үлгі

Мына үлгіні қолдан жасау үшін кәдімгі мата, қағаз, былғары секілді материалдар қолданылады. Қолөнермен аз да болса айналыссаңыз, ерекше қапты өзіңіз жасай аласыз. 

2-үлгі

Ерлер үшін матадан тігілген кәдімгі әрі ерекше мына қап ұсынылады. 

3-үлгі 

Тоқи алатын қыздар үшін мынадай қап жасап шығару түк те қиын емес. 

Бұны кез келген жіптен тоқуға болады. 

4-үлгі

Қаптың қай-қайсысында да мынадай ыңғайлы тұтқасы болғаны дұрыс. 

5- үлгі

Мына әдемі қапты тігу үшін мата мен екі түйме болса болғаны. 

Сізге қай қап ұнады, қайсысын таңдар едіңіз?

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: inter-esy.ru, vk.com, moikompas.ru

М. Оңғарова