Бас киімдер қалай өмірге келді?

Бас киімдер қалай өмірге келді?

Алғашында адамдар бас киімді жауыннан, қардан қорғану үшін және бастан күн өтіп кетпес үшін киген. Солтүстіктегі халық бас киімдерді жылы болу үшін былғарыдан жасаған. Ал оңтүстіктегілер бұл киім түрін қамыстан не сабаннан жасап киген.

Содан соң адамдар әсекери шлемдер ойлап тапты. Бірақ оны әркім өз қалауынша киді: бірі әкери мақсатпен, ал бірі әскери шлемдерді күнделікті киім түрі деп санады. Басты оқ пен жарылыстардан аман сақтап тұруы үшін ондай бас киімдер металдан жасалған. Кейбір алғашқы тайпалар бұл бас киім түрін дұшпанды имендіретін киім ретінде қабылдады. Әскери шлемді киген адам қарсыласын оңай қорқытады деп түсінді.

Уақыт өте келе әр елде өз дәстүріне сай бас киімнің өз сәні пайда бола бастады. Мысалы, тақия немесе жолақсыз кепеш. Тақия – көбіне түркі халықтарына ортақ бас киім түрі.

Ал жолақсыз кепеш – Батыс Азияға аса танымал бис киім.

Сонымен қатар, арабтар әр түрлі сәнмен әсемделген сәлде ойлап тапты.

5 немесе 6 жүзжылдықтан кейін ғана адамдар бас киімдердің жасалуына аса көңіл аудара бастады. Алғашында бас киімдерді қой жүнінен жасай бастады. Одан кейінгі жылдарда бас киім жасау үшін құндыз жүні пайдаланылып, кәмшат жүнінен қалпақтар өмірге келді. Уақыт өте келе бас киімдерді қарапайым адамдар да басынан тастамайтын болды. Ал жалпақ көлемді қалпақтарды джентельмендер киіп алатын. Қарапайым ғана қалпақтар кей-кейде діни және саяси қайраткерлердің де басынан жиі көріне бастады.

Көптеген бас киімдердің аты сол үлгіні жасап шығарып, алғаш киіп шыққан адамның құрметіне қойылған (Мысалы, боливар) немесе сол киім үлгісінің қай жерде киілетініне байланысты аталған (Хомбург). Ал қарапайым панама бас киімі 300 жыл бұрын Панамада өмірге келген.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: luxlux.net, konan.3dn.ru, huanysh.wordpress.com, cs2.livemaster.ru, club.osinka.ru

А. Әбілхан