Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Әлем танитын таңбалар (1-бөлім)

Әлем танитын таңбалар (1-бөлім)

Әлем танитын таңбалар (1-бөлім)

Адамзат баласы бағзы замандардан бері ақпараттар ауқымын, заттарды, оқиғаларды оңайырақ қабылдау және есте сақтау үшін оларды белгілі бір таңбамен байланыстырып келген. Әрбір елеулі оқиғаның, әрбір ірі ұйымдардың, әрбір саланың өзіне тән логотипі, өзіне тән танымбелгісі бар. Мәселен медицина саласы дегенде, көз алдыңызға тостағанға оралған жылан бейнесі келері сөзсіз. Олай болса, бүгін біз сіздермен күллі әлем танитын ең әйгілі нышандар туралы сөз қозғайтын боламыз. Оларды сіздің де жазбай танитыныңызға күмәніміз жоқ, дегенмен, бұл таңбалардың қашан, қалай, қайдан шыққандығын біле жүргеніңіз абзал.

Жүрекше

Деректерге сүйенсек, таңба ежелгі Рим жерінде пайда болған және римдік ақсүйектер жүрекшелерді өз сүйгендеріне жіберіп отырған көрінеді. Уақыт өте келе, жүрек Әулие Валентин мерекесінің негізгі рәмізіне айналып кетті. Сондай-ақ, аталған таңба компьютер ойындарында - өмірдің нышаны ретінде танылған. Тарихы қандай болмасын, қазіргі таңда жүрекше – ең көп қолданысқа ие әрі ең танымал белгі саналады. Өйткені, ол – Жер бетіндегі ең күшті, ең таза, ең қасиетті махаббат атты сезімнің нышаны!

"Жайдарлы" Роджер

Қара түсті фонға орналастырылған айқасқан жілік сүйектері және жоғары жағында бас сүйек салынған сурет. Қайдан көргеніңіз есіңізге түсті ме? Әрине! Осы бір теңіз қарақшысының жалауын кім білмейді дейсіз? Сонау ХVII-XVIII ғасырларда осындай жалаулар қарапайым теңізшілердің үрейін туғызу мақсатында теңіз қарақшыларының кемелеріне ілінетін болған. Кейіннен бұл таңба жоғары қуатты тоқтың, удың, бір сөзбен айтқанда, қауіптің нышанына айналып кетті. Ал өздерінің «жайдары» туларын көтеріп жүретін теңіз қарақшылары – бүгінде ең танымал мультфильмдер мен, сүйікті кітаптарымыздың, фильмдеріміздің қаһармандары болып табылады.

 Айқұлақ

Бұл таңба - өркениеттің дамуынан тыс қалған мекендерде ғана танымал емес, әйтпесе, айқұлақтың не екенін сіз де білесіз, біз де білеміз. О баста айқұлақ баспахана нышаны ретінде танылса, Еуропа елдерінде (Испания, Португалия, Франция) салмақ өлшемін білдіретін болған. Бірақ, аталған таңбаның қазіргі мағынасы – элекрондық поштаны қолданушының аты мен доменді айырып тұратын белгі. Айқұлақ – бүкіләлемдік тордың нышанына айналып кетті деп батыл түрде айта аламыз. Еуропада осы таңбаға байланысты «жақын маңда ғаламтор бар» дегенді білдіретін жол белгісі де ойлап табылып үлгеріпті.

Инь-ян


Инь-ян – шығыс халықтарында кеңінен танылған, үйлесімділік нышаны. Ежелгі қытай медицинасы мен филоофиясы бойынша, белсенді Инь және Ян - әлемнің бастауында тұрған мәндер. Инь және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты әрі олардың дамуын нұсқайды. Белсенділік көбіне жігерлі Янға тән болады да, сабырлы Инь енжарлық танытып отырады. Демек, таңбаның мағынасы - бірлік пен қарама-қайшылықтар үшін күрес дегенді білдіреді және осы философиялық ойды бүгінде әлем мойындап отыр.

                                                                                                                             Жалғасы бар...

Суреттер:waking-up.org,sunhome.ru,samogo.net,ru.123rf.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева 

4878 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 06 тамыз 2012, 15:18
Пікірлер
+0
06 тамыз 2012, 16:27

Шығу тарихын біліп жүретін болдым

+0
07 тамыз 2012, 14:06

Пираттардын белгисин неге Роджер деп атаган?соны билмедик кой?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...