Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Тоғыз жыл иесін күткен ит

Тоғыз жыл иесін күткен ит

Тоғыз жыл иесін күткен ит

Қағаз толы қара сөмкесін алып қарт профессор қалаға қарай бағыт алып кетіп бара жатыр. Қасында көлеңкесімен бірге еріп жүрген бір ит бар. Әлгі ит Сибуя бекетіне келген соң иесінің артынан қарап тұрып үйіне қайтатын. Содан түсте сағат 3-4-тің шамасында бекет маңына қайта келіп тұратын. Бұл осы бір иттің бір жыл бойына айналған әдеті тұғын. Алайда, бір жолы иесі күткен уақытында келмей қалды...

1925 жылдың 21 мамырында қарт профессордың университетте жүрек талмасы ұстап, ойламаған жерден қайтыс болады....Оны иті қайдан білсін. Соңғы үмітін үзбей күн сайын иесін шығарып салатын бекетте түн шамасына дейін күтіп жүрді. Бірақ, иесі сол күйі келмей кетті. Содан не керек тоғыз жыл бойына келіп-кетіп жүріп, бір күні өзі де жоғалып тыңды. Бекетке жақын жерден өлігі табылыпты. 

Аталған иттің аты "Хатико" болатын. 1934 жылы 21 сәуірде көзі тірісінде өз ескерткішінің ашылу салтанатына қатысқан екен...

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде металлға деген қажеттіліктен ескерткіш бұзылған. Алайда, Жапония халқы Хатиконы ұмытып кеткен емес. 1948 жылы қайтап қалпына келтіріпті. Бүгінгі таңда Сибуя бекетіндегі ескерткіш ғашықтардың тұрақты кездесетін орнына айналып үлгерген. Және "Хатико" деген аттың өзі шексіз махаббат пен адалдықтың тұрақты жыршысына айналғандай...

Сурет:categoryb.blog.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

14
Рейтинг: +7

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 09 шілде 2012, 13:41

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.