Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Солақайлар туралы 13 қызықты факті

Солақайлар туралы 13 қызықты факті

Солақайлар туралы 13 қызықты факті

Ардақты Массагеттің оқырмандарына солақайлар туралы кейбір қызықты фактілерді ұсынамыз:

  • Әлемдегі халықтың шамамен 10-12 пайызы солақайлар. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, әйел адамдардан гөрі жігіттер қауымы көп жағдайда солақай болып келеді екен.
  • Халықаралық "Солақайлар күні" реми түрде 13 тамызға бекітілген. Бұл күнді белгілеу туралы шешім 1992 жылы қабылданған.
  • Солақайлық әр кезеңдерде әр түрлі бағаланып келген. Кейбір халықтар бұл қасиетті әдет ретінде түсінсе, бір халық жынның белгісі ретінде қабылдаған.
  • Нью-Йорктегі Сэйнт Лоуренс универститеті ғалымдарының зерттеуінің нәтижесі бойынша ақылдылық коэффициенті солақайларда жоғарырақ болады екен. Мәселен, Альберт Эйнштейн, Исаак Ньютон, Чарльз Дарвин және Бенжамин Франклин солақай адамдар болған.
  • 40-тан асқан әйелдің баласының солақай болып туылу ықтималдылығы өте жоғары болады.
  • Эскимостар солақай адамды сиқырға икемі бар адам деп біледі. Мароккода солақайларды  s’ga, яғни, жын деп атайды. Солтүстік америкалықтар солақайларды жолы ашық адам ретінде бағалайды.
  • Адам баласының 90 пайызы оңақай болса да, жан-жануарларда бұл икем тең бөлінген.
  • Ғалымдардың айтуынша, солақайлар математика, архитектура секілді кеңістікке байланысты ғылымдарға икемдірек болады.
  • Солақайлық ұрпаққа қанмен беріле береді.
  • Солақай жандардың миының оң және сол бөліктерінің байланысы өте сапалы. Осының әсерінен олар тез ойлайтын, тез шешім қабылдайтын болып келеді.
  • Әлемдегі 1 пайыз адам ғана екі қолымен бірдей икемде жұмыс істей береді.
  • Сәбиді етпетімен жатқызғанда оңақайлар басын оңға бұрып жатса, солақайлар керісінше істейді немесе сол күйі жата береді екен.
  • Әлемге әйгілі болған солақайлардың арасында  Пол Маккартни, Билл Гейтс, Фидель Кастро, Генри Форд, Чарли Чаплин, Александр Великий, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Льюис Кэрролл, Юлий Цезарь, Моцарт, Бетховен, Ницше, Марк Твен , Прокофьев, Гете, Кафка секілді планета мақтаныштары бар.

 

Дайындаған: Ғани Тұрғымбеков

сурет: portal-i.ru

15642 16
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 10 маусым 2012, 17:17
Пікірлер
+0
10 маусым 2012, 21:46

солақай балаларды күштеп оң қолға үйретуге болмайды деп естігем, нерв жүйесіне зиян келеді*мыс

+0
11 маусым 2012, 01:39

Ал онқайларды неге СОЛ қолға үйретпейді соны тусінбейм)))

+0
11 маусым 2012, 09:05

оң қолдылардан атақты ешкім қалмады ғой)

+0
11 маусым 2012, 09:09

Тізімге Нұрғиса Тілендиев пен Мұрагер Сауранбаевты қосар едім

+0
12 маусым 2012, 20:26

қалган атақты адамдардың барлыгы оңақай

+0
11 маусым 2012, 09:39

түйме тағу жағынан проблема туындайды екен кейбіреулерінде. Басқа шаруаларға икемі бар адамның түймені таға алмай жатуы қызық екен. Бір таныс жігіт солай қиналыңқырап қалады

+0
11 маусым 2012, 11:57

"реми түрде" - "с" әрпі қалып кетіпті. Түзеп, менің пікірімді өшіріңіздер

+0
11 маусым 2012, 11:58

"Мароккода солақайларды s’ga, яғни, жын деп атайды" :D "АААААА s’ga" десек болады екен ғой оларды :)

+0
12 маусым 2012, 18:50

Фактілердің тура 13 болуында да бір гәп бар сияқты^_^'

+0
11 маусым 2012, 11:59

"оңақай" емес, "оңқай" деп менің пікірімді өшірсеңіздер...

+0
11 маусым 2012, 12:00

Ғани, оңақай лібә! :lol: :lol: :lol:

+0
11 маусым 2012, 12:38

менде солақаймын ;)

+0
12 маусым 2012, 18:47

Ғани, бауырым, өзің де солақайсың-ау сірә, материалыңнан ерекше мақтаныш лебі сезіледі^__^

+1
21 тамыз 2015, 21:58

Жазған жазуыңызға ие болыңыз өзінің жазған не бəле келең қате қате ұяалмайсыз ба? Тіл тегізбей отырыңыз жайыңызға қарап

+0
16 ақпан 2014, 15:35

мен солакаймын ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Хандардың ойыны
Хандардың ойыны

қазақтың ұлттық ойындар қатары толығып жатыр

Автор: Ұлжан Лайық
Гарри Поттер кітабы туралы...
Гарри Поттер кітабы туралы...

Сіз білмеген қызықты мәліметтер

Əлеуметтік желі...
Əлеуметтік желі...

Виртуалды өмір...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...