Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Қасқырлар туралы қызықты деректер

Қасқырлар туралы қызықты деректер

Қасқырлар туралы қызықты деректер

Жігіттер қауымының көпшілігі қасқырлар туралы жазбаларды сүйіп оқитындығын білеміз. Қасқырдың өжеттігі мен батылдығы ерлерді қызықтыратыны хақ. Осыны ескеріп, массагеттіктерге осы сүтқоректілер туралы қызықты деген ақпараттарды ұсынамыз.

  • Ауа-райы жайлы болса, қасқырлар орман ішінде 9 км жердегі дыбысты ести алады. Ал ашық далада 16 км қашықтықтағы дыбысты құлағы сезеді.
  • Қасқырдың ежелгі суреттері Еуропаның оңтүстігіндегі үңгірлерден табылған. Суреттердің жасы - 20 000 жыл.
  • Қасқырды үй күзетуге мәжбүрлеу мүмкін емес. Себебі олар таныс емес тіршілк иесінен қорқып, жасырынып жүретін болады.
  • Қасқыр 200 миллион иісті сезеді. Адам 5 млн-ге жуық иісті ажырата алатындығын айта кетелік. 
  • Қасқырлар тірі жануардың иісін 1,5 шақырымнан анық сезе алады.
  • Қасқырдың бөлтірігінің көздері жаңа туған кезде көк түсті болады. Тек 8 айдан соң ғана көздері сарғыш тартады.
  • Қасқыр күшіктерін 65 күнде туады. Бөлтіріктер соқыр, саңырау болып туылады. Ал салмағы небары жарты килограмм болады.
  • Ежелгі замандарда жер бетіндегі ең көп таралған жыртқыш сүтқоректі осы қасқырлар болатын. Олар шөл далалар мен тропикалық ормандарды мекен етті.
  • Қасқырдың жағы өте күшті болады. Тістеген жерінің 1 шаршы сантиметріне шамамен 300 кг күш түседі. Салыстыру үшін айтсақ, иттерде бұл көрсеткіш 150 кг.
  • 1600 жылы солтүстік Америкада қасқырлардың саны 2 миллион болған еді. Қазіргі таңда олардың саны бар-жоғы 65 000.
  • Аш қасқыр бір жегенде 10 кг ет жей алады. Салыстыру үшін айтсақ, бұл 100 гамбургермен пара-пар.
  • Қасқырлар осыдан 35 миллион жыл бұрын өмір сүрген «Mesocyon» атты жануардан пайда болған. Бұл жануарлардың аяқтары қысқа, кеуделері ұзын еді.
  • Қасқырлар бір жүзгенде, 13 километрге дейін шаршамай жүзе алады.
  • 1883-1918 жылдар аралығында АҚШ-тағы Монтано штатының өзінде 80 мың қасқыр атылды.
  • Қасқырлар 2 минут бойы 32 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады. Ал қауіп сезінген жағдайда, 56 км/сағ жылдамдықты да бағындыра алады. 

Жалғасы бар...

сурет: sunhome.ru

31577 0
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 04 мамыр 2012, 16:53
Пікірлер
+0
04 мамыр 2012, 17:07

қасқырдан қорқам )

+0
04 мамыр 2012, 17:08

"...2 минут бойы 32 км/сағ жылдамдықпен, қауіп сезінген жағдайда, 56 км/сағ жылдамдықты да бағындыра алады" мен қасқыр көрсем бұдан да тез жүгіретін шығармын)))))))) "9 км жердегі дыбысты ести" осы қасиетін маған да берсе ғой)))))

+0
05 мамыр 2012, 13:32

әдемі

+0
05 мамыр 2012, 17:58

мен қасқырларды жақсы көремін ;)

+0
08 шілде 2012, 16:26

massagetter kizik eken ejelgi xaliktar ma :o

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...