Күн туралы қызықты деректер

Күн туралы қызықты деректер

Назарларыңызға төбемізде жарқырап тұрған күн туралы кейбір қызықты деректерді ұсынамыз:

1. Көзімізге күн сары секілді болып көрінгенімен, шындығында олай емес. Күннің түсі - ақ. Атмосфераның әсерінен ғана бізде күннің түсі сары болып көрінеді.

2. Күн - галактикамыздағы ең жарық жұлдыз ба? Жоқ, олай емес. Галактикамыздағы 15% жұлдыз күннен де жарық.

3. Барлығымыз галактикадағы барлық планеталар күнді айналып жүр, ал күн бір орында тапжылмай тұр деп ойлаймыз. Шындығында күннің өзі Құс жолы галактикасының ортасын айналу үстінде. Толық айналым уақыты - 225-250 миллион жыл.

4. Күн жер бетіндегі атом реакторы іспетті. Оның энергиясы сутегі мен гелийдің термоядролық синтезі әсерінен пайда болады.

5. Күннің сыртқы бетінің температурасы Кельвин шкаласы бойынша, 1 миллион градус болса, ішкі температурасы бар-жоғы 6 000 К.

6. Күннен шығатын ультрафиолет сәулелері антисептик болып табылады. Яғни, бұл сәуле түрлі инфекция тудыратын микроорганизмдерді өлтіреді.

7. Біз қолданып жүрген 24 сағаттық уақыт режимі ежелгі мысырлықтардың тарихынан алынған. Аңыз бойынша, күн құдайы Ра тәуліктің 12 сағатын жерде, 12 сағатын аспанда өткізетін болған.

8.  Ғалымдардың айтуынша, күн 4-5 миллиард жылдан кейін, жоқ болады. Күн алдымен ұлғайып, қасындағы планеталардағы барлық тіршілікті жойылады. Содан соң, бірте-бірте сөне бастайды-мыс.

сурет: donbass.ua