Әлемдік бизнеске қатысты 17 қызықты дерек

Әлемдік бизнеске қатысты 17 қызықты дерек

Алдарыңызда әлемдік бизнеске қатысты қызықты деректер. Сонымен...

1. Бүгінде Amazon компаниясы секундына 158 тауар сатады.

2. Bentley, Bugatti, Lamborghini, Audi, Ducati және Porsche Volkswagen компаниясының иелігіне жатады.

3. 1997 жылы Yahoo Google-дің $1 миллиондық сатып алу ұсынысынан бас тартқан болатын. Ал Google бүгін $250 миллиард тұрады.

4. 92% поп ән құмарлық сезімге байланысты айтылады.

5. Facebook-тегі “face”, “book”, “wall”, “poke” және “like" секілді сөздер сауда-саттық маркасы ретінде қолданылған.

6. Lego компаниясы жер бетіндегі адамдардың әрбірі үшін 50-ден аса бөлшек жасап шығарған екен.

7. «Gangnam Style» – Youtube-те ең көп қаралған видео болып отыр. Дәл бүгінмен санасақ, 1 872 607 328 (бір миллиард сегіз жүз жетпіс екі миллион алты жүз жеті мың үш жүз жиырма сегіз) мәрте қаралған. Соның ішінде бұл әнді 8 065 507 адам ұнатса, 961 662 адамның көңілінен шықпаған.

8. McDonald's 2010 жылы 155 қызметкерін артылған тамақты қаңғыбастарға үйлестіргені үшін жұмыстан қуды.

9. Стив Джобс «Ойыншық тарихы» мултьфильмінің атқарушы продюсері болған.

10. Facebook-тегі 25 миллион аккаунт бүгінде өлген адамдарға тиесілі.

11. Финляндияда жүргізушілердің жылдамдық арттыру айыппұлы жылдық есеппен анықталады. Қай бір жылы бір еркекке $200,000 көлемінде айыппұл келген екен.

12. Louis Vuitton (француз сән үйі) дисконт түрінде сатып алынбайды. Компания сатылмаған тауарларды жәй ғана өртеп жібереді.

13. Лео Фендер Fender гитарасын жасап шығарған. Бірақ өзі мүлде гитарада ойнай алмаған.

14. «Қара жұмада» жойылған қаражатқа әлемдегі аш балаларды екі жыл тамақтандыруға болады.

15. Билл Гейтс әр секунд сайын $250 табыс табады.

16. Джон Рокфеллер - бүгінгі таңдағы әлемдегі ең бай адамнан 4-5 есе бай адам.

17. Кубик Рубик бүгінгі күнге дейін ең көп сатылымды тауар болып келеді. Екінші орында – iPhone.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: iinsider.biz

Ш. Талап