Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Төлем картасын талап етпейтін банкомат

Төлем картасын талап етпейтін банкомат

Төлем картасын талап етпейтін банкомат

Заманауи электронды-техникалық құрылғылардың түр-түрі күн санап өсуде. Электронды "миы" бар құрылғылардың басты мақсаты - адам баласының түрлі қажеттіліктерін қанағаттандырып, өмірін мейлінше жеңілдету. Осындай күнделікті пайдаланып жүрген құрылғылардың қатарына төлемдерді қабылдайтын терминалдар, таксофондар мен қаражатты енгізіп беру (cash in) банкоматтарын жатқызуға болады. Байқағаныңыздай, бүгінгі әңгімеміз соңғы техникалық құрылғы жайлы болмақ.

Көбіміз пластикалық төлем карталарды әмиянымызға, не болмаса, қалтамызға салып алып, жөнімізбен жүре береміз. Ал ол қалтамыздан түсіп қалса, не болмаса, қоғамдық көлікте әмиянымызды ұрлатып алсақ, оны қалпына келтіру жұмыстарымен бірнеше күн бойы банктың табалдырығын аттап, аяқ-киімімізді тоздыратынымыз айдан анық. Бұндай келеңсіз жайттарға дүниежүзінде мыңдаған адам тап болады. Таң қалатындай жағдай емес, бірақ келешекте пластикалық төлем карталармен жұмыс істейтін банкоматтар туралы ұмытатын мүмкіндік бар. 

Жапонияның заманауи техника мен өнеркәсіп салалары жақсы дамығаны туралы айтпасақ та белгілі. Жапонияның орталығында орналасқан аймақтық банкке тиісті банкомат жүйесі клиенттің алақанын сканерлеп, алған ақпарат негізінде қаражатпен байланысты операциялардың барлық түрлерімен қамтамасыз ететін елдегі алғашқы қаржы мекемесі болмақ. Осы жылдың қыркүйек айына дейін Ogaki Kyoritsu Bank қаржы институты "миы" бар биометриялық банкомат аппараттарының 12 данасын орнатпақ. Компьютерлік құрылғыларды өндіретін аты әйгілі  Fujitsu компаниясы ойлап тапқан ақша беру жүйесі қолданушыны алақанынан, PIN-кілт сөзінен және туған күн датасынан танып, қаржы операциялардың түр-түрімен қамтамасыз етеді. Пластикалық төлем карталары мен жинақы кітапшаларды талап етпейтін ақша беру жүйелеріне деген сұраныс елде болған бірнеше үлкен жер сілкіністерінен кейін қарқынмен өскен. Табиғи апаттың нәтижесінде, халықтың көбі жеке басты куәландыратын құжаттар мен банк карталарын жоғалтып алып, үйсіз-күйсіз қалып, банктегі ақшалай жинақтарына қол жеткізе алмады. Сарапшылар жақын арада дүниежүзінің түкпір-түкпірін осыған ұқсас банкоматтар қаптап кететініне еш күмән келтірмей отыр.

Жоғарыда айтылған Qgaki Kyoritsu Banк дүниежүзіндегі биометриялық банкоматтарды қолданысқа енгізген екінші банк болып табылады. Электронды "миы" бар биометриялық банкоматтарды Ziraat Bank түрік қаржы институты қолданысқа енгізді.

Сурет:hi-news.ru

2598 5
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 16 сәуір 2012, 15:40
Пікірлер
+0
16 сәуір 2012, 16:02

мәссаған :roll:

+0
16 сәуір 2012, 17:23

бізге де керек осындайлар

+0
16 сәуір 2012, 20:05

о күшті

+0
18 сәуір 2012, 20:13

бізге қашан келеді екен :roll:

+0
18 сәуір 2012, 23:35

Мәә қызық, естімеген елде көп. Банкоматта емес алақанымызда ақша тұратындай болды ғо :lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...