Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / "Голливуд" cөзі - жарнама

"Голливуд" cөзі - жарнама

Теледидарды қоссақ, жарнама, жаңалық оқиық деп газеттерді парақтасақ, жарнама. Оңға қарасақ, жарнама, солға бұрылсақ, жарнама.  Тіпті, ойын-сауық орталықтардың дәретханаларында да жарнаманың түр-түрі самсап тұрады. Иә, жарнамасыз еш іс, бизнес өркендемейді. Онсыз тауарың, қызметің жүрмейді. Ғаламтордың шексіз сайттарын ақтарып отырып, жарнама жайлы қызықты деректерге тап болдық. 

Жарнама ежелгі Римде пайда болған деген сыбыс бар. Рим әкімшілігі жарнамалардың түр-түрін жою үшін арнайы адамдарды жұмылдырып, оларды қабырғалардан жұлып, көзін жоятын. Мал сату, құлдарды жалға беру, гладиаторлар шайқасы жайлы жаңалықтар ежелгі Рим көшелерін қаптап кеткен болатын. Бұған қоса, ежелгі Грекияда заңды тұлғаларды жарнамалау кәсіпке айналған. 

Қазіргі таңда барлық кино туындылар жасырын жарнамаға толы болады. Онсыз пайда әкелетін кино түсіру мүмкін емес. Бірақ, атақты режиссер Квентин Тарантино өз киноларында жасырын жарнамаларды пайдаланбайды. Тарантиноның кино туындыларында барлық әртістер сатылымда жоқ "Red Apple" атты темекі шегеді.

Бастапқыда таудың бөктеріне үлкен әріппен жазылған HOLLYWOODLAND сөзі 1923 жылы Лос-Анжелесте тұрғызылған жаңа тұрғын үй ауданының жарнамасы еді. Және де оны 1,5 жылдан кейін алып тастаймыз деген шешім қабылдағанымен, тек соңғы төрт әріп демонтаждалған болатын. Ал бүгінде HOLLYWOOD сөзі жұлдыздар фабрикасының айқын жарнамасына айналып кетті.

Сурет: savvy-cafe.com

2910 11
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 04 сәуір 2012, 19:01
Пікірлер
+0
04 сәуір 2012, 21:33

жасырын жарнама барлық жерде бар ғо

+0
04 сәуір 2012, 21:38

Нағыз жарнама

+0
04 сәуір 2012, 23:52

Ал Болливуд ше?

+0
05 сәуір 2012, 09:12

голливудқа қарап істей салған ғо, өздерінде фантазия жоқ

+0
05 сәуір 2012, 09:40

Голый бұт деп естілед :lol:

+0
05 сәуір 2012, 14:09

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
05 сәуір 2012, 14:10

Осы массагетте жарнама жоқ да :?:

+0
05 сәуір 2012, 15:54

өй ондай жарнама ОҚО, Қазығұрт тауындының бөктерінде де ҚАЗЫҒҰРТ деген жазу бар... 1 км жүрсең Қазы мен құрт сататын жер бар...))

+0
31 шілде 2012, 13:55

жаңа тұрғын үйдің атауы әлемге танылады деп кім ойлаған? :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...