Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / "Бөгдепланеталықтың" құпиясы ашылды

"Бөгдепланеталықтың" құпиясы ашылды

Осы бір 15 сантиметрлік "бөгдепланеталық" табылғалы 10 жыл өткен соң, Стэнфорд университетінің ғалымдары "Бұл қаңқа – тірі кезінде адам болған" деген сенсациялық мәлімдеме жасады. 

Кішкене ғана гуманоид Чилидегі Атакама шөлінен осыдан 10 жыл бұрын табылған болатын. Табылған соң, әлем ғалымдары арасында үлкен дау тудырып, бір ғалымдар бұл жетілмей қалған адам не маймыл болуы мүмкін деп даурықса, келесі біреулері Жерге қонарда, апатқа ұшыраған бөгдепланеталық деп болжаған еді.


Чили газеттері жарыса жазғандай, қаңқаны Оскар Муньос есімді адам 2003 жылдың 19 қазанында тауып алған екен. Ол Ла Нория атты Атакама шөліндегі "елестер қаласынан" тарихи жәдігер іздеп жүрген. Кенет қараусыз қалған шіркеудің жанынан ақ матаны көзі шалады. Матаны ашып қалса, ішінде 15 сантиметрлік өзгеше қаңқа жатқан. 

Атакама гуманоидына Стэнфорд университетінің ғалымдары 6 айдан аса асқан ұқыптылықпен зерттеу жасады. Ол ғалымдар үшін үлкен құпияға айналып, қандай да бір шешім шығаруға ешкім де бата алмай жүрді. Тек 2012 жылы олар қаңқаны рентгенге түсіріп, жілік майынан ДНҚ-сын алып, тексерді.

Осы бір нақты қадамдардан кейін ғана олар дүниені дүр сілкіндірген мәлімдеме жасап отыр. Стэнфорд университетінің ғалымы Гарри Ноланның айтуынша, "Қаңқа 6-8 жасында өлген ер адамның мутациясы. Бұл маймыл емес деп сенімді түрде айта аламын. Бұл – адам".

Бұл мәлімдеме "Сириус" атты голливудтық деректі фильмде жарияланған. 

Ғалымдардың мәлімдемесіне не дейсіз? 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: liveinternet.ru

10625 9
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 27 сәуір 2013, 17:43
Пікірлер
+0
27 сәуір 2013, 19:01

мынау адам ба сонда :o

+0
27 сәуір 2013, 19:37

сену қиын!

+0
27 сәуір 2013, 20:19

өмір мен үшін фантастика болып кетті!

+0
28 сәуір 2013, 11:49

Іштегі шарана емес пе екен?

+0
29 сәуір 2013, 01:01

Әлемде біз жалғыз емеспіз ғо, егер біз болсақ, онда басқа галактикада да бар ғо басқа өркениеттер! Мен олар жоқ деп кесіп айта алмайм..

+0
29 сәуір 2013, 07:33

басымды қатырғым келмейді, ойласам қорқам))

+0
30 сәуір 2013, 20:54

Кызык екен!

+0
10 мамыр 2013, 09:23

Мен не деймін,әй қайдам сенбеймін... :D

+0
28 маусым 2013, 17:08

:?:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Добрый кит
Добрый кит

Синий кит әлде Добрый кит ? 50 күндік игі іс

Автор: Nazym Samet
Кешіккен кешірім
Кешіккен кешірім

Ерінбей оқып көріңіз?!

Сіз сенер ме едіңіз?
Сіз сенер ме едіңіз?

Ал ол сенеді... Өйткені...

Автор: Әсем Құлман
Қарапайым логикалық сұрақтар...
Қарапайым логикалық сұрақтар...

Кейде, сәл ғана ойлану-жетістікке әкеледі.

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...