Өмірімізді бес есе ұзарта аламыз

Өмірімізді бес есе ұзарта аламыз
Фото: arrabiadance.com

Гүл иісін 1 километр қашықтықтан сеземіз.

Біз өз өмірімізді 5 есе ұзартуға қабілеттіміз.

Біз күніне 12 гектар аумақты аралап, азық іздей аламыз.

Өз салмағымыздан 320 есе артық жүкті көтере білеміз.

Бізге алыс шақырымдарды ұшып өту түк те қиындық келтірмейді, қанша қашықтыққа дейін барсақ та,
үйімізді оңай тауып келе аламыз.

Біз өз осімізден айналып билеу арқылы басқаларына азықтың қайнар көзі қайда екенінен хабар береміз.

Отбасымызда әрқайсымыз жауапты қызметті теңдей бөліп аламыз.

Бір килограмм дайын бал беру үшін бізге 8 миллион гүл керек.

Біз бір отбасы болып күніне 10 кг бал жасай аламыз.

Қолайлы жағдайда күніне 420 кг бал жинауға қабілетіміз бар.

Күреңот пен таңқурай гүлдеген кезде жинаған балымыздың мөлшері күндегіден 17 килограмға артады.

Адамдар бір қасық бал жеуі үшін біз 200-іміз қосылып шырын жинауымыз керек.

Біз – аралармыз.

@. @assel_assanova