Көне пирамидалар қай елдерде орналасқан? #2

Көне пирамидалар қай елдерде орналасқан? #2
Фото: www.wallpaperish.com

Пирамиданы елестеткенімізде бірінші Мысырдағы әйгілі үш пирамида мен Мексикадағы оның аналогы ойымызға келеді. Дегенмен пирамидалар салынған аймақтар мұнымен шектеліп қалмайды.

2006 жылы Боснияда алты үлкен пирамида табылған. Бұл Еуропадағы ең көне пирамидалар болатын. Кейіннен бұрын-соңды белгісіз болған көне сәулет өнерлерінің Италия, Испания, Хорватия, Словения, Греция, Түркия, Англия, Франция және Сербияда бар екені анықталады. Сондай-ақ, 2008 жылы еуропалық ғалымдар бірнеше жылға созылған экспедиция аясында Қытайдың Сиань қаласынан 100-ден астам ақ пирамиданы табады.

Басы

Мексика

Ацтектер салған Мексикадағы Күн пирамидасының биіктігі – 68 метр. Аталған сәулет құрылысы ХІІІ ғасырда ацтектер өркениетінің орталығы болған көне Теотиуакан қаласында бой көтерген. Бұл қала қазіргі Мехикодан 40 шақырым алыс жерде орналасқан. Мехиконың өзі ацтектер астанасы Теночтитлан қаласының орнында салынған.

Гватемала

Орталық Америкадағы Гватемала елінде табылған пирамидаларды ХІ ғасырда майялар салған. Ол аталған өркениеттің астанасы әрі үлкен қаласы болған Эль Мирадордың орталығында бой көтерген. Эль-Тигре пирамидасының биіктігі 51 метр болса, Ла-Данта құрылысы 72 метрге жеткен.

Дахшур (Мысыр)

Бүгінге дейін жеткен Дахшур пирамидалары біздің заманымызға дейін XXVI ғасырда салынған. Олар – Египеттің оңтүстігінде өркендеген Дахшур дәуіріне жататын сәулет өнері. Дахшур пирамидаларының ең үлкені 105 метр болған. Қазір ол 101,1 метрге дейін төмендеген.

Босния

Италия

Греция

Англия

Франция

Ж. Өрісбай