Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Тимоти Декстер — Американың «ең жолы болғыш ақымағы»

Тимоти Декстер — Американың «ең жолы болғыш ақымағы»

Тимоти Декстер — Американың «ең жолы болғыш ақымағы»

Тимоти Декстер 1747 жылы 22 қаңтарда Массачусетс штатының Мадлен қаласында дүниеге келген. Алғашында фермер болып жұмыс істеп жүріп, кейін қайыс илеушінің шәкірті болады. Жиырмаға толғанда, бар жиған-тергені тоғыз долларды қалтасына салып, дамыған Ньюберипорт қаласына көшіп кетеді де, 31 жасар жесір бай әйел Элизабет Фротингемге үйленеді.

Декстер өзін жарқын бизнесмен санайды. Әйелінің ақшасын пайдаланып, ол барлық бизнесмендер сияқты акциялар сатып алып отырған. Қандай акция сатып алуды да білмей, ең арзанын ала берген. Олардың бағасы өскен сайын Декстердің де қалтасы қалыңдаған.

Бәсекелестері білімсіз Декстердің қылықтарына күліп, оған пайдаға аспайтын кеңестер беріп отырған. Бір саудагер оған қалжыңдап, колонизацияға ұшырап жатқан Батыс Үндістанға таба, қолғап пен інжіл керек деп айтады.

Бұл аймақтарда әрдайым жаз екенін білмеген Декстер кеңеске құлақ түріп, 40000-дай таба, 40000 қолғап пен 40000 інжілді кемеге салып, сол жаққа жөнелтеді. Сөйтіп, түскен пайданы күтіп жатады.

Декстердің жолы болады, өйткені оның тауары Батыс Үндістанға түскен кезде діни қозғалыстар болып жатады да, оның інжілінің 100%-ы өтіп кетеді. Тағы Батыс Үндістан портына ресейлік саудагерлер тұрақтап, барлық қолғаптарды сатып алады. Бұнымен Декстердің екі есе жолы болады.

Табалар сол күйі қоймада жатады, бірақ кейін бір өнертапқыш фермер табадан балықты цистернаға аударуға арналған ожау жасауға болатынын түсінеді. Міне, осылай 100% кіріспен табалар да өтіп кетеді. Бұл келісім-шарттар Декстерге 150 000 доллардай қаржы әкеліп, әп сәтте байлардың қатарына енгізеді.

Саудагерлер Декстердің сәттілігін қызғанып, оны тағы да басқа келеңсіз әрекеттерге итермелейді. Оған бар ақшасын көмір өндіруге салып, Англияның Ньюкасл қаласына жіберуіне кеңес береді. Декстер Ньюкаслдың көмір өндіру өнеркәсібінің орталығы екенін білмейді. Сондықтан ол бірнеше кеме жалдап, Вирджиния көмірімен толтырып, Англияға жөнелтеді.

Бірақ халық арасында келеке болудың орнына, бұл жолы да Декстерге сәттілік серік болады: Ньюкаслда болып жатқан көтерілістердің кесірінен шахталар жабылып, көмір өндіру тоқтатылады. Дәл осы сәтте Декстер жіберген көмірді тұрғындар екі есе бағамен сатып алып, кірістен Декстер одан бетер байлыққа көміле түседі.

Жасы келген сайын Декстер одан бетер мәжнүн бола бастайды. Әйелі Элизабеттің мылжыңынан жүйкесі тозған Декстер онымен ұрсысудың орнына, оны өліп қалған деп есептеп, үйінде жүрген елес деп қабылдаған. Біреулер келген уақытта да: «Мынау миссис Декстер, менің әйелімнің елесі» деп таныстырған.

Ақымақтығының кульминациясы оның естелік кітап жазуы болады. «Ақылдыларға арналған сандырақ немесе тұрпайы көйлек жайлы шындық» деген атпен шыққан кітапта сөйлемдер бірде бір тыныс белгісіз байланысып, ешқандай мағына бермеген. Декстер мыңдаған данасын шығарып, бірнеше қалаларға жіберген. Бір қызығы, барлық кітабы өтіп кеткен. Кейін Декстер тек тыныс белгілерден ғана тұратын кітап шығарып, алдыңғы кітаптағы сөйлемдердің қай жеріне қойғыларың келеді, сонда қойып алыңдар деген екен.

Дайындаған: Анар Мұстафина

Сурет: vk.com, prostointeresno.com

770 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 09 қараша 2012, 15:49
Пікірлер
+0
09 қараша 2012, 14:21

өй тентек-ай! Пәле екен өзі! :lol: өтірік жынды бола қалады екен

+0
09 қараша 2012, 14:42

Мынауың есерсоқ қой. бірақ, керемет жолы болғыш екен шынында. кітабын сатып алып, екі кітапты құрастырып көреміз бе? біз де байып шығатын шығармыз.

+0
09 қараша 2012, 14:47

Керемет мақала екен, маған 100 % ұнады. Негізінде, Тимоти Декстер өте ақылды кісі. Оны ақымақ, әжуа қылып тұрған да, қорғаушы, қорғаны болып тұрған да – ақкөңіл, сенгіштігі. Жетістігінің құпиясы – 100 % тәуекелмен жұмыс істей алуында! Бұл, керек қасиет. Менің тәжірибемде бірнеше рет кездесті және өзін 99,9 % ақтап шықты ).

+0
09 қараша 2012, 15:08

:lol: :lol: :lol: адал істегендіктен де жолы болған шығар

+0
09 қараша 2012, 18:50

Бағы зор екен. Соншалықты ақымақ адам да болады екен-ау! Қызықты жазба. :)

+0
03 қаңтар 2013, 21:55

Мағанда қатты ұнады,Аққа Құдай жақ демекші,бұл бишарада еш жамандық жоқ,елдің айтқанын істеп қана жүре бергенғой,тәуекел етіп! Алла адамға берейін десе бере саладығой бәрін! (Иманнан басқаны)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...