Мақсатсыз адам - желкенсіз кеме

Мақсатсыз адам - желкенсіз кеме

Жер бетіндегі әр адамның өмірлік мақсаттары мен армандары бар. Адам баласы белгілі мақсатқа ұмтылмаса, өмірі де мәнсіз болса керек. 

Осы орайда аяулы массагеттіктерге планета ойшылдарының осы тақырыптағы айтқан кейбір ойларын ұсынамыз:

 

1    Ешқандай мақсаты жоқ адам желкенсіз кеме секілді, адасып жүріп, құрып жоқ болады. М.Монтень 


2    Данышпандық ойын басқара білген адамда ғана пайда болады. И.Ньютон 


3    Шын дана көп нәрсені білген адам емес, ең пайдалы ілімді ғана үйренген адам. Эсхил 


4    Көп білу аз нәрсеге көңіл бөлуден басталады. Джон Локк 


5    Өмірде көп қозғалып, тыныш таппаса да дамымай, бір орында тұра беретін адамдар да бар. Белгісіз автор 


6    Кез келген іске кіріспестен бұрын өзіңнің мақсатыңды айқындап ал. Сонда пайдасыз іске басыңды сұқпайтын боласың. Сенека 


7    Мақсатын айқын білетін адам қанша жайбасар болса да, көпшілік адамнан асып түсіп, озатыны анық. Г.Лессинг 


8    Түзу жолмен жүруге тырысқан адам, мақсатын айқындай алмай оңға-солға жалтақтаған жүргіншіден озады. Ф.Бэкон 


9    Өзінің мақсатын білмейтін кемеге ешқандай желдің пайдасы болмайды. Сенека 


10  Барар жеріңді білсең, кез келген жол сені сол жерге әкеліп тірейді. Белгісіз автор 


11  Қайда барарын білмеген адамға өмір өзі жол ұсынады. Д.Джордан 


12 Мақсатымызға жете алмай қиналғанда күшім жетпейді деп өзімізді ақтап алуға тырысуымыз мүмкін. Шындығында біздің күшіміз емес, жігеріміз сарқылған. Ф.Ларошфуко 


13  Өмірде қол жетпес мақсат болмайды. Жігерлі болып, ебін таба білсек, кез келген ойды жүзеге асыруға болады. Ф.Ларошфуко 


14  Белгілі бір мақсатқа жету арқылы біреуге бірдеңені дәлелдегіңіз келген болса, бұл мақсат сіздің жүрегіңіздің шын қалауы емес екендігін біліңіз. В.Зеланд 


15   Мақсат мида емес, жүректе пайда болады. Р.Энтони 


16   Зұлымдықты, ұждансыздықты, залымдықты қандай ұлы болса да ешқандай мақсат ақтап ала алмайды. А.Эйнштейн 


 


Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: dobrovolskiy.info