Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бала тәрбиелеудің сыры неде?

Бала тәрбиелеудің сыры неде?

Бала тәрбиелеудің сыры неде?

Құрметті Массагеттіктер! Біріміз бала тәрбиелейтін жасқа келіп қалсақ, біріміз осы жауапты іске дайындалып жүрген шығармыз. Осыны ескеріп, назарларыңызға бала тәрбиесі туралы кейбір қызықты ойларды жиып-теріп ұсынып отырмыз.

  • Жас балаларға үш нәрсені үйрету керек: жігіттік парыз, жігіттік жауапкершілік, жігіттік ар-намыс. Василий Александрович Сухомлинский
  • Көпшілігіміз бала тууын туамыз. Бірақ адам жасап шығару туралы аса ойланбауымыз мүмкін. Олай болса, өз амбициямызды былай қоя тұрып, сәбилерімізді жарқыраған күндей етіп тәрбиелеуге бар күшімізді салалық. Максим Горький
  • Таза, ашық, жайнаған балалық шақтың өкілдерін құрметтей білелік. Януш Корчак
  • Үлкендер сәбилерге ренжімеуі керек. Бұл оларды жөндеудің орнына, кері кетіріп, бұза түседі. Януш Корчак
  • Сәбидің сізге ерекше махаббатпен қарауын талап қылып, іздейтініңізді сезінсеңіз, сіз ана болуға дайынсыз. Василий Александрович Сухомлинский
  • Балаға еркіндік беріңіз. Жан-дүниесі мен сезімдерін еркін айта алмайтын сәбиден жақсы адам өсіп шықпайды.  Василий Александрович Сухомлинский
  • Балалар қызыққа, әдемілікке, ойынға, музыкаға толы ертегілер әлемінде өмір сүруі керек.  Василий Александрович Сухомлинский
  • Баланы жақсылап тәрбиелеудің басты жолы - жақсы үлгі көрсету. Сондықтан жақсылыққа талпынып, өзіңізді жетілдіруге тырысыңыз. Лев Николаевич Толстой
  • Балалық шақ - жүректі тәрбиелеудің ең басты кезеңі. Василий Александрович Сухомлинский
  • Отбасылық өмірдің басты міндеті мен қызметі - бала тәрбиелеу. Тәрбиенің ең дұрыс құралы - ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы.  Василий Александрович Сухомлинский
  • Баланы тәрбиелеуді қиын көретіндердің міні мынада. Ол адамдар өзін-өзі тәрбиелеуге құлықсыз. Лев Николаевич Толстой
  • Бала тәрбиелеу - шындап келгенде, өз-өзіңді тәрбиелеу. Лев Николаевич Толстой
  • Сәбилер таза да пәк жаратылыс. Тіпті жыртқыш аңдардың балалары да періште кейпінде болады. Сондықтан, оларды қадірлеп, құрметтеуіміз керек. Оларды бірде аялап, бірде таптап көңіл-күйіміздің ойыншығы қылмауымыз керек.  Антон Павлович Чехов
  • Отбасы балалардан басталады. Александр Иванович Герцен
  • Кез келген бала ештеңе білмей туады. Біздің мақсатымыз - оларға пайдалы білім беру. Екінші Екатерина

сурет: childnmom.ru

4934 0
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 16 мамыр 2012, 19:36
Пікірлер
+0
17 мамыр 2012, 11:56

Шынында да ,Сәбилер таза да пәк жаратылыс иелері! Жамандық атаулыдан хабары жоқ...

+0
18 мамыр 2012, 16:18

Максим Горький өттте орынды айтыпты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...