Өзіңе сене біл

Өзіңе сене біл
Массагеттіктерге планетамыздың мақтаныштары айтып кеткен насихаттарды ұсынамыз. Бұл жолғы әңгіме-дүкен адамның өзіне деген қарым-қатынасы туралы болмақ.
  • Ақылсыз адамдар сәттілікке сенеді, ақылдылар өзіне сенеді.  А.Даниэль-Брюне 
  • Адам өз күшіне толық сенгенде ғана нәтижеге жете алады. Л.Фейербах
  • Адамның ерік-жігері басымызға жазылған тағдырды да өзгерте алады. Ж.Кокто
  • Өзіңді біреуге сыйлы еткің келсе, алдымен өз-өзіңді сыйлай біл. Грасиан-и-Моралес 
  • Өзін құрметтейтін адам өзгеге де құрметті болады. Л.Вовенарг 
  • Өзің туралы не ойлайтын болсаң, сол айтқаның келеді. Өзіңді жігерсіз, жасық деп есептесең, сол айтқаның айнадай келеді. Ел аузынан
  • Өзіңізді өзгеден төмен деп есептер болсаңыз, өз атыңызды қара тізімге өзіңіз енгізіңіз. В.Зеланд 
  • Өзіңіздің төл табиғатыңызға өзіңіз сүйсініп, махаббатпен қабылдар болсаңыз, өзгелердің сізбен келіспеуге шарасы болмайды. В.Зеланд 
  • Өзіңізге бойыңыздағы жақсы қасиеттерді көрсетіңіз. Өзіңізді қалай көргіңіз келсе, жаратылысыңызды дәл солай қабылдай біліңіз. Сонда өзгелер де сізді дәл солай қабылдайтын болады. В.Зеланд 
  • Өзіңізге деген құрметсіздіктің тигізетін зияны, өзімшілдіктен келетін зияннан да асып түседі. М.Монтень
  • Адамға ең керегі - өзіне деген сенімділік пен жігер. Жасықтық адамды құлдыратқан үстіне құлдырата түседі. Н.Рерих 
  • Жердің әр түкпіріндегі әр адам немен айналысып жүргендігіне қарамастан, планетамыздың тарихына әсер етіп жүр. Пауло Коэльо
  • Сен бұл әлемде ет пен сүйектен құралған түкке тұрғысыз дене боларсың. Бірақ кейбіреуге бүкіл әлемнен де қымбат адам екендігіңді ұмытпа. Г.Маркес 
  • Сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Тек бұл туралы сізге ешкім айтып үлгермеген ғой. В.Зеланд 
  • Өзінен көп үміт күтетін адам ғана жақсы нәтижеге қол жеткізеді. В.Гумбольдт 
  • Өзіңізге деген сенімсіздік - сәтсіздіктердің негізгі себепшісі. К.Боуви 
  • Құдай оған сенгендерден гөрі өзіне сенгендерге көбірек жәрдемші болады. Г.Матюшов
  • Өзіңе сенші. Сол кезде өмірді қалай сүру керек екендігін бірден ұғасыңИ.В.Гёте 
  • Сізден ешкім үміт күтпесе де, өз-өзіне сене білген адам - ер. Х. Маккей 
  • Өзіне сенбеген адам өзгеге де сенбейді. Ф. Ларошфуко 
  • Сізді кері тартып, төмендететін адамдармен бір жүруден сақтаныңыз. Өзіне сене білген адам ғана ұлы істерге баратындығын ұмытпыңыз. Марк Твен

сурет: topgfx.info