Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Достық туралы афоризмдер

Достық туралы афоризмдер

Достық туралы афоризмдер

Массагеттің оймақтай ойларды тізбектеу дәстүрін жалғастырамыз. Бүгін назарларыңызға адамзат мақтаныштарының аузынан шыққан дуалы сөздерді ұсынғалы отырмыз. Бүгінгі әңгімеміз достық тақырыбына арналмақ.

Доссыз қалу - бақытсыздық ең үлкені

Даниель Дефо

Тұрақтылы болмаса, достықтың да, махаббаттың да құны жоқ

Джозеф Аддисон

Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар

Аристотель

Бөтенге шексіз сеніп қалудан сақтан, дос деп құрмет тұтып жүрген адамыңның өзі сені сатып кетуі мүмкін

Омар Хайям

Басқа келген бақтың тәтті дәмі достармен бөліскенде арта түседі

Аристотель

Достарының сәтсіздіктеріне әркім көңіл айта айтып, аяныш білдіре алады. Бірақ досының жеткен жетістіктеріне қуана алатын адам кемде-кем

Оскар Уайльд

Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі - не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі - кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам. 

Омар Хаям

Достық әлсізденген сайын, сыпайылық арта түседі

Уильям Шекспир

Достың назарымен қараған адам қате сөз айтпайды

Вольтер

Өзіңе берілген досыңа жақсылық жасаудың қанша жақсылық жасасаң да артықшылығы жоқ

Генрик Ибсен

Достар - бөлек тәнде өмір сүретін, бір адам

Аристотель

Өмірдегі ең бағалы қазына. Дүниенің бар байлығына ие болса да, ешқандай адам өзінің доссыз қалуын қаламайды

Аристотель

Достық - асықпай өсетін өсімдік секілді. Ол пісіп жетілуі үшін талай сыннан өтуі керек

Джордж Вашингтон

сурет: timeout.ru

65708 5
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 16 сәуір 2012, 18:55
Пікірлер
+0
16 сәуір 2012, 19:32

шынайы достық кейде махаббаттан да артық деген бар ) :)

+0
16 сәуір 2012, 20:04

Достық құрсын мындай десен)

+0
17 сәуір 2012, 12:36

Досым.

Тағдырыма ризамын жолықтырған.
Ширек ғасыр ғұмырым соны ұқтырған!

+0
19 сәуір 2012, 04:55

Дос деген кайгыда да куаныштата касынан табылатын адам

+0
26 сәуір 2012, 04:21

Дос деген біз тыныстайтын мына заманда бұрнағының "серілік", "серіктік" іспетті көнере, іргесі көгере бастаған ұғым ғой өзекті емес идеал ретінде қалатын.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...