Исаак Ньютонның өмір жолы (Жалғасы)

Исаак Ньютонның өмір жолы (Жалғасы)

Кеше Исаак Ньютонның өмірінің алғашқы кездеңдері туралы айтып, сөз қозғаған едік. Бүгін сол сұхбатымызды жалғастырамыз. 

Ұлы ғалымның әлем ғылымына тигізген ықпалының зор болғандығын айтып өткенбіз. Нақтырақ айтсақ, алғашқы рет бүкіләлемдік тартылу заңының негізгі қағидаттарын анықтап, теорема негізінде дәлелдеген. Кеңістікке лақтырылған дененің белгілі бір қисық сызып өтетіндігін алғаш тапқан осы кісі. Мысалы, таудың ұшар басынан жерге қарай тас лақтырып жіберер болсақ, ол эллипс, гипербола немесе парабола сызып, жер бетіне түседі. Кейбір жағдайда түзу сызық немесе шеңбер бойымен түсуі мүмкін. Яғни, кез келген денеге әсер ететін күштердің заңдылығы бар екендігін, олардың траекториясын есептеп шығуға болатындығын көрсеткен алғашқы ғалым. Кейінірек бұл заңдылық планеталарға да қатысты екендігі дәлелденіп, бүкіләлемдік тартылыс заңы пайда болды. Осы жаңалықтар кейін ғарышқа кеме ұшыру кезінде де пайдаланылды. 

Осы арқылы Ньютон галактикамыздағы планеталар мен күннің өзінің массасы мен тығыздығын анықтады. Мысалы, күннің тығыздығы жердікінен 4 есе аз екендігі есептелінді. Осылайша, күнге жақынырақ орналасқан планеталардың тығыздығы соғұрлым көп болатындығы белгілі болды. 

Сонымен қатар, жердің формасын есептеп, экватор бойы жалпақ екендігін, польюстердің сәл қысыңқы екендігін анықтап берді. 

Ньютонның осы ашқан теоремаларын пайдалана отырып, Э. Галлей 1759  жер бетіне кометаның жақындайтындығын болжаған еді. 

Көріп отырғандарыңыздай, ұлы ғалымның ашқан жаңалығы бүкіл ғаламның негізгі түсініктерін айқындап берді. Бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы ой Ньютонның басына 1666 жылы өз ауылы Вулсторпта демалып жатқанда, ағаш басынан төбесіне алманың түсіп кетуімен келді деп айтылып жүр.  Сол алма ағашы жылдар бойы сақталған деседі. Ол ағаш қурап, өлген соң, сол жерге ескертіш ретінде орындық орнатылыпты. 

Осымен Ньютон жайлы сұхбатымызды аяқтаймыз. Алдағы уақытта сіздерді талай қызықтар күтіп тұр. Массагеттен көз жазып қалмаңыз!

сурет: news.nationalgeographic.com