Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Тарих / Куәгер көзімен / Еуропа тарихындағы ең ауыр жазалар

Еуропа тарихындағы ең ауыр жазалар

Еуропа тарихындағы ең ауыр жазалар

"Төбе құйқам шымырлады" деген осы болар. Жаза - адамзат ақыл-парасатының ең зұлым дәуіріне өкілдік етеді. Еуропада «Аралау жазасы» деп аталатын жаза түрі болған. Онда жазаланушының басын төмен қаратып асады, дәл осы мезеттен бастап адам денесіндегі қанның көп бөлімі кеуде және бас бөлімге жинақталады.  

 

Кісі құлағы шыңылға толып, көзі қарауытып, қан тола бастайды. Жаза атқарылу басталады. Аралау кіндік тұсқа келгенше, тіпті, жүрек тұсқа дейін адам сезу түйсігін жоғалтпайды және қан айналысының тездеуі мен қинау азабы адам ойы жетпейтін шекке шығады екен. Жаза түрі Еуропа елдерінде көп қолданылған.

 

Кәрі құрлық орта ғасырларда бұдан бөлек, «Тікен жазасы» деген жаза түрін де көп қолданған. «Тікен жазасы» көбінесе мемлекетке немесе ұлтқа опасыздық жасағандарға берілетін ең үлкен жаза болған. Сенбеуіңіз мүмкін, суретте көрсетілгендей, адам дәл осы күйінде 2-3 күнге дейін өлім құшпайды. Өлмегені былай тұрсын, азапқа төзе алмай тұрып кетуге ұмтылады екен.

 

«Темір қатын» көне замандағы Еуропада қолданылатын тағы бір жаза түрі. Аталған жаза туралы мынадай дерек сақталған (Жазба 1515 жылы 14 тамызда қағазға түскен): «Жалған ақша жасаған қылмыскер «Темір қатынның» ішіне кіргізілді. Есігі баяу жабылып, сыртынан өткір ұшты болат инелерді қаға бастады. Қылмыскердің білегіне, аяғына, қарын-кеуде бөлігіне, қабырғасы мен көзі, мұрнына және табанына қағылды. Бірақ, ол өле қойған жоқ, екі күн бойы зарлы айғайы мен жылауы тоқтамады».

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: yahooeu.ru

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 10 қаңтар 2013, 14:23

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.