Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Сағым – тылсым дүние ме?

Сағым – тылсым дүние ме?

Ауыл немесе қала арасына анда-санда жүріп қаламыз. Көліктің алғы орындығында отырсаңыз, сіз келе жатқан жолдың көкжиегі тұсында су жатқандай көрінеді. Күн шайдай ашық, ал жерде су жатыр...

Аға, түнде жаңбыр жауған ба?

- Жоқ, сағым ғой, Ол жерде ешқандай да су жоқ...

Осыдан-ақ белгілі. Ауаның тығыздығына байланысты жарық сәулесінің шағылуы. Күннің қызуы салдарынан жер беті бусанып жатқан кезде тіпті де анық көріне бастайды.

Сағым ерте заманнан-ақ адамзатқа белгілі. Әрқандай ертегі-аңыздардағы «аспанға жақын қала», «ауада ілініп тұрған қамал», «ұшып тұрған керуен» секілді детальдары оқиғалардың да негізгі себебі біздің айтып отырған – сағымымыз секілді.

Аристотельдің «Метеорология» еңбегінде Сиракуз мекендеушілері 150 шақырым жердегі Италия түбегін екі-үш сағат бойы көре алғаны туралы жазылады. Бұл құпия кейіннен ашылып, оның жоғары сағымның әсері екендігі туралы айтылды.

Ауада ұшып тұрған қайық. Сағым.
Ал сіз сағымның екі түрлі болатынын білесіз бе? Төменгі және жоғарғы сағым. Егер біріншісі, төменгі сағым жердің бетінен қызу көтерілген жағдайда көрінсе, ал екіншісі, яғни жоғарғы сағым керісінше, жер беті аязды болып, оған күннің түсірген жылуы әсер еткен жағдайда болады. Мұндай жағдайда әншейінде көкжиектің арғы жағындағы көрінбей тұрған нәрсе екі, тіпті үш есе үлкен болып көрінетіні таңғалдырады. Бұл құбылыс бірінші рет 1596 жылы-ақ байқалған. Виллем Баренцтың кемесі Солтүстік-шығыс өткелдегі мұзға тіреліп, қалып қойған кезде кеме экипажы полярлық түнді күтуі керек болады. Сонда кеме осы құбылыстың әсерінен құтқарушылар көзіне көрінген. Бұл құбылыс «Жаңа жердің эффектісі» деген атау алғаны да сондықтан. Ал мұндай құбылыс байқалған сәт суретке түсірілсе, ол «фата-моргана» суреті деп аталады.

Дерек: 1941 жылы 10 желтоқсан, сағат 11.00. «Вендор» британ кемесі Мальдив аралдарының аумағында жүзген. Кенет көкжиектен отқа оранған кеме көрінеді. Көмек қолын созуға желдей ұшқан ағылшындар оқиға орнына барғанда ешқандай да кеменің немесе оның сынығын таппайды. Ал кейін кеме командирі Үндістанға барғанда өздерінің көрген сұмдығы атақты «Рипалс» крейсерінің кемесі болып шыққан. Оған шабуыл жасап, өртеп жіберген жапондық торпеда тастағыштар екені анықталған. Ал жанып жатқан кемені «Вендор» британ кемесінің адамдары 900 шақырым шалғайдан-ақ көре алған болып шықты. Міне, мұның да жауабы – сағым...

 Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vokrugsveta.ru 

11428 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 22 қазан 2012, 12:37
Пікірлер
+0
22 қазан 2012, 12:14

Уақыт кекістігі, сағым, елес дегендердің бәрінде бір байланыс бар сияқты сезіледі маған. Біз жақта бүкіл ауыл көрген таңғажайып нәрсе әлі есімнен көтерілмейді. Керуен тартып бара жатқан зарлы көшті көрген ел жаңаларын ұстапты. Әйелдер мен балалардың зарлана жылаған дауысы да анық естіліп жатыпты. Бұл сағым ба, әлде өткен ғасырдан қап қойған елес пе?!

+0
13 наурыз 2013, 17:06

Мүмкін уақыт иірімі шығар

+0
22 қазан 2012, 12:18

Осының барлығы да бір тылсым. Былайша айтқанда мистика...

+0
28 қараша 2012, 03:00

САҒЫМ


Сағым, сағым...
Алыстан мұнартасың,
Көрген көзге беймәлім мұң артасың.
Сардалаға таратып сағынышты,
Ғайып болып кетуге құмартасың.

Теңіздейсің тасыған кенереңнен,
Бірақ ада, толқының кемелерден.
Ғашықтардың көз жасы десе біреу,
Күмәнсіз-ақ сол сөзге сенер ем мен.

Құбылыс жоқ жалт еткен тақа мұндай,
Көгілдірсің сәуірдің шапағындай.
Бұлдыраңдап барасың бұйраланып,
Қарт «Жоңғардың» ақ күміс сақалындай.

Шу асаусың кеткен бір құрық көрмей,
Ақсуымдай тасисың ырық бермей.
Жоғаласың кей сәтте,
Сен сияқты,
Көкейімде бір үміт жүріпті өлмей.

Сағым-сезім жүректе мелдектеген,
Өлең - бұлақ, бір қанбай шөлдеп келем.
Сағымданып алдымнан жыр әлемі,
Көрінесің арман боп мен жетпеген.

Әділбек Ыбырайымұлы

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры: мелодрама Аударма: Мақсат Мәліков Дыбыстаған:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...