Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Тарих / Хронология / 18 ақпан - Әмір Темірдің дүниеден өткен күні

18 ақпан - Әмір Темірдің дүниеден өткен күні

18 ақпан - Әмір Темірдің дүниеден өткен күні

Тарихи деректерге сүйенсек, 1405 жылдың 18 ақпанында барлас руынан шыққан Орта Азия жаһангері Әмір Темір өмірден өткен. 

Ол Шағатай ұлысының хандарына шабуыл жасап, тәуелсіз өз мемлекетін құрды. Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болмаған соң, өзін "хан" емес "әмір" деп атаған. Әмір Темір Тоқтамыс ханмен ұзақ жылдар бойы соғыс жүргізді. 

14 ғасырдың 70 жылдарынан бастап оның аты әлемге мәшһүр бола бастады. Орталық Азия мен Осман империясы аймағына Ақсақ Темір атымен танылса, ирандықтарға Тимурленг, ал еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды. Әмір Темір әскерлері Хорезм мемлекеті мен Шығыс Түркістанды, Хорасан  мен Гератты, Сұлтания мен Қандағарды, Тебриз бен Иранды және Ауғанстанды толық бағындырды. Алтын Орданы табандарының астына жықты. Ал 1398 жылы Үндістан елі басып алынды. Сирия мен Лубнан мәмлүктері бағындырылды. Басқа да толассыз жеңістер нәтижесінде Әмір Темірдің алып империясы — Темір мемлекеті құрылды.

Көптеген дерек көздері Темірдің 1405 жылы 18 ақпанда Қытайға жорыққа шыққанда Отырар жерінде көз жұмғанын растайды. 

Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне қойылған.

Бүгіндері әлемге әйгілі болған ескерткіш - қасиетті Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салдырған да Әмір Темір еді...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: uzb.ucoz.ru

6710 8
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 18 ақпан 2013, 08:07
Пікірлер
+0
18 ақпан 2013, 10:03

Әмір Темір қайталанбас тұлғалардың бірі ғой.

+0
18 ақпан 2013, 10:11

бүгін де "Әмір Темірлер" керек-ақ...

+0
02 сәуір 2013, 23:35

Қалайша сонда адамөлтиіретін дер қорлайтындар керек ақ дегенің қалай бұл сөзіңнің мағынасы неде?

+0
18 ақпан 2013, 15:14

Мықты тұлға

+0
18 ақпан 2013, 23:34

тарихты ұмытып қалыппын еске түсіргеніне рахмет. а не го домбыраға қорғасын құйдыртатын да осы әмірші емес па :roll:

+0
20 ақпан 2013, 22:12

жооооооо, домбыраға қорғасын құйдыртатын Әмір-Темір емес, Шыңғыс хан ғой. Баласы Жошының өлімін жеткізгені үшін құйдырған.

+0
24 ақпан 2013, 04:16

а ия Сәкен солай екенғо

+0
13 ақпан 2015, 23:27

Қ.А.Иассауи(Яссави)кесенесін Ақсақ Темір(Темірлан)бір өзі емес,Ұлы жүздің Батыр Бәйдібек би екеуі бірігіп,бір-бірін құптап,келісіп салдырған.Бәйдібек би өте бай адам болған,сол Қ.А.Иассауи кесенесін салуға материалдық көмек беріп,барлық құрылысшыларды өз қаражатымен демеп отырған.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...