Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс (жалғасы)

Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс (жалғасы)

Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс (жалғасы)

Басы

Орынбор генерал-губернаторы Перовский қазан айының 17-сінде подполковник Геккені Жәңгір ханға көмекке жіберіп, күшпен тәртіп орнатып, Исатай мен Махамбетті тұтқындауды тапсырады. Қазан айының 30-да Гекке хан ордасына жетеді. Оған жолда атаман Покатиловтың 400 казак отряды қосылады. Гекке хан ордасына келген соң қосымша күш жинау үшін, уақыт ұту мақсатында Исатаймен келіссөздер жүргізеді, бірақ одан нәтиже шықпайды. Бұдан кейін Гекке губернаторға хат жазып, өздерінің көтерілісшілермен соғысуға даяр еместігін және полковник Меркульевтің отрядына Теректіқұмдағы Исатайдың ауылына шабуыл жасау керектігін айтады. Қараша айының 7-де Меркульевтің отряды Исатайдың ауылына шабуыл жасап, батырдың отбасын тұтқындайды. Бұл суыт хабарды естіген Исатай дереу ауылына көмекке аттанады. 8 қарашада Исатайдың жігіттері Меркульевтің отрядын қоршап алады да ауыл адамдарын босатуды талап етеді. Меркульев соғысуға күштің тең еместігін байқап, ауыл адамдарын босатуға мәжбүр болады. Осы жағдайдан кейін Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің мәні өзгеріп, ол тек ханға қарсылық емес, енді ханға қолдау көрсеткен Орынбор әкімшілігіне де қарсылық сипатына ие болды.

Меркульевтің отряды Геккенің отрядымен Бекетай ауылының маңында қосылып, Тастөбеге қарай бағыт алады. Тастөбеге 4 шақырымдай қалғанда 500-ге жуық көтерілісшілер тобымен кездеседі. Исатай батыр Меркульевтің отрядынан құтқарып алған елді қорғау үшін жан-жақтан жігіттерін жинауға тырысады. Бірақ Гекке бастаған 2000 жазалаушы солдат көтерілісшілердің бір-біріне қосылмауына күш салады. Жазалаушы отряд саны жағынан басымдылық танытса да көтерілісшілер бірінші болып шабуыл бастайды. Алдымен мергендер тобы мылтық атады, Геккенің отряды  оларды зеңбіректен атқылайды.  Зеңбіректен дұрыс нәтиже болмаған соң Геккенің солдаттары шабуылға көшеді. Оларға көтерілісшілер қарсы шығып, солдаттардың арасын біршама сиретіп тастайды. Мұны байқаған Гекке көтерілісшілерге жақындап келіп зеңбіректен қайта оқ атуды бұйырады, онысы нысанаға дәл тиіп, көтерілісшілерден көп адам шығынға ұшырайды. Сол уақытта солдаттар тағы да шабуылға шығады. Осы шайқаста Исатай оң қолынан жараланады да, баласы Жақия 50-60 адаммен  бірге қаза табады. Тастөбе маңындағы шайқаста  көтерілісшілер Геккенің отрядынан жеңіледі. Жеңілістен кейін Исатайдың жігіттері Ішкі Ордаға шағын топтармен  тарай бастады.

Исатай қатары сиреген көтерілісшілерді қайта біріктіруге әрекеттенеді. Ал бұл уақытта подполковник Геккенің басшылығында 700-дей казак-орыс әскері, 2 зеңбірек және 400 адамнан тұратын хан жасағы  болды. Жазалаушы отряд енді Исатай батырдың өзін ұстауға тырысады. Осы мақсатпен полковник Меркульев 300 казак отрядына ханның 600 жасағын қосып алып бірталай жерді шолып қайтады. Перовский Исатай батырды ұстаған адамға 500 сом күміс ақшамен сыйлық тағайындайды. Есаул Трафимовқа 75 казак отряды және ханның 100 жасағымен қоса Тастөбенің төңірегін аңду тапсырылады. 1837 жылы 15 қараша күні таңсәріде Тастөбенің жанында көтерісшілер мен жазалаушы отрядтың арасында кескілескен шайқас болады. Бірақ та жазалаушылар көтерісшілердің көп шоғырланған тұсына зеңбіректен оқ атып, көтерісшілерді шегінуге мәжбүрлеп біршама жерге дейін қуғындайды. Бірақ даланы қанша кезсе де Исатайды ұстай алмады. Исатайдың жанында сенімді серіктері Махамбет, Тінәлі, Иса, Сарт Қабыланбай, Төлеген, Есенгелді отбасыларымен, Тәни, Үбі, Мәстек Ахметұлы көтерісшілер қалып, олар басшыларын барынша қорғауға тырысады. Жазалаушы отряд желтоқсан айында Исатайды Самар даласынан іздейді, ал Исатай болса Жайықтың бойында отырып, қолайлы сәтті күтеді.

Губернатор Перовский болса Жайықтың арғы бетіндегі кіші жүздің батыс бөлімін билеуші сұлтан Баймағамбет Айшуақовқа Исатайдың Жайықтан өтіп кетпеуін алдын-ала тапсырады. Губернатордың бұйрығымен Жайықтың бойын бақылау күшейтіледі. Баймағанбет сұлтан өз қарауындағы елдің билері мен сұлтандарына Исатай келсе тез арада ұстап беруді тапсырады. 1837 жылы 13 желтоқсан күні таңсәріде Құраң Маябасовтың бастауымен Исатайдың тобы Жайықтан жасырын өтпек болғанда, жағалауды бақылап жүрген Хорунжий Жигиннің отряды байқап қояды. Бұл кезде Исатайдың жігіттерінің көпшілігі өткелден өтіп, тек бірнеше адам бері жақта қалады да, олар Жигиннің жендеттерімен қақтығысқа түседі. Казак-орыстар Сарайшықта жасақтарымен дайын тұрған Баймағамбет, Мұхамедқали Таукинге хабар береді. Бұл жасаққа жүзбасылар Попов мен Понамаревтің жазалаушы отряд қосылады. 14 желтоқсанда жазалаушылардың қолына Исатайдың әйелі Несібелі, балдызы Бағлан, Еділ Сартұлының балалары Ерше мен Нұрша түседі. Ал Исатай біраз сенімді жігіттерімен жазалаушыларды адастырып кетеді.

Тастөбе маңындағы шайқастан кейін көтерілістің бірінші және екінші кезеңі жеңіліспен аяқталады. Исатай мен Махамбет Кіші жүзге өтіп, 2000 жігіт жинап, Хиуа ханының қолдауымен  патша өкіметіне және оның қолшоқпары Баймағамбет Айшуақовқа қарсы күреседі. Кіші жүз даласындағы халық қозғалысы енді орта жүзден  Торғай өңіріне  келген Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалысымен жалғасады. Сондай-ақ, осы тұста Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілісте өрши түсіп, ол Кенесарыға қосылуға бағыт алады.

Бұл уақытта жазалаушы әскер мен Баймағамбеттің жасағы Исатайларды тынымсыз іздеуде болатын. Исатайдың қайда жүргеніне қатты мазасызданған Жәңгір хан Кіші жүздің ішіне өз тыңшыларын жіберіп, бақылауды күшейтеді. Ал Орынбор губернаторы Перовский болса Кіші жүздегі көтерілістің басуға қосымша әскер жібереді. Полковник Гекке мен Баймағамбеттің отрядтары Ақбұлақтың жағасына орналасады. Исатай 500-дей жігітімен Қиыл өзенінің қарсы жағалауындағы биік қырға  келіп тоқтайды. Көп кешікпей екі арада  шайқас басталады. Жазалаушы әскер көтерілісшілерді үш жақтан шабуылдап, зеңбіректен оқ атады. Шайқаста көтерілісшілердің 70-80 адамы  қаза табады да, амалсыздан шегінеді. Жазалаушы әскер көтерілісшілердің соңына түседі, көтерілісшілер болса шегіне отырып, біршама шайқасады. Кезекті қақтығыста Исатайдың атына оқ тиеді де, оған көмекке Махамбет пен Үбі келіп, аттарын ұсынады, бірақ батыр атқа мінбей жаяу ұрыс салады. Осы шайқаста Исатай қолға түседі, Баймағамбеттің үш нөкері оның қолын артына қайыра байлайды да, біреуі батырдың кеудесіне мылтық тақап тұрып атады. Оған қоса Иван Богатырев деген урядник батырдың басын қылышымен шауып түсіреді. Осылайша елі үшін еңіреген есіл ер қанышерлердің қолынан қаза табады. Басшысы өлген көтерілісшілер Ойыл өзенінің жағасындағы қалған топқа қосылады. Кіші жүзді қаптаған патшаның жазалаушы әскерлері көтерілісшілердің бірігіп ары қарай әрекет жасауына мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін Исатайдың ұйымдастыруымен болған Кіші жүздегі көтеріліс жеңіледі.

Исатай қаза тапқаннан кейін Махамбет Өтемісұлы біраз адамдармен Хиуа хандығына  өтіп кетеді. Кейін Орынбор әкімшілігі  оны қолға түсіріп, сотқа тартып, Атырау өңіріне жер аударып жібереді. Сот үкіміне риза болмаған Баймағамбет сұлтанның адамдары 1846 ж. қыркүйекте Махамбетті өз үйінде өлтіріп кетеді.

И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең - 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде  сипатталса, екінші кезең - 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларына жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық.  Үшінші кезең - 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс. Сондықтан да, бұл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны бар, маңызы зор көтерілістердің бірі.

Форумда талқылау 

Сурет: imho.aspu.ru

18484 0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 20 наурыз 2012, 18:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...