Мидың зақымдануы кең пейілділікке алып келеді

Мидың зақымдануы кең пейілділікке алып келеді

Миының белгілі бір көлемі зақымданған адамдар - кенет, оқыс жағдай десек те болады - өз ақшаларының қомақты көлемін өздері мүлдем танымайтын, өмірі көріп-білмеген адамдарға бере бастапты. Таяуда инвестициялауға (қаражат жұмсау) байланысты сынақ түріндегі ойында миларының кішкене бөлігі зақымданған (қарақұс миының безі асқынған адамдар «базолатеральной мозжечковой миндалиной») үш әйел бүкіл қомақты қаржыларын сау адамдарға қарағанда екі есе көп беріп жіберген.

Зерттеушілердің пайымы бойынша, аталған үш әйел көп қаржы тапқылары келмеген. Олар тіпті ақшаларын сеніп тапсырған адамдардың саны қанша екеніне пысқырып та қарамаған. Соңында олардан сонша ақшаны не үшін салғандарын сұрағанда өздері иықтарын көтеріп қана жауап берген.

Ақырында зерттеушілер мынадай пікірге келіп отыр: қарақұс миының асқынған безі өзімшілдікке (эгоизм) қарсы жауап беретін көрінеді. Зерттеуге сүйене отырып, аталған ми бөлігінің зақымдануы адамды шектен тыс ақкөңіл әрі кең пейіл қылып жібереді деген сөз.

сурет:atn-trans.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига