Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Момақан данышпандар: жеті жасар хирург, физик-аутист, жас жазушы

Момақан данышпандар: жеті жасар хирург, физик-аутист, жас жазушы

Момақан данышпандар: жеті жасар хирург, физик-аутист, жас жазушы

Данышпан балалардың даналығы мен ақыл-ойларының артық тұстары туралы әңгіме кімді болмасын бей-жай қалдырмасы анық. Жаңа Моцарт пен Эйнштейнді күтіп, толғанып жүрген жұрттың толық сенім артып отырған балалары бар. Бүгін біз сіздерге әлемді өзгерткісі келетін және өз ойларын  кез келген уақытта қорғап шыға алатын сол данышпан балалар туралы айтқымыз келеді.

Адора Свитак, 14 жаста

Жас жазушы, блогер және белсенді. Ең алғашқы әңгімесін алты жасында жазған. Одан кейін араға бір жылды салып барып, «Flying Fingers» деген атпен кітап шығарады. Аталған кітапта жас жазушылармен біріге отырып, пікір алмасқан. Ең бастысы, бүгінгі таңда әрі оқиды, әрі сабақ береді. Яғни уақытының көбін мектептерге барып лекция оқу мен әр түрлі видеоконференцияларды өткізуге жұмсайды.

Жалғыз арманы: Нобель сыйлығын алу. Қазіргі таңда данышпан қыздың өз жеке сайты бар. Онда қол жеткізген жетістіктер мен өлеңдері, шығармалары жаңартылып тұрады (adorasvitak.com).

«Үлкендердің әлімсақтан келе жатқан әдеті «сен ананы істеме, сен мынаны істе» деп, шектеу қойып отыратыны. Бұл өз кезегінде биліктің жасап жатқан мақсат-мүддесі... Әрине, үлкендер шектеледі, сосын бізді де шектейді... Менің ойымша, ерте ме, кеш пе балалармен санасатын қоғам құру керек» - деп ішкі сырын бүкпей айтады.

Адораның айтуы бойынша, ата-ана баланың бетінен қаға бермей, керісінше баланың қолынан келетін мүмкіндіктерге сенуі тиіс. «Маған ата-анам дәрігер, не болмаса адвокат боласын деп айтпады. Бірақ, әкем маған Аристотель туралы, ең алғашқы микробқа қарсы тұрушылар туралы оқып отыратын. Ал ол уақытта басқа балалар көңілді ән тыңдап, ұйықтап жатушы еді ғой» - деп көңіл тиегін ағыта салды.

Берк Баер, 13 жаста

Жас фермер бүгінгі таңда дұрыс тамақтанудың үгіт-насихатымен жүр: «Сіздерге білу керек нәрсе, біздер көршілерімізге, туыстарға олардың өнімдерін сатып алу арқылы көмектесе аламыз. Кейбіреулер бұған қарсы шығуы да мүмкін. Себебі, табиғи азық-түліктің бағасы қымбат емес пе?! Алайда, кетіп жатқан сол ақшаға екі-ақ таңдау жасауға болады: не фермерге береміз, не болмаса ауруханаға жұмсаймыз» - дейді.

Ауыл шаруашылығына сегіз жастан бастап қызыққан данышпан ең алғаш рет көкөніс пен жеміс-жидектерге қосатын химиялық заттар туралы мақала оқып шығыпты. Содан бастап фермерлік тақырыпта түрлі-түрлі форумдар мен конференциялардың мінберінде сөз сөйлеп жүр. Ең бастысы, жақында «Берк фермада» деген кітабын шығарды. Ол аз десеңіз, хабар алуыңызға болатын жеке сайты бар (birkeonthefarm.com).

Акрит Ясвал, 19 жаста

Акритті ең алғаш жұрт көрші қызына оперция жасап, аман алып қалған жеті жасар бала ретінде біледі. Көрші қыздың қозғалыссыз қалған қолын қайта қалыпқа келтірген соң, Акритке жергілікті ауруханалардың дәрігерлері қолқа салады. Көңілді қайтаруды білмейтін данышпанымыз 12 жасында медициналық колледжде шәкірт болып жүреді. Және болмыс-бітімі бөлек балалар туралы түсірілген « Extraordinary People» атты деректі кинода басты кейіпкерлердің бірінің рөлін сомдайды.

«Есімде бар, төрт жасымда «Gray’s Anatomy» деген химияға арналған кітапты оқыдым. Содан кейін орта деңгейде физиканы біліп шықтым. Сосын барып ғылымға кірдім. Біртіндеп бас қатыратын сұрақтардың төңірегінде толғана бастадым. Мәселен, «біз бұл жерге қалай тап болдық және неге?» - деген сияқты сұрақтар»  - деп ішкі сырын жасырмайды.

Өмірдегі бар арманы ракка қарсы ем табу болып шықты. Осы жолдағы зерттеулері әлі толық бағасын ала алмай отырған көрінеді. Мысалы, рак ауруының алдын алу үшін рак клеткаларының көзін жойып, генді ауыстыру керек дейді.

Томас Суарес, 13 жаста

«iPhone пен iPad» құрылымын жасап шығарушы. Бар-жоғы 11 жасында «CarrotCorp» атты жеке компаниясын құрады. Аталған компанияда жүріп 5 құрылым жасап шығарады. Айта кетсек, оның ішінде үшеуі тегін болып саналады.

Момақан данышпан ең алғаш «Phyton, C және Java» құрылымдардың бүге-шігесін білу мақсатта, зерттеуге ден қойған. «Кез келген адам маған бағдарламалар туралы сұрағын қоя алады. Өзімнің білетінімді бөлісе аламын» - деп сөз сабақтайды.

«iPad Pilot Program» бағдарламасы аясында жұмыс жасап жатқан Томастың тобы жаңа технологияларды жасап шығаруды қолға алған екен. Ең қызығы сол, Томастың ойынша, үлкендерден гөрі балалар технология туралы көп біледі.

Якоб Барнетт, 14 жаста

Якобке екі жасқа толғанда сөйлей де алмайтын, ата-анасын көру мұң болатын. Өйткені дәрігерлер сол уақытта жас дарынның бойынан «Аспергер» ауруының белгісін тапқан-ды. Бірақ, ата-анасы қолдан келер мүмкіндіктің бәрін жасап, балаларына болашақ сыйлайды.

Сөйтіп 14 жасында Индиана университетіне түсіп, математика мен физиканы игере бастайды. Ол жақта ғылымды сіміріп жүрген талантты шәкірт достарымен қатар аспиранттарға да көмектескен екен.

Жақында Эйнштейннің теориясын өздігінше түсінуге тырысқан баласының құрметіне орай, Якобтың анасы «аутизммен» ауыратындарға көмек қолын созу мақсатында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

«Оқуды доғарыңыз, тек қана ойланыңыз. Бір нәрсеге қол жеткізу үшін әлемге басқаша көзбен қарау керек. Және адамға шектеу қоятын ойлардан арылып, еркін ойлауға тырысыңыз» - деп кеңес береді.

Мысал ретінде Исаак Ньютонның оқуды тастап, астрофизика туралы ойлай бастағанын тілге тиек етеді: «Тартылыс заңының жаңа теориясын ойлап табады; телескоп жасап шығады; тағысын басқа да дүниелер. Және бұның бәрі оқуды тастап, ойлай бастағанның екі жылдық жемісі» - дейді.

cурет:tedxteen.com

Дайындаған:Фараби Бақыт

1404 0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 09 қазан 2012, 16:55
Пікірлер
+0
09 қазан 2012, 16:22

ой, айналайын, Құдай бере салған деген сөзі осындай балаларға айтпай ма?!

+0
09 қазан 2012, 16:25

не деген момақан данышпандар...бізде де бар емес пе? әлгі шахматшы қыздың аты кім еді....

+0
09 қазан 2012, 16:36

сосын,бір сөйлемді тез оқып,тез крісінше оқып беретін 6 жасар балада бар. Немесе,бір сөйлемді айтасың,ал ол ойланбастан тез керісінше айтып береді

+0
09 қазан 2012, 17:57

арман бала кезден басталады деген рас екен ғо)

+0
10 мамыр 2014, 11:39

«Үлкендердің әлімсақтан келе жатқан әдеті «сен ананы істеме, сен мынаны істе» деп, шектеу қойып отыратыны. Бұл өз кезегінде биліктің жасап жатқан мақсат-мүддесі... Әрине, үлкендер шектеледі, сосын бізді де шектейді... Менің ойымша, ерте ме, кеш пе балалармен санасатын қоғам құру керек» Мен кеше ғана осы ойды өзім ойлап, жылап алғанмын. Қорытынды жасап қойғанмын

+0
10 мамыр 2014, 11:45

Ойларының маған ұқсайтынын білмеппін. Мен жалғыз емес екенмін ғой. Достарым болса ғой солар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...