Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Қазақстанда ұлттың электрондық миын жасау қолға алынды

Қазақстанда ұлттың электрондық миын жасау қолға алынды

Қазақстанда ұлттың электрондық миын жасау қолға алынды

Қазақстанда ұлттың электрондық миын жасау жүзеге асатын болады. Осы туралы бүгін ТМД-ның кітапханашылары бас қосқан форумда еліміздің ақпарат және мәдениет министрі Дархан Мыңбай айтты. 

"Интеллектуалдық ақпараттарды көптеп алу үшін жаңа бастамаларға бару керек. Яғни, қазақ жеріндегі кітапханалардағы қор әлдеқайда көбеюі шарт. Өзіңіз-ақ алып қараңызшы, бұл дегеніміз ұлттың электрондық миы емес пе?! Сондықтан, кітапханалардың барлығы кітапқа толып тұру үшін жақсы механизм ойластыру шарт" - деп Дархан Мыңбай хабарлады. 

Министрдің сөзіне сенсек, ауылдық жердің адамдары заманның озық технологияларымен қалай қолдануды білмейді. Тиісінше, ақпарат әлемінен кеш қалып жататын көрінеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 4110-ға жуық мемлекеттік кітапхана бар екен. Оларда төрт миллиондай адам жұмыс жасап жатыр.

Роза Бердіғалиева, Қазақстандағы кітапханашылар ассоциациясының президенті:

"Шынын айту керек, Қазақстандағы кітапханашылардың жалақысы мардымсыз. Өз кезегінде аталған жандардың еңбегі елеулі түрде бағаланбай, көп жағдайда өкініш білдіргеннен басқа амал қалмайды" - дей келе, жастардың бірде-біреуі кітапханашы болғысы келмейтінін алға тартты. Өйткені жалақысы төмен ортада кім жұмыс істесін. 

Айта кетер болсақ, Астанадағы форум ертең де жалғасын табады. Еліміздің мемлекеттік кітапханаларының директорлары мен ТМД-ның жетекші мамандары, халықаралық ұйымдардың белді мүшелері қатысатын жиында көп нәрсе талқыға түспек.

ақпарат көзі:tengrinews.kz

сурет:pm.kz, interesnienovosti.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт 

1245 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 26 қыркүйек 2012, 18:06
Пікірлер
+0
26 қыркүйек 2012, 18:40

Ал мен істер едім кітапханада. Мейлі,жалақысы аз бола берсін,ең бастысы баға жетпес байлықтың қасында жүресін 8-)

+0
26 қыркүйек 2012, 20:14

Әл-Фарабидің кітапханашы болып жүріп қандай деңгей мен ұшпаққа шыққанын ойлағанда еріксіз кітапханашы болуды армандайды екенсіз. Кітаптардың ортасында тыныстаудың өзі неге тұрады.

+0
26 қыркүйек 2012, 20:15

Күндердің бір күні келер, сол уақытта кітапханашы болу әкім болудан да артық болып саналар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...