Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Ғалымдар мамонттың тірі жасушаларын тапты

Ғалымдар мамонттың тірі жасушаларын тапты

Ғалымдар мамонттың тірі жасушаларын тапты

Осыдан 10 мың жыл бұрын жер бетінен түпкілікті жойылып кетті деп саналатын пілдің арғы аталары туралы енді толыққанды зерттеуге болатын сияқты. Мамонтқа қатысты материалдар табылды. 

"Яна-2012" деп аталатын халықаралық палеонтологиялық экспедицияның мүшелері мамонтты зерттеуге қажетті керемет материалдар тауып отыр. Оның ішінде тарихқа дейінгі кезең жануарының тірі жасушалары осы күнге жеткен болып шықты, деп хабарлайды "Интерфакс".

Усть-Янский ауданында болған зерттеу тамыз айында басталған еді. Ресей, Корея, Швеция мен Англия секілді елдің ғалымдарымен бірге Солтүстік-Шығыс Федеральдық университетінің зерттеушілері ат салысты.

"Тамаша жердің төскейінен 100 метр тереңдікте зерттеуге қажетті керемет материалдар тауып отырмыз. Мәселен, мамонттың тірі жасушалары мен терісі, жілік майы дегендей.." -деп Солтүстік-Шығыс Федеральдық университетінің зерттеушісі Семен Григорьев сөз сабақтады.

Аталған экспедицияның зерттеулері жөніндегі қызықты мәліметтер жарты жылдың ішінде газет-журналдарға басылып шықпақ. Ал бейнебаян National Geographic каналынан көрсетілетін болады. 

Өздеріңіз білетіндей, 2011 жылы ғалымдар Усть-Янский ауданында мамонтпен қатар ертедегі бизонның, аттың сүйектерін тапқан болатын. 

сурет:photosof.org

Дайындаған: Фараби Бақыт

2958 6
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 11 қыркүйек 2012, 09:29
Пікірлер
+0
11 қыркүйек 2012, 10:42

қоқынышты жануар ғой өзі :roll:

+0
11 қыркүйек 2012, 10:47

мамонттар өзіме ұнайды...сондай сүйкімді

+0
11 қыркүйек 2012, 10:51

Менің түсінбей тұрғаным... Мамонттар өздері өлгенімен, жасушалары қалай тірі қалады? :roll:

+0
11 қыркүйек 2012, 11:19

жер астының тоңазытқышында сақталыпты ғой...жасушалар да өмір сүре алады екен

+0
11 қыркүйек 2012, 12:31

"мамонт" дегеннің қазақшасы "зіл" емес пе?

+0
11 қыркүйек 2012, 12:51

Кішкентай кезімде "осы зілдей деген дұрыс емес-ау, ЗИЛдай деу керек емес пе?" деуші едім. ЗИЛ деген жүк таситын мәшине бар ғой, сол сияқты ауыр деген балалық ойым сондағы. Кейін зілдің мамонт екенін білгесін барып қана сөздің мағынасын түсіндім^_^

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Қырынуға арналған көбіктен декоративті қағаз жасау
Қырынуға арналған көбіктен декоративті қағаз жасау

Сыйлықтың сыртын қаптауға арналған қағаздарды қолдан жасау

Анамның құшағын сағынып жүрмін
Анамның құшағын сағынып жүрмін

ҚазҰУға түсіп анамды таптым

Добрый кит
Добрый кит

Синий кит әлде Добрый кит ? 50 күндік игі іс

Автор: Nazym Samet

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...