Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Студенттік құрылыс жасағы – үлкен тұлғаларды тәрбиелейтін өмір мектебі

Студенттік құрылыс жасағы – үлкен тұлғаларды тәрбиелейтін өмір мектебі

Студенттік құрылыс жасағы – үлкен тұлғаларды тәрбиелейтін өмір мектебі

Студенттің өткен өмірінің барлығы бүгінгі күнге маңызды екенін ескерсек, студенттік құрылыс жасақтарының маңызы зор дейтін едік. Себебі, студенттер құрылыс жасағының жұмысы қайта жандануда десек қате айтпаймыз. Өткен ғасырларда студенттік өмірді құрылыс жасағынсыз елестету мүмкін болмаған екен. Студенттік құрылыс жасағы - бұл  тұлғаның мінезі сыналып, еңбекқорлығы мен міндет сезімі тәрбиеленетін еңбек майданы. Жас ұрпақты еңбекқорлыққа тәрбиелеуде студенттер құрылыс жасақтарының маңызы зор. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың « Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты  Қазақстан халқына жолдауын және Алматы қаласы Әкімдігінің «Алматы қаласы студенттік құрылыс жасақтарының штабы туралы» қаулысын орындау мақсатымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 2012 жылғы Студенттік құрылыс жасақтары құрылды. Барлық жоғары оқу орындарының көшбасшысы болып саналатын Ұлттық университетіміз студенттерді жұмыспен қамтамасыз ету жолында да алда. Осы орайда біз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көп жылдан бері қажырлы еңбек етіп келе жатқан студенттер құрылыс жасағы штабының бастығы Есенбек Жұмағали мырзамен сұхбаттасқан едік.

Жұмағали мырза, бүгінгі таңдағы студенттер құрылыс жасағының маңыздылығы жайында айтып өтсеңіз.

- Студенттер құрылыс жасағының жұмысын жандандыра отырып, біз  студенттік мықты рухты да тәрбиелейміз. Олай дейтін себебіміз неде? Өйткені, біріншіден атап өткім келетін нәрсе - адамзаттың бүгінгі күнге дейінгі жетістігінің барлығы қажырлы еңбекпен келгендігін ескерсек, өскелең ұрпақты еңбекқорлыққа баулудың, жұмысқа деген құштарлықтарын арттырудың маңызы зор. Міне, осы себепті, елдің абыройын биікке самғататын еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу еліміздің басты міндеті болып табылатынын атап өткім келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік құрылыс жасақтарының мақсаты да – айтып өткенімдей еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу сондай-ақ, студент жастардың уақытын ұтымды пайдалауын қамтамасыз ету. Биылғы 2012 жылдың жаз маусымында Студенттік құрылыс жасақтары штабы құрамына жұмысқа үміткерлер өте көп өтініш білдіргендіктен, студенттер «байқау»  негізінде таңдап алынды. Байқау қорытындысын тәрбие жұмысы жөніндегі департамент, Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдары мен Студенттік құрылыс жасақтарының штабы шығарды. Байқау жұмысында бірінші кезекте оқуда үздік, әлеуметтік жағдайы төмен және қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын 130 үздік студент таңдап алынды. Бұл студенттер университет тарапынан үш мезгіл тегін тамақпен, арнайы формамен қамтамасыз етіліп, жатақханада тегін тұрады. СҚЖ студентінің айлық жалақысы орта есеппен 35 000 теңгені құрайды.

Жұмағали мырза, осы қарашаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарихындағы Студенттік құрылыс жасағының құрылуы турасында айтып берсеңіз.

- Ия, оқу ордамыздың даму тарихында студенттер құрылыс жасағы қозғалысы университеттік еңбек мектебі болды. ҚазҰУ-да алғашқы жасақ 1963 жылы құрылған. Университеттік СҚЖ сарбаздары Қазақстанның қалалары мен ауылдарының, элеватор мен фермалардың, сондай-ақ автомобиль жолдары мен темір жолдарды, өндірістік, мәдени нысандардың құрылысын салуға көмектесіп, Ресейге, Украинаға, Молдавияға, Белоруссияға, Қырғыстанға және Өзбекстанға шықты. Жыл сайын ҚазҰУ жастары Алматы облысының Нарынқол, Талғар, Кеген, Ұйғыр, Іле аудандарында еңбек еткен екен. Топтың нақты нысаны, нақты міндеті және өз жұмысын нақты жоспарлау мүмкіндігі болған. Осының барлығы да шығармашылық пен жарыс рухының жандануына игі ықпал еткен. Жұмыстан кейін әр кеште спортық жарыстар, үгіт топтарының байқаулары, би кештері мен күлкі кештері өткізілген. Бұл үрдіс бүгінгі күні де СҚЖ сарбаздары арасында өз жалғасын табуда.

 - Студенттік құрылыс жасағының өткен тарихына үңіліп қарасақ, сол жылдары СҚЖ-лықтар шет елдерге де шыққан екен. Және тың игеруге де белсене қатысқандығын естідік. Осы жайында атап өтсеңіз.

- Дұрыс айтасың, 70 жылдары Болгарияда, Польшада, Германияда, Венгрияда жұмыс істеген алғашқы интернационалдық студенттер құрылыс жасағы құрылды. СҚЖ сарбаздарының ҚазҰУ қалашығын тұрғызу, әсіресе, инфрақұрылым нысандарын салу, жылу, электр жұмыстарын жүргізу және жатақханалар мен ғимараттарды жабдықтау барысындағы еңбектері орасан зор. ҚазҰУ студенттер құрылыс жасағының еңбектегі жетістіктерін республиканың партиялық және кеңестік органдары мен қоғамдық ұйымдары бірнеше рет атап өтті. 1980 жылы сол кездегі ҚазМУ студенттік құрылыс жасағы «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Презедиумының грамотасымен марапатталғанын атап өтпеске болмас.

- Қазір қарап отырсақ, Студенттік құрылыс жасағынан көптеген қоғам қайраткерлері, белгілі тұлғалар шыққан екен.

- Біріншіден, тағы да атап өтемін, жастарды еңбекқорлыққа тәрбиелеуде Студенттік құрылыс жасақтарының маңызы өте зор! Еліміздегі аз ғана университеттердегі Студенттік құрылыс жасақтары жұмыс жасаса, солардың ішінде сапа жағынан болсын, сан жағынан болсын көш бастап тұрған еліміздің үздік оқу орындарының бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Студентік құрылыс жасақтары екендігін мақтанышпен айта аламын. Расында, бүгінде ел тізгінін қолдарына алып, ел басқарып жүрген  Төтенше және өкілетті елшісі К.Жиглов, А.Волков, сенатор Б.Мұхамеджанов, бұрынғы Әділет министрі З.Балиева, бұрынғы Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  Төрағасы Қ.Мәми, ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов және т.б. профессорлар, ғалымдар, мемлекет қайраткерлері студенттік шақтарын СҚЖ-да еңбек етумен өткізген. Олардың бойындағы еңбекқорлық СҚЖ-да еңбек етумен өткізген. Олардың бойындағы еңбекқорлық СҚЖ-дағы тәрбиеден дарығаны сөзсіз. Міне, бүгінде бірі болашақ экономист, бірі журналист, бірі филолог, бірі болашақ дипломаттар өздерін еңбекке баулуды, еңбекқорлыққа тәрбиелеуді осы ҚазҰУ-дың Студенттік құрылыс жасақтарында үйреніп жатыр. Бұл студенттерден болашақ үлкен тұлғалар шығатындығына кәміл сенемін!

 - Ал бүгінде студенттер құрылыс жасағының сарбаздары нақты қандай жұмыстар атқарады?

 - Жалпы бүгінгі таңда студенттік құрылыс жасақтарының жұмысы жайлы айтар болсақ, атқарылған жұмыстарды он бағытта қарастырсақ болады. Олар барлық бағыттар бойынша университеттегі өндірістік департамент қызметкерлерімен бірігіп жұмыс атқарады. Нақты тоқталар болсақ, СҚЖ ҚазҰУ қалашығы аумағын тазартумен, абаттандыру жұмыстарын жүзеге асырады. Студенттік кампустағы барлық 13 жатақхана мен университет ғимараттарында  және Ректорат ғимаратының бөлмелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. Тізбектеп айтар болсақ, жасақтар тарапынан жасалынған еңбек ұшан теңіз.Кампустардағы заттарды көшіруде, жатақханаларды жөндеуде СҚЖ-ның үлесі зор. Әрине, студенттердің еңбектерінің арқасында жоғары жақтан мақтаулар естіп те жатырмыз. Менің де студенттерге алғыс ретінде сыйлығым бар. Оны студенттердің өзі енді кішкене аз уақыттан кейін біле жатар. Және де бір үлкен қуантатын жаңалық – жақында ғана «Құрылысшылар күніне» орай біздің әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Студенттер құрылыс жасағы ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің арнайы алғыс хатымен марапатталды. Бұл дегеніңіз біз үшін үлкен жетістік! Бұл – студенттеріміздің қажырлы еңбектерінің жемісі деп білеміз!

- СҚЖ-лықтар жұмыстан тыс уақытын қалай өткізетіні қызықты.  

-  Жұмыстын тыс уақытта  студент жасақтар арасында бірнеше мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Бұл студенттің рухани тәрбиесін дамытатыны сөзсіз. Сонымен қатар, іс-шаралар студенттердің бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын нығайтып, жұмысты жұмыла атқаруға, бірге тату-тәтті еңбек етуге септігін тигізуде. Айтар болсақ, осы 2 жарым айдың ішінде бірнеше рет көңілді би кештері, СҚЖ-ның құрамындағы студенттердің туылған күндерін тойлау мақсатында концерттік бағдарламалар өткізілді. СҚЖ-да театр күні аталып, студен т жасақтар бірігіп Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрындағы қойылымдарын тамашалады. Және де ең басты айтып өтетін нәрсе жақында ғана Алматы қалалық «Жасыл ел» жастардың еңбек отряды және ЖОО студенттерінің құрылыс жасағының ұйымдастыруымен мини-футболдан өткен үлкен жарыстан біздің СҚЖ-лықтардың жүлделі бірінші және екінші орындарды жеңіп келуі. Спорттық іс-шараға басқа да ЖОО арасынан 6 команда қатысты. Қазақ бас  сәулет-құрылыс академиясы  (ҚазБСҚА) С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті (ҚазҰМУ) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нен екі команда шықты. Жарыстың қорытындысы бойынша «ҚазҰУ 2» құрамасы бірінші орынға, «ҚазҰУ 1» екінші орынға ие болды.

- Сұхбатыңызға көп рахмет! Тәрбиелеп, ширатып жатқан сарбаздарыңыз биіктерден көріне берсін. Ел тізгінін ұстайтын ерлер мен қылықты қыздар болсын!

P.S. Расында Студенттік құрылыс жасағы  - бұл нағыз болашақ еңбек ерлерін дайындайтын үлкен өмір мектебі. Мен осы Студенттік құрылыс жасағының биылғы жылғы еңбек майданын көрген сарбазы ретінде мұны сенімділікпен, мақтанышпен айта аламын. СҚЖ - болашақ мемлекетіміздің тізгінін ұстайтын нағыз ұлтжанды, қиындықтарға төтеп бере алатын үлкен тұлғалар даярлайтын ошақ. Себебі, сонымен қатар мұндағы студентердің оқуларының озаттары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары болғандықтан да солай болатындығына еш күмәніміз жоқ. Өмір баспалдақтарында жан-жақты тәрбиеленген бүгінгі жас ұрпақ – әрине ертеңгі ел ертеңі, қайталанбас дара тұлға.

 Алдымызда осы жаз айындағы еңбек маусымының соңғы күндері күтіп тұр. Ендігі кезекте «Үздік жасақты», «Үздік командир», «Үздік жауынгер» номинацияларының жеңімпаздарын анықтап, ректордың марапаттауын алатын күндер қалды. Жеңімпаздар мен үздік жұмыс атқарған отыз студент қызықты Ыстықкөл сапарына демалысқа барады.Студенттерге осындай жағдай жасап жатқан университет ректоры Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлына алғысымыз шексіз. Және басқа да университет басшылықтарына үлкен рахметімізді айтамыз.

Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық  университетінің 3-курс студенті Сыдықова Айдана 

1818 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 24 тамыз 2012, 16:10
Пікірлер
+0
24 тамыз 2012, 16:49

Жасасын ҚазҰУ! Жасасын СҚЖ!

+0
24 тамыз 2012, 16:53

алға, КазГУ ) :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...