Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Монғолдардың Қазақстан аумағын жаулап алуы

Монғолдардың Қазақстан аумағын жаулап алуы

Монғолдардың Қазақстан аумағын жаулап алуы

ХІІ ғ. аяғы мен ХІІІ ғ. басында Монғолия жерінде қият-бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баһадурдің баласы Темучин (1155-1227) билік еткен ірі көшпелі мемлекет құрылды. Ол 20 жылға созылған қиян-кескі күрес барысында Монғолияның бүкіл тайпаларын өз қол астына біріктірді. Егер бұрын Монғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген атпен (ең қуатты тайпалардың бірінің аты бойынша) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты Монғолия тайпалары өздерін монғолдар деп атай бастайды да, бұл термин жинақтаушы этникалық-саяси мәнге ие болады. Қытай деректерінде бүкіл Монғолияның халқы «татарлар» деп аталған, осы атау араб, парсы, орыс және батыс европалық деректерге ауысқан. Жалпы «татарлар» атауының шығыс-монғолдық тайпалардың бір бөлігіне ғана қатысы бар. «Татар-монғолдар» және «монғол-татарлар» атауы кейін пайда болған.

ХІІ-ХІІІ ғғ. межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процесі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа – ақсүйек нояндарға және еңбекші халық – араттарға бөлінді.

1206 жылы көктемде Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы болып, онда ол Шыңғыс хан деген атпен монғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан тұсында Монғол империясының астанасы Қарақорым болды. Монғол мемлекеті әскери-әкімшілік ұйым негізінде құрылды. Мемлекет аумағы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Әр аймақ бірнеше түменнен, түмен 10 «мыңдықтан», әр мыңдық – 10 «жүздіктен» тұрады. Армия темірдей тәртібі және жоғары әскери дайындығымен ерекшеленді. Монғолдардың әскери басымдыққа жетуіне Шыңғыс ханның жауапты орындарға этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан батыл да іскер адамдарды қоюы көп әсерін тигізді.

1207-1208 жж. Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі «орман халықтарын» бағындырды. Қазіргі Шығыс Түркістан аумағында тұрған ұйғырлар монғолдарға бағынды. 1211 ж. Шыңғыс ханның қолы Солтүстік Қытайға енді, 1215 ж. олар Цзинь мемлекетінің астанасы Чжунду (Пекин) қаласын жаулап алды. 1217 жылы Цзинь империясы Хуанхэ өзенінің солтүстігінде орналасқан барлық иеліктерінен айырылды.

Шыңғыс ханның негізгі мақсаты батыс елдерін – Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказды, Шығыс Европаны басып алу болды. Батыста монғолдар 1211 жылы алғаш рет Жетісу жеріне келгенімен ұзақ тұрақтай алмады. Бұл жылы монғол әскерін Жетісуға Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастап келген болатын. 1216 жылы Шыңғыс хан өзінің үлкен ұлы Жошыны қыпшақ даласында көшіп-қонып жүрген меркіттерді біржолата талқандауға аттандырды. Жошы Торғай даласында қыпшақтарға қарсы 60 мың әскерімен жорыққа шыққан хорезмшах Мұхаммедтің қолымен кездесіп қалды. Екі жақ күні бойы шайқасты, ал түнде монғолдар жаққан оттарын қалдырған күйі кері шегініп кетті.

Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Осы жылы қаңлы, найман және керей тайпалары жайлаған Жетісу жеріне алғашқы соққы берілді. Бұл кезде Жетісуды наймандардың Күшлік ханы билеп тұрған еді. Оған қарсы Шыңғыс хан өзінің таңдаулы қолбасшыларының бірі Жебені жіберді. Монғолдар жергілікті халыққа ислам дінін жария түрде ұстануға рұқсат етіп, Күшліктің мұсылмандарды қудалауына байланысты халықтың наразылығын тиімді пайдаланды. Сонымен қатар Жетісу халқын өз жағына тарту үшін Шыңғыс хан бұл өлкеде тонаушылық пен қырғынға тиым салды. Көптеген елді мекендер, соның ішінде Баласағұн қаласы ұрыссыз берілді, ал Күшлікті монғолдар Бадахшанда ұстап, өлтірді.

Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға  Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Бұл өңірге басып кіруге «Отырар апаты» деп аталатын оқиға сылтау болды. 1218 жылы жазда Шыңғысханның тапсырмасымен құрамында көпестері мен монғол барлаушылары бар, барлығы 450 адамнан тұратын 500 түйеге теңделген жүгі бар керуен Отырарға аттанады. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестерді жансыздар деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырады, керуен тоналады. Бұған шамданған Шыңғысхан оның қарымтасы ретінде хорезмшах Мұхаммедтен Қайыр ханды ұстап беруді талап етіп, елшілерін жібереді, ал хорезмшахтың келген елшілерді өлтіруі соғысқа сылтау болады.

Шыңғысхан Орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 150 мың адамы бар қалың қол жіберді. Әскери жорық 1219 жылы қыркүйекте Ертіс жағалауынан басталды. Отырар қаласы қоршауға алынды. Өзінің әскерін үш топқа бөлген Шыңғысхан бір бөлігін Отырарды алу үшін ұлдары Шағатай мен Үгедейге қалдырды, үлкен ұлы Жошы бастаған екінші бөлігін Сырдарияның төменгі ағысына аттандырды. Өзі Бұқараға бет алды. Отырар билеушісі Қайыр хан ерлікпен шайқасты, ол басқарған әскер мен қала тұрғындары басқыншыларға қарсы табан тіресе қарсылық көрсетті, қаланы 5 ай бойы ұстап тұрды. Бесінші айдың аяғында хорезмдік әскербасы Қараджа хаджиб опасыздық жасап, қаланың қақпасын ашып, 10 мың әскерімен монғолдар жағына шығып кетіп, оларды қалаға жіберіп қойды, кейін оның өзі осы опасыздығы үшін монғолдар тарапынан өлтірілді. Қайыр хан өз жауынгерлерімен қамалда тағы бір ай қорғанды. Бірақ күш тең болмады, қамал қиратылды, 1220 жылы ақпанда Отырар қаласы алынды, Қайыр хан қолға түсіп, қатал жазаланып өлтірілді.

Отырар сияқты Сыр бойындағы Сығанақ, Ашнас және т.б. қалалар тұрғындары да монғолдарға қатты қарсылық көрсетті. Араб және парсы тіліндегі тарихи деректерде монғолдар халқын түгелдей қырып, күл-талқан қиратқан отыз шақты қалалар аталады. Олардың ішінде оңтүстікқазақстандық Отырар, Сығанақ, Ашнас қалалары бар.

Монғолдар Сырдария өңіріндегі қалаларды бағындырып, Орта Азияға қарай ішкеріледі. Үргенішті қоршауға алу бірнеше айға созылды. Монғолдар Бұқарды, Самарқанды алды, Хорезм жаулап алынды. 1221 жылы көктемінде монғолдар Орта Азияны жаулап алуды аяқтады.

Енді соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Индия территориясына ауысты. Қолбасшылар Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Ираннан шығып, 1220 жылы Кавказға басып кірді. Бұл әскер армян, грузин, алан, қыпшақ және орыс әскерлерін Қалқа өзенінің бойында талқандап, 1224 жылы Шығыс Дешті Қыпшақ даласы арқылы Шыңғысханның Ертіс бойындағы ордасына оралды. Сөйтіп, 1219-1224 жж. монғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан Шыңғысхан империясының құрамына кірді.

Шыңғысхан көзінің тірісінде ұлан-байтақ аумақты алып жатқан жаулап алған жерлерін бәйбішесі Бөртеден туған ұлдарының санына қарай төрт ұлысқа бөлді. Кіші ұлы Төле Шыңғысханның негізгі жұртын – Монғолияның өзін, сондай-ақ монғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын иеленді. Үшінші ұлы Үгедейге Монғолияның батыс бөлігі, Жоңғария мен Шығыс Түркістан аймағы қарады. Оның ұлысының орталығы жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағында орналасты. Шыңғысханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі, яғни Жетісу мен Мәуераннахрды қамтыды. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай төменгі Еділге дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақты қамтыды. Сонымен Қазақстанның аумағы монғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен бөлігі – Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына кірді.

58452 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 09 қаңтар 2012, 09:00
Пікірлер
+0
09 қаңтар 2012, 11:57

"...ол Шыңғыс хан деген атпен монғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде жарияланды..." моңғолдардың? не ұқтыңыз? не түсіндіңіз? Кезіндегі тар шеңберде жазылған тарихта бастырмалатқандары несі? деректер қайдан алынды? нақтырақ айтсаңыздар?

+0
11 ақпан 2015, 20:09

Мынау қайдан алынған жалған тарих,ешқандай дәлелсіз жазылғанынын мынадан аңғаруға болады: Біріншіден: Шыңғысхан Моңғол емес,Жалайыр руынан(Жалайырдың шын есімі Мерке,Үйсіннен шыққан Ұлы жүздердің аталары ).Екіншіден: Моңғол Шынғысхандар кіп кішкентай,қойдан сәл ғана үлкен,жермен-жексен пони аттарына мініп қалайша қазақстанды жаулап алыпты,құлаққа кірмейді,міне өтірік.Үшіншіден:1219-1224 жылы моңғол шапқыншылығының нәтижесінде,Қазақстан Шыңғысханның империясының құрамына кірді дейді,бұл тағы өтірік,ол 1219-1224 жылы қайдағы Қазақстан,Қазақстан мемлекеті болмақ түгілі атауы да болмаған,ол заманда біздің територияда өмір сүрген тайпалар ру аттарымен аталған.

+0
11 ақпан 2015, 20:36

Шынғысханның шын есімі Темір (Теміршін,Тэмучин лақап аты)
Нақтырақ айтқанда- Темірдің (Шыңғыс ханның) руы "Жалайыр"(Жалайырдың шын есімі Мерке(меркіт емес),Мерке тайпасынан шыққан.Жалайырдан Манақ-Орақты-Андас-Ор-Онтұр-Бәкір-Ұзық-Тор-Көк-Бөгде-Қара-Бұрық-Кер-Құмыр-Бұрыл-Шамшы-Тілеуберді-Қашау-Досан-Тұрымтай(атақты шешен болған)-Тұмағұл-Дін-Баян-Есугей-Темір(Шыңғысхан).Ол кезде Моңғол,Қазақ атауы әлі қалыптаспаған(болмаған).Әр тайпаларды ру атымен атаған.

Темірдің(Теміршін)(Шыңғыс ханның) Жошы,Шағатай,Үгедей,Төле есімді төрт балалары болған.Темірді(Шынғысханды) алғаш ақ киізге салып төбелеріне Хан көтерген де Найман тауында(кейінірек Шыңғыс тау атанған)Дегелең төңірегіндегі Арғын,Алшын,Үйсін,Найман,Жалайырлар болатын.Бұл Хижра күнтізбесі бойынша 605-ші жыл еді.

Темірдің (Шыңғысханның) 500 000 әскері болды,әскерді бастағандарыдың көбі біздің түркілер қазақтар еді.Темірдің(Шыңғысханның) қолында Моңғолдар да болды,олар бары-жоғы 4500 адам ғана.32 000 татарлар да бар еді.Шыңғыс ханның жарты миллион соғыс қолы тегіс Түркі тілінде сөйлейтін,450 мыңдайы Арыстың бес баласының үрім-бұтақтары болатын.Шыңғыс сауаты жоқ адам болған,оның барлық шешімі,өкілі Ұран-Майқы мен Тоқы бидің құптауынсыз жүзеге аспады. Шыңғысхан өте әділдікті ғана қолдайтын адам болды,әділетсіздікке жаны қас болды,әділетсіз шешім қабылдағандарды аяусыз жазалап отырған.Шыңғыс жер бетіне әділдік орнатуды көксеген,осы қазақ териториясының тұтастығын сақтаған.Ол жастайынан қара қытай басқыншыларына жаны қас болып өскен.Сондықтан қазақ даласындағы қалаларға қытайдың жымысқы тыңшылары барын естісе жермен жексен етіп қиратып тастайтын болған,бұның бәрі елін,жерін аман сақтау мақсатында іске асырған.

*******************************************

Темірдің(Шыңғыс ханның) арғы аталары:

1.Үйсін-Бай-Шора-Алым-Есен-Асау-Жүз-Дәу-Елсау-Нулы-Абыл-Қайыр-Бақ-Таң-Пәр-Мән-Майқы(Майқы би)-Ұзын-Сақ-Ал-Иба-Райым-Бармақ-Он-Тағар-Озбай-Оңбай-Егін-Азбан-Әшеке-Үйсіл-Сақал-Жан-Мерке(ЖАЛАЙЫР)-Манақ-Орақты-Андас-Ор-Онтұр-Бәкір-Ұзық-Тор-Көк-Бөгде-Қара-Бұрық-Кер-Құмыр-Бұрыл-Шамшы-Тілеуберді-Қашау-Досан-тұрымтай(атақты шешен болған)-Тұмағұл-Діл-Баян-ЕСУГЕЙ-ТЕМІР(Теміршін),(Шыңғысхан)-Жошы,Шағатай,Үгедей,Төле(бұлар ұлдары,тағы екі қызы болған).Шынғысханды біреулер орта жүз тайпасына жатқызғылары келеді,бірақ ол өтірік.Шыңғысхан негізі Ұлы жүздің арғы атасы,Оның ұрпақтары қазіргі Үйсін жеріндегі Ұлы жүз Жалайырлар.
*************************************
Темір ( Шыңғыс хан) шын негізінде Моңғол да емес,Қытай да емес.Адай да емес,Керей де емес,Найман да емес,Темір(Шынғысхан)Ұлы жүздің ҮЙСІН тайпасының ұрпағына жатады.(Тарихшы В.Белинский де сәл қателеседі,ол мұнда ғана Шыңғысханың қазақ екеніне дәлелдер келтірген екен).

Ал мен бұл нағыз тарихты "Түп-тұқияннан өзіме шейін" атты 18 ғасырда өмір сүрген Шапырашты Қазбек бек Тауасар ұлының кітабын оқып,содан жазып отырмын.Бұл кітаптің түп нұсқасы қаншама жылдар бойы жер астына көміліп жасырынып жатқан,арабшадан қазақшаға аударылған.Кеңес өкіметінің кезінде бұл кітапты ашық жариялай алмаған көрінеді,Қазақтың тарихын ұмытқызу саясаты солай болған.

Осы өңделіп 1993 жылы басылып шыққан"Түп-Тұқияннан өзіме шейін"атты кітапты тауып оқысаңыздар жалғыз Шыңғысханды ғана емес,бүкіл қазақтың батырлары,хандары,билері жайлы білесіздер,жалпы Қазақ тарихын егжей-тегжейлі білетін боласыңдар.Бұл кітапты оқымаған адам,тарихты білем деп көкірегін қақпай ақ қойсын.

+0
13 ақпан 2015, 22:59

Ұлы жүздің Үйсін атамызға дейінгі аталарымыз: Мұхаммед Пайғамбар туғаннан 1900 жыл бұрын Қадыр,Қалша деген аталарымыз болған. Қадыр баласы-Алаш. Біздің ұранымыз Алаш болуы да осыдан. Алаштан-Жайыл, Жайылдан-Қазақ,Қазақтан-Жұман,Тұман екі ұл.Жұманнан екі ұл- Арыс,Сабыр. Арыс ірі,өте күшті, айбатты адам болыпты. Содан қазақта "Арыстай" екен деген осыдан қалған.Арыстың алты ұлы болған.Ақ, Пан, Жан, Бол, Бек, Бал. Пан үйленбеген, одан тұяқ қалмаған. Содан Арыстың бес баласынан тараған ұрпақтары дейді.Ақ деген атамыздың Киікбай(Кейкі) деген жалғыз ұлы болыпты. Одан Төбей, Моған екі ұл. Төбейден-Бақтияр, Бәйтерек, Жаңылық. Бәйтеректен- қазіргі Қаңлы,Шанышқылы соның тұқымы. Бақтиярдан-Қотан, Қора, Болат, Алшын.Қотаннан-Үйсін, Байсын, Исін.

Үйсін-Бай-Шора-Алым-Есен-Асау-Жүз-Дәу-Елсау-Нулы-Абыл-Қайыр-Бақ-Таң-Пәр-Мән-Майқы(Майқы би)-Ұзын-Сақ-Ал-Иба-Райым-Бармақ-Он-Тағар-Озбай-Оңбай-Егін-Азбан-Әшеке-Үйсіл-Сақал-Жан-Мерке(ЖАЛАЙЫР)-Манақ-Орақты-Андас-Ор-Онтұр-Бәкір-Ұзық-Тор-Көк-Бөгде-Қара-Бұрық-Кер-Құмыр-Бұрыл-Шамшы-Тілеуберді-Қашау-Досан-Тұрымтай(атақты шешен болған)-Тұмағұл-Діл-Баян- ЕСУГЕЙ - ТЕМІР (Шыңғысхан)-балалары Жошы,Шағатай,Үгедей,Төле.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...