Жапон ғалымдары жаңбыр шақырудың тиімді жолын тауыпты

Жапон ғалымдары жаңбыр шақырудың тиімді жолын тауыпты

Цукуба университетінің ғалымдары жаңбыр шақырудың ең тиімді әдісін тауыпты. Бұл жолы тағы да кока-коланың қатысы бар болып шықты. Қорықпаңыз, жақсы жағынан екен. Ғалымдардың сөзіне сенсек, "Кока-кола" құтысындағы ингредиент бұлт шақырудың бірден-бір тиімді жолы болып шыққан.

Аталған сөзді шындыққа айналдыру ғалымдарға қиынға соқпапты. Олар тік ұшаққа мініп алып, Мияке аралына төбеден сұйық көмір қышқылын шашып шыққан. Содан араға көп уақыт салмай жатып-ақ аралға шелектеп тұрып нөсер құйып берген. 

Ғылымның тілімен айтсақ, көмір қышқылы бұлттармен бірге буға айналып кетеді. Нәтижесінде ауадағы температура төмендеп,  бұлттардың тығыздалуына алып келеді. Сосын барып су тамшылары мұз түйіршіктеріне айналып, жаңбыр жауады екен. 

Және бір қоса кетеріміз, ғалымдар жаңбыр жаудыруға күміс иодидтен гөрі көмір қышқылының әлдеқайда тиімді екенін (үлкен жауын шақырады) және еш зияны жоқтығын тілге тиек етіп отыр. 

Сурет: diletant.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига