Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Жер бетіндегі бал араларының қырылуы

Жер бетіндегі бал араларының қырылуы

Жер бетіндегі бал араларының қырылуы

Эйнштейн шалдың "жер бетінде ара құрыса, адамзат та құриды.."-деген бір ауыз сөзі бүгінгі таңда талайдың көңілін күпті қылып отыр. Аралардың құрып, жойылып бара жатқаны аз жылдарда ғаламшардың ең өзекті мәселесіне айналып жатса, таңғалмаңыз. Оған себеп Варроа таскене-тоғышарының таратып жатқан вирусы. Яғни тажал індеті күн санап жайылып бара жатыр. Бұл жөнінде қоғамдық Science журналы дабыл қағып, алдын алу шараларын ойластыруда.

Гавайда зерттеу жасап жатқан ағылшын оқымыстылары осы бір таскенені (Варроа таскене-тоғышарын айтып отыр) өте нәзік инкубатор деп атайды. Біріншіден, бұл инкубатор асқынған ауру түрін бунақденелілердің қантамырлар жүйесіне таратып, "Формасы өзгерген Гава вирусы" деген атпен тарататын болып шықты.

Гавай аралына Варрораның келгеніне бес-ақ жыл болыпты. Және оны ғалымдар Калифорния штатынан алып келген екен... Бірақ бүгінде бақытқа орай Варрора тескенесі таралмаған аралдар баршылық. Ендігі кезекте зерттеушілер жұқпалы ауру тараған аралар колониясын бөліп алып, таратып жүрмеуі үшін алдын ала сақтық шараларына кірісуде. 

Зерттеуге басшылық жасап жүрген Стивен Мартин дәрігердің пікірінше, індет жұқтырған аралардың қандарында аурудың сан алуан штамы, қойыртпағы араласып жатқан болып шықты. Және аталған ауру түрінің өте өміршең болу себебі - қан құрамына бөгде бір нәрсені қосатындығынан. 

Вирустың аз ғана бөлшегі зақымданған ағзаға енеді. Сол арқылы бүкіл ағзаны өз иелігіне көшіріп, тұтастай бағындырып алады. Сәл ғана қатердің өзі жұқтыруға жетеді.

Сонымен, ара болмаса, тозаңдану болмайды. Ол болмаса, тіршілік құриды. Ол болмаса... Осылай тізе берсек, кете береді. Ең бастысы тіршілік механизмінің бұзылмауын тілейік.

Сурет: stihi.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

3173 10
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 11 маусым 2012, 19:05
Пікірлер
+0
11 маусым 2012, 19:47

Ойбу, болды енді араларды өлтірмеймін. :)

+0
11 маусым 2012, 20:03

сіз де ара өлтіресіз бе? ал мен өз басым араны аямаймын...себебі, бала кезде есім кетіп, өшім қалып қойған болатын...

+0
11 маусым 2012, 21:49

Мазамды алғандарды өлтіре саламын. :lol:

+0
12 маусым 2012, 09:54

қыз баласының кегі деген жаман...анамның айтқан сөзінде жан бар екен ғой...

+0
12 маусым 2012, 13:11

Ойбай, Фара, мені қанішер етіп қойдың ғой. Құрысын, қалжың ғой. Ара көрсем "Соль, вода, соль, вода" деп отыра қалғаным болмаса оны өлтіруге батылым бармас.

+0
12 маусым 2012, 14:17

жоқ, мен қанішер дегенім жоқ...керісінше ғой

+0
12 маусым 2012, 12:43

Ойбай аралар өлмей тұрыңдаррр! Аралар аман болыңдар! ;)

+0
12 маусым 2012, 15:32

қорқам оларды өлтіруге

+0
31 наурыз 2016, 10:53

Бул макала туралы кай дерекозден коруге болады?

+0
31 наурыз 2016, 12:23

Дереккөзі Массагет деп алсаңыз болады. Әлде сізге тағы да қосымша ақпарат қажет пе еді?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жасанды тіс-имплантат
Жасанды тіс-имплантат

Оқып,көңіліңізбен бөлісе отырыңыз!

Тыйым салынған махаббат
Тыйым салынған махаббат

Кино-сериалдағы махаббат өмірде бар ма екен деген сұраққа жауап

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...