2015 жылы Қазақстанда ЖОО-ға түсу ережесі өзгеруі мүмкін

2015 жылы Қазақстанда ЖОО-ға түсу ережесі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда 2015-2016 жылдары жоғары оқу орнына түсу жүйесі өзгеруі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы Алматы филиалының ғылыми-әдістемелік зертханасы меңгерушісі Нағашыбек Камет мәлімдеді.

«Оқушылар ҰБТ тапсыру нәтижесінде тек ақылы бөлімге қабылданатын болады», - дейді ол. Камет мырзаның айтуынша, мемлекеттік грант иегері атану үшін талапкер қосымша сынақтардан өтуге тиісті болады. «Қазіргі кезде жүйенің қалай өтетіні белгісіз. Қажетті құжаттар дайындалып, қол қойылғаннан соң, аталған мәселе бойынша толық әрі нақты жауап айтылады», - деді Нағышыбек Камет.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда 2012 жылғы ҰБТ өткізілу форматы өзгеріссіз қалды. Білім және ғылым министрлігі ақпаратына сәйкес тестілеу бұрынғыдай бес пән бойынша қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Тестілеу ұзақтығы – 210 минут немесе 3,5 сағат.

Биылғы талапкерлерге Массагет.кз сайты ҰБТ тесттерінің сынама нұсқалары мен тарих пәні бойынша қосымша ақпараттар ұсынады. 

Сурет: gazeta.ru

Ж. FM