Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Иель университеті

Иель университеті

Ақылды профессорлар, кітаптқа бай кітапханалар, жасыл желекке боялған бақшалар – бәрі-бәрі Иель университетінің кішкене ғана көрінісі. Бүгін сіздерге осы жоғары оқу орны туралы мәлімет береміз.

Аталған университеттің өз алдына ерекшеліктері бар. Мәселен, бір жыл көлемінде белгілі бір мамандық жоқ. Қалайша? Осынау жоғары оқу орнына түскен шәкірт бір жыл бойы оқып жүріп, өзі қалаған мамандықты таңдайтын болады. Және шәкірттің жеке дарыны мен қарым-қабілетіне аса қатты мән беріледі.

Қабылдау мерзімі

31 желтоқсанға дейін сұраным тапсыру қажет. Ал емтихан қаңтар айында өтеді. Аталған сұранымда бәрі жазылуға тиісті. Сұраным ішінде оқытушылардың мінездемесі болуы керек. Және оқыған жері туралы деректер топтастырылуы тиіс.

Оқуға түсу тәртібі

Түлек 17 жасқа толуы керек. Жеткен жетістіктері (облыс, республика көлемінде) жазылуы ләзім. Төменгі балдар: Internet-TOEFL — 100 балл, IELTS — 7, SAT-Verbal — 700–790, SAT-Math — 700–800, SAT-Writing — 710–790, ACT — 30–35.

Алғашқы сынақтар 

Мына тестерден өту керек: SAT-verbal, SAT-Math, SAT-Writing, TOEFL немесе IELTS. Қабылдау комиссиясы үміткерлердің дайындық дәрежесін анықтау мақсатында әрбір шетел азаматын жеке-жеке тексеріп шығады. Оқуға түсуді біріншіден институт сайтында жеке аккаунт ашудан және сұранымды толтырудан бастау керек. Сосын сайтта көрсетілген электронды пошта арқылы сұхбаттасу күнін білген жөн. Осыдан соң сұраным бергендер іріктеліп, үміткерлерге алдағы емтихандар (таңдалған программаға сәйкес тапсырылатын тестер) жайында хабарлама жіберіледі. 

Оқу құны:

2010 жылғы шәкірттердің кіріс-шығысына жұмсаған ақша көлемі 55 850$-ды құраған. Әр шәкірт өзіне, яки жыл бойына тек оқу үшін 40 500$ жұмсайтын болып шықты.

Гранттар:

Отбасындағы жылдық табысы 65 000$ құрайтын шәкірттер тегін оқуға мүмкіндігі бар. Иель университетінде оқитын студенттердің 57 % жеңілдікпен оқиды. Қаржылай көмектер де алады. 

Кампус

Осынау жоғарғы оқу орнының символы алғашында Handsome Dan атты бульдог болған. 1889 жылы аталған символ Handsome Dan XVI атты итке ауыстырылды. Және әр иттің тарихы мен ғұмыры кітап болып жазылған.

Иель университетінің негізгі символы Нью-Хевенде орналасқан. Оның көлемі 260 акр жерді құрайды. Коннектикутадағы саябақ пен гольф алаңынан да үлкен. Кампус 439 құрылыстан тұрады. Әр құрылыстың өз бедері мен нақышы өз алдына бір бөлек дүниедей. Мәселен, бір құрылыстарда осы оқу орнына еңбегі сіңген оқытушылар мен ғалымдар бейнеленсе, ал екіншісінде демалып отырған студенттердің суреті берілген.

Осынау кампусты қорғайтын полиция департаменті орналасқан. Ол 1894 жылы құрылған. Кампустарға жақын жерлерде байланыс телефондары орналасқан. Бәрі де тәртіп бұзушылықтың алдын алу үшін.

 

Кітапхана мен мұражай

Иель университетінің кітапханасы әлемдегі ең үздік зерттеу орталығы болып саналады. 22 қабаттық кампустан 3 миллионға жуық кітап табылады. Аталған кітаптардың электрондық түрлері де қолданылады. Ал мұражайы болса Yale University Art Gallery, Yale Center for British Art, Peabody Museum of Natural History и Collection of Musical Instruments атты бөліктерден тұрады. 

Дәстүр. XX ғасырларда студенттер арасында үрленген шармен ойнау дәстүрге айналып кетті. Оған дейін Теодор Вулсидің ескерткішіне барып, қол тигізу салт болатын.

Ең таңдаулы спорт түрі. Желкенді қайықпен жүзу мен хоккей. Және  Frisbie Pie компаниясының қалдықтарын лақтырудан пайда болған, студентерге қызықты фрисьи ойыны.

Lesbian & Gay Studies Йель. Осынау жоғары оқу орнының ерекшелігі болып саналады. Ер мен ер арасындағы махаббат 1986 жылдан бері танымал  бола бастады.  Университеттің ғалымдары осы тақырып турасында зерттеулер жасаудан әлемді аузына қаратумен келеді.

Суреттер: theoryandpractice.ru

2739 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 05 сәуір 2012, 15:12
Пікірлер
+0
05 сәуір 2012, 15:57

ғимараты өзгеше )

+0
05 сәуір 2012, 23:33

Мамандық таңдау дегені жақсы екен...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...