Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Ағылшын тілін үйрену қиын емес

Ағылшын тілін үйрену қиын емес

Ағылшын тілін үйрену қиын емес

Арнайы курстар мен үй тапсырмасынсыз-ақ, ағылшын тілін үйренуге болады.

Бейнебаян көріңіз

YouTube-тан ағылшынша кинолар мен сериал, роликтерді көрер болсаңыз, онда уақыт алдында кінәлі болмайсыз. Және ағылшын тілін үйреніп те қаласыз. House M.D. или Misfits сізге ағылшынды 100 пайыз үйретеді деп айта алмаймыз. Алайда, ағылшын сөзіне құлағыңыз үйреніп, айтылуының дұрыс жолын, лексикасын біршама біліп қаласыз. Ол үшін субтитрі бар, көруге оңай кинолардан бастағаныңыз дұрыс болар. Сол арқылы күрделі киноларды көруге икемделіп, субтитрді қажет етпейтін де боласыз. Бұның бәрі жай айтыла салған сөз емес. Сондықтан күнде бір уақытта ағылшын тіліне көңіл бөліп тұрыңыз. BBC арнасының жаңалықтарымен басталған ағылшын тілін үйрену ниетіңіз бірнеше ай уақыт көлемінде жақсы көрсеткіштерге жеткізуі әбден ықтимал.

Интернет желісінде жаңалықтар мен кинолардан басқа  ағылшын тілін үйрену сабақтары бар. Аталған сабақтар жетіп артылып жатыр. Күніне қаншама ерікті адамдардың оқып үйренуі үшін  материалдар қосып, үсті-үстіне үстемелеп жатады. Солардың ең жақсыларын кіріп көріңіз. 

Кітап оқыңыз

Әйтсе де, көгілдір экран алдында отыруға ата-анаңыз рұқсат етпесе, онда сізге кітап көмектеседі. Кітап болғанда да тілі жеңіл, тұрмыстық кітапты айтып отырмыз. Бұндай кітаптардың пайдасы ағылшын тілін үйренушілерге аз тимепті. Оны санамалып жеткізе алмаймыз. Ең бастысы, сіз күніге таңғы салқын ауамен ерте тұрып кітап оқып, оны түсінуге зер қойсаңыз, алда-жалда арнайы курстарға барып жүргендерден де артық білім алуыңызға болады. Себебі, таңертең оқыған кітап басқа уақытта оқыған кітаптарға қарағанда өтімді болады. Түні бойы демалған ми клеткалары кез келген ақпаратты жинап алуға бейім тұрады. Оның үстіне көзқарасыңыз бір ғана дүниеге бағыт алады. Тағы бір ескертетін жағдай, өзіңізді қинап еш уақытта кітап оқымаңыз. Ол сіздің пайдаңызға емес, үлкен бір олқылыққа айналуы мүмкін.  Уақытыңыз бір мезетке босап қалса, қойын қалтадан кітапты суырып алып, оқыған дүниеңізді бір қарап шығуыңызға болады. Есіңізге барлық бұрынғы оқығандарыңыз қайта келіп, одан бетер жақсы сақтала түседі.

Демалыңыз

Шаршап келіп, төсекке жата тұрғыңыз келеді. Бір сәтке болса да тынығып алуды артық көрмейсіз. Алайда ұйықтап та қатырмайсыз. Себебі, жан-жағыңыз шулап жатқанда тынығу қайдан болсын. Бір сәт өткен күннің қызығы мен шыжығын өзіңізше бағамдап, ой-пікірлеріңізді бір арнаға жинастырып әуре боласыз. Және белгілі бір бағытқа ұзақ үңіліп кетесіз. Ал сол бағытта ағылшын сөздері (қазақшасымен) тұрса, не болар еді? Онда міндетті түрде оқисыз. Біздің психология солай құрылған. Тіпті, қарап жатып та жаттап аласыз. Ол үшін өзіңіз көп жүретін немесе тынығатын кереуеттің маңдайшасына, қабырғаның орта тұстарына, көзіңіз түсетін жердің бәріне де іліп тастаңыз. Соларды күнде қарап жүргенде, көзіңізге оттай басылып қалады. Әрине, бұл жерде көздің көп нәрсе атқарары белгілі. Өйткені, естігеннен гөрі, көзбен көрген дүниелер жадымызда жақсы сақталады.

Жұмыс жасаңыз

Ер баланың сыртта жүріп оқуға қолы тимейді. Ал қыз балаға үй ішінің жұмыстары бұйырады. Сондағы жұмыс: үй жинастыру, ыдыс-аяқ жуу, т.б. Оқуға үлкен мүмкіндік. Ыдыс-аяқ жуылатын жердегі қабырғаға ағылшын тілінің сөздерін іліп қойыңыз. Бір көзіңіз ыдыс-аяқта болған кезде, екінші көзіңіз бос қалмасын! Қалжың ғой. Мүмкіндіктің көп екенін айтып тұрмыз. Оның үстіне ыдыс-аяқ жуатын заттардың атауы да көбіне ағылшынша болып келеді. Соларды құрастырып көрсеңіз де болады. 

Өзіңіз қалай қабылдасаңыз, дүние солай қарай күрделене береді. Адам қолынан келмейтін дүние жоқ. Егер сіз үлкен арман мен таудай талаппен жүрер болсаңыз, бір тіл емес жүз тілді де үйреніп шығасыз. Сенбей отырған шығарсыз?! Онда сіз мына әңгімені естімепсіз ғой!

...Баяғыда бір баланың анасы әл үстінде жатыпты. Баласы болса, өлер алдындағы ана сөзін күтсе керек. Содан анасы баласына ештеңе айтпай жүріп кетіпті. Тек, баласына айтар өсиеті мен арман-тілегін бір кітапқа жазған екен. "Сол кітапты міндетті түрде оқып шық,"-депті. Ол кітапта  байлыққа жетудің ең қысқа жолдары да айтылыпты. Ал не керек, анасыз қалған қу жетім қайда бармақ?Әупірімдеп жүріп оқуға түскен. Әлгі өсиет жазылған кітапты оқуға ден қойған. Қолына алып отырып оқыған кітап оныншы бетке келгенде, басқа тілге ауысып сала берген. Ағылшын тілі екен. Ана сөзін жерге тастайтын бала болар ма екен, ағылшын тілін меңгерген. Ал енді  білдім-ау деп  келіп оқыса, он бетттен кейін басқа тіл шыққан. Сөйтсе, қытай тілі екен. Оны да меңгеріп алып келіп  оқыса, тағы он беттен кейін басқа тіл шыққан. Алма-кезек жалғаса берген. Күндердің күні көп тілде жазылған өсиет кітабын бала түгел оқып бітіпті. Көптеген тілді біліп алған баласы бақытты ғұмыр кешкен екен.

Айтпақшы, біздің сайтта жаңа жобамызағылшын тілін үйрету сабағы пайда болды. Осы жаққа да көз жүгірте отырыңыз!

Форумда талқылау

Суреттер: englishforbeginners.ru

120266 6
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 30 наурыз 2012, 10:14
Пікірлер
+0
30 наурыз 2012, 10:53

иә, ең бірінші мына жағаға жармасып алған жалқаулықты жеңу керек, сосын қалғаны түк емес қой ;)

+0
30 наурыз 2012, 11:18

шынымен :!:

+0
30 наурыз 2012, 18:08

Менің алғашында неміс тілін оқығаным қиын болды, енді ағылшын тіліндегі сөздерді немісше оқи берем. Сол ағылшын тіліне дұрыстап ден қою керек боп жүр.

+0
30 наурыз 2012, 18:14

Практика ғой көп нәрседен көмек беретін.

+0
31 наурыз 2012, 01:28

Мен неміс, ағылшын, испан, румын тілдерін тап-таза оқи алам бірақ түснбим :D а француз тілін өте қиын оқу, апостровтар өте көп......

+0
23 қаңтар, 11:43

Мен казак тилден баска тилдердi мулдем билмеймiн немiс тилин менгерсем келешек енбек ете аламба

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...