Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Психологиялық эффектілер

Психологиялық эффектілер

Психологиялық эффектілер

Бүгінгі мақаламыздан білетіндеріңіз: эволюция жүрісі адамзат бағытын өзгертуі мүмкін бе, адамдар өздеріне біреулер қарап тұрғанда, жақсы сөйлей ме немесе жаман сөйлей ме, неге кейбір "аналар" (зерттеу) өздерінің дүниеге әлі келіп үлгермеген балаларын қасақана өлтіреді және тағысын басқа.

Олли әсері (эффектісі)

Олли әсері – популяцияның сандық мөлшеріне популяция өсімінінің тікелей қатынасын түсіндіретін биологиялық құбылыс. Бұл жерде халық санына орай, өсімнің де көбейетіні тілге тиек етіледі.

"Олли әсері" атауы популяция өсімі туралы түсінікті түбегейлі өзгерткен америкалық зоолог Уолтер Клайд Оллидің құрметіне қойылған. 

Өз уақытында оның зерттеулерінде популяция өсімі әйел адамның аздығымен түсіндірілетін еді. Басқаша айтқанда, популяция өсімі әйел заты көп жерде баяу, ал аз жерде жылдам өсуі қажет. Алайда, Оллидің ендігі бір зерттеулері дәлелдегендей, популяция өсімі төмендеген жағдайда, жұптасып өмір сүрудің де кері кететінін анықталған - сондықтан өсім өздігінен баяу өспек.

Тұжырым: популяцияда әйел заты көп болған сайын, соғұрлым өсім де жоғарыламақ.

Аудитория әсері және ығыстыру теориясы

Аудитория әсері – арнаулы міндетпен көпшіліктің алдында тұрған бір адамға немесе бір топ адамға аудиторияның әсері. XX ғасырдың 30 жылдары ашылған. Екі қарама-қарсы құбылыстан тұрады: аудитория немесе көпшіліктің алдында біршама адам өздерін жақсы ұстау қасиетіне ие, немесе керісінше  (сол уақытта ендігі бір адамдардың бойында ыңғайсыз сезім туындап, жаман көрсеткішке қол жеткізуі мүмкін).

1965 жылы әлеуметтанушы психолог Роберт Зайонц Аудитория әсерінің ығыстыру теориясымен қатысты екенін анықтаған. Зайонц дәлелдей алғандай: аудиторияның позитивті немесе негативті әсері бастысынан атқарылар міндеттің "жеңілдігіне" байланысты. Егер, мәселен, сөз сөйлеп тұрған адам аудиторияны жеңетінін білсе (өзіне толыққанды сенімді болса. Бір уақыттағы Гитлер сияқты), онда сөйленген сөз жоғары деңгейде шығатын болады. Ал егер өзіне сенімді болмаса, өкінішке орай, аудитория тарапынан өз бағасын төмендетуге ұшырайды.

Пигмалион әсері

Пигмалион әсері аудитория әсері мен ығыстыру теориясымен тікелей байланысты, сөз сөйлеген адамның толыққанды күткенін, яғни сенімді жеңісін және жоғары деңгейлі нәтижені құрайды. 

"Пигмалион әсері" атауы Бернард Шоудың «Пигмалион» пьесасының ("Менің әп-әдемі ханшам" киносы түсірілген болатын) құрметіне орай қойылған, ара-тұра "Розенталь әсері" деп те айта береді.

Сонымен қатар, Пигмалион әсеріне қарама-қарсы эффект те бар. Оның бар мәні: төмен көрсеткіштегі дәмелену (адамның өзінен күткені) төмен көрсеткіштегі сөз сөйлеуге алып келеді. Білмей жүрсеңіз, "Голем әсері" дегеніміз сол. 

Пигмалион әсері жеңіл атлетика, бизнес, әсіресе, білім салаларында кең түрде зерттелді. Аталған әсер бизнесте қызметкерлерінің жетістігіне тікелей байланысты болатын менеджерлердің жарқын табысынан көрініс алады.

Дж. Ливингстонның зерттеулерінде айтылып кеткендей: "Менеджерлердің қол астындағы адамдардың жетістігі менеджерлердің солардан күткен үмітіне байланысты". 

Пигмалион әсеріне қатысты оқу залында Роберт Розенталь мен Леонора Якобсон деген ғалымдар зерттеу жасап көрген: ұстаз тарапынан көп үмітке ие студент әрқашан биіктен табыла бермек.

 Брюс әсері

Кеміргіштердің ұрғашы жынысына жататын жүкті өкілдері өзге бір ұрғашының иісін сезсе, кейда ара-тұра өз жүктілік кезеңдерін тоқтатып тастайды екен. Аталған эффект ең алғаш рет британ зоологы Хильд Брюстің басшылығымен зерттеліп, кейбір тышқандар, түз тағылары, алақоржындар (леммингтер), гелада маймылдары мен, тіпті, арыстандарда да орын алатыны анықталған.

Біршама уақытқа дейін Брюс әсері немқұрайлы зерттеліп келген. Бір жолы Мичиган университетітінің зерттеушісі Эйла Робертс осы саланы түбегейлі қолына алып, табиғат ортасында зерттеуге көшеді. Күн тәртібіндегі сол кездің сұрағы: неге шешесі өз баласын өлтіреді?

Робертс Эфиопияда бес жыл бойына геладты зерттеп, әртүрлі 21 топқа жататын 110 ұрғашының анықтамалығын жинаған. Қан құрамына қарай отырып толлыққанды жүктілікті анықтаған соң, Робертс аталық маймылдардың соқтығыс болған жеріне асыққан. Сөйтсе, ұрғашы жыныстылардың аз бөлігі жүктілік кезеңдерін доғарған болып шығыпты.

Бір қызығы, иелік ететін бір аталық болмаған жерлерде ұрғашылардың туу көрсеткіші жоғары болған екен.

Жұмбақ өлімнің жауабы кішкене геладтарды өлтіруге құштар аталық өкілдерінің қолында жатыр. Олар бір жолы тағы да аталықтармен қайта кездесіп, қақтығысып қалуы мүмкін, сол үшін де кішкене геладтардың өсіп-өнуіне шыдамдары жетпейді. Ал маймылдардың аналығы дүниеге келіп үлгермеген баланы өлтіріп тастауға мәжбүр болады, өйткені, бәрібір ертеңгі күн туа қалған жағдайда, аталықтардың тарапынан қатігездікке ұшырайды. 

 Ляйденфрост әсері

Бір жолы қатты ысып тұрған таба (сковородка) бетіне түкіріп жіберген боларсыз, Жоға, бұл жерде табаға деген өкпеңіз емес, оның қаншалықты ысығанын білу үшін. Сондағы, су көпіршіктерінің есіре айналып, есерсоқтана билегенін (әдеби айтып жіберген сияқтымын) көресіз. ОлЛяйденфрост әсері. 1796  жылы неміс докторы Йохан Готтлоб Ляйденфросттың құрметіне берілген. 

Ляйденфрост әсері – сұйықтықтың өзінен  де қатты ыстықтың (сұйықтықтың қайнау температурасына қарағанда да) жоғары қабатынан табылатын физикалық құбылысы: сұйықтық ыстықтың жоғары бөлігінен бөліп тұратын қорғаныш қабатын құрып, бірден буға айналып кету жолында қарсылық көрсетеді. Әрине, бәрібір де кеуіп кетпек. Бірақ су екеш судың өзі де табаның қыздыру көрсеткішімен кішкене болса да алысып көрмек.

Бір айтқым келгені,  мұндай экспериментті жасауға тыйым салынады. 

Абайламаушылық әсері

Елестетіңіз, сіз бір қызға ғашық болып қалдыңыз делік. Ол сіздің алдыңызда дарынды, мейірімді әрі әдемі көрінеді. Сосын елестетіңіз, сіз терезеден қарап тұрсыз, әлгі қыз көше бойында келе жатыр, кенет аяқасты шалынып, бетпен түседі. Ал сіз болсаңыз осынысы үшін де оны одан бетер қатты жақсы көріп, тартымдылығына таңдай қағатын боласыз. Және мұның бәрі абайсыздықтан.

Спорт, бизнес пен саясат  әлемінде кеңінен танымал психологиялық құбылыс "абайсыздық" әсері деп аталады. 1966 жылы зерттеуші Элиот Аронсон білгірлігі арқасында ғылымға енген. Ғылымға енгелі "абайсыздық" әсерінің нәтижелері әрқилы болып келеді.

Зерттеулер көрсеткендей, абайламай қателікке бой ұра беретін жандарға ғашық болып қалуымыз мүмкін.

 Ұйқыдағы жанның әсері

"Ұйқыдағы жанның" әсері – ақпараттың адамға әсерін зерттейтін дау-дамайлы психологиялық эффект.

Көп жағдайда, позитивті ұраны бар жарнама көрген кезде (тауарларды жарнамалау), сізде позитивті  ассоциация пайда болмақ. Алайда, біршама уақыттардан кейін әлгі  позитивті ассоциация түбегейлі жоғалып, жарнаманың бар жұрнағы ғайып болады. Бірақ бір ғана ескерулерсіз, мәселен, егер жарнама "дисконттау қақпақыл сөзімен" жалғастық тауып жатса, онда позитивті ықпалы көп уақыттарға дейін жадыңызда сақталмақ.

"Қақпақыл сөз" араласқан жарнамалардың көп жағдайда ақпараттары сенімсіз көрінеді немесе елден ерек ақпарат жеткізу өнері орын алады. Мысалы, саясатқа арналған негативті жарнамаларға біршама уақыт өтіп барып, сене бастайсыз. 

Шолу әсері

Шолу әсері – психологиялық эффектілердің санатындағы ең сирек әсер. Шолу әсері – ғарышкерлердің Ай бетінен немесе ғарыштық кеңістіктен Жерді бүтіндей тамашалауы. Алғаш рет француз жазушысы Фрэнк Уайт ойлап тапқан. 

Осы бір эффектінің арқасында жер бетінің кез келген тұрғынының шабыты ашылып, көкжиегі кеңейіп, эмоциясы кеңістік асып, бұрын-соңды болмаған сана биігіне көтерілмек екен. Иә, Жер бетін ғарыштан тамашалау, шынында да, ғаламат әсерге бөлемек.

Жерге түскен соң не болады дейсіз ғой. Алдымен бұрын суық қарап келген жақындарыңызға жанашыр көзқараспен қарайсыз, сүйетін адамдарыңызға күн сайын "Сүйемін!" деп айтып тұрасыз. Қылмыс жасайсыз. Қалжың ғой. Қоғамға жақсылып жасап, қоғам сізді өз баласындай көретін болады. Бәрін айт та, бірін айт, өмірді басқаша сүруге мүмкіндік бар.

 

Автор: Фараби Арыстанбек

сурет:nnm.ru

2895 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 02 мамыр 2013, 10:28
Пікірлер
+0
02 мамыр 2013, 13:39

қызық екен

+0
02 мамыр 2013, 17:13

Аудитория, абайламаушылық әсерлерін білеміз ғо, мына соңғы әсерді айтщищ!!! :o
Ғарыштан жерге ұшып келіп, таныстарың сұрап жатса: қалай екен Жерді ғарыштан көрген? деп, сонда "күшті, керемет, ғажап" деген жауаптар роль ойнамай қалады-ау, шіркін...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...