Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Қарға құсы - Тәңірдің елшісі

Қарға құсы - Тәңірдің елшісі

Қарға құсы - Тәңірдің елшісі

Бала кезден қалыптасқан бір әдет бар еді. Қарға ұшып бара жатса, отыра қалушы едік қой. Отырмаған бала екі алады-мыс. Осының бәрі жинақталып келіп, үлкен бір ұғым тудыратын. Алайда, қарлығаш пен аққудың тасасында барлық құстарды қалдыра беруші едік қой. Әсіресе, қарғаны.

Әрісі Алтай мен берісі қазақ халқының наным-сенімі мен салт-дәстүрінде қарғаны кие тұту, тотем деп санау күні бүгінге дейін сақталған. Осы тұрғыда қарға тотемі сөз болғанда, уақыт пен кеңістікке қатысты байырғы таным-түсініктер бірінші кезекте назар аудартады. Соның ішінде қарға құсы туралы не білеміз? Күнделікті тірліктің өзінде қарға туралы ой-пікіріміз қандай? Сол турасында әңгіме өрбітсек.

Тарихи-салыстармалы тәсіл тұрғысынан алтай тілдік тобындағы халықтар арасында ең байырғы тотемнің қарға екенін байқауға болады. Этнография ғылымының негізін салушы америкалық әйгілі ғалым Л.Г.Морган өзінің «Байырғы қоғам» атты еңбегінде үндістердің тотемі ретінде қасқыр, жолбарыс, аю, бұғы, қабылан, балық, сұңқар, құтан сияқты аң-құстардың санатында қарғаны да атайды. Солтүстік Америкадағы тлинкит, атапаск тайпаларында «ел» деген сөздің баламасы «қарға» екен. Олар қарғаны жарық нұр мен тұщы суды, қара жерді, қызулы отты, т.б. игіліктерді жаратушы деп есептеп, жақсылықтың нышаны ретінде кие тұтқан.

Азиялық Сібірді тұрақ ететін халықтарда, олардың наным-сенімінде қарғаны күні бүгінге дейін кие тұтады. Сахалардың қаңғалас тайпасының және шор тайпаларының ішінде қарға руы бар. Қазақ арасындағы  керей руы атауының «қара», «қарға» сөздерімен тамырласы жөнінде Рашид ад-Дин, Г.Н.Потанин еңбектерінде генеологиялық аңыздар келтірілген.

Қарғаның қадір-қасиетіне қатысты деректер генеологиялық аңыздармен ғана шектелмейді. Манжұрлардың арасында қағанды өлімнен құтқарған қарға туралы аңыз бар. Бұйраттардың (бурят) наным-сенімі бойынша, құдіреті күшті Гучин-Гурбу-Гурбстен-ханның құрметіне шалған құрбандық малының етінен үш қарға шоқыса, аруақ риза болады екен. Ал мама ағаштың басына қарға қонса, аттары жүйрік болады-мыс. Бұл монғолдар түсінігі мен кие тұтудағы сенімі.

Осы іспетті мысалдарды түркі-монғол фольклоры мен этнографиясынан көптеп келтіруге болады. Ұшқанда қанатынан күн тұтылатын қарға, адам жегішке қарсы тұратын қарға, батыр бейнесіне енген қарға, мәңгілік өмір мен дәулеттің иесі қарға, өлілер дүниесінің әміршісі қарға т.б. түрінде айтылатын миф-аңыз мотивтері жиі ұшырасады.

Форумда талқылау

Суреттер: new.goosiam.com 

9042 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 17 наурыз 2012, 19:00
Пікірлер
+0
17 наурыз 2012, 20:06

қарға қара болғаны үшін кінәлі емес дейсің... жөн

+0
17 наурыз 2012, 21:00

шынымен де білмейді екенбіз ғой...

+0
18 наурыз 2012, 19:07

карганын киели кус екенин еш естимеппин

+0
19 наурыз 2012, 10:08

Қарға 300 жыл өмір сүреді, көпті корген гоооо

+0
29 наурыз 2012, 03:08

Дұрыс қой қарға сөзі ел деген сөзді білдіреді ғой. Мысалы түріктің "karğa" cөзін кирилицада оқысақ "қараа" деп оқылад. Яғни қара сөзі халық деген сөз. Қарахалық дейді ғо қазақта :D

+0
31 наурыз 2012, 02:17

қасиетті құс екенін қайдам, біздің үйдің алдындағы столваға тоққа тартылып өліп жатады! тағы қарғаның етін итте жемейді гой!

+0
31 наурыз 2012, 07:39

Массагетке келіп естімеген нәрселерімді естіп жүрмін ше :D

+0
31 наурыз 2012, 23:46

тәңірдің елшісі??? не дейд Құдай оу :?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...