«Елбасы – елдің тұтқасы»

«Елбасы – елдің тұтқасы»
Фото: massaget.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультетінде 2- желтоқсан күні  «6М020500- Филология» мамандығының 2-курс магистранттары Ш. Турсын, А.Рахышова  және  «5В02005- Филология» мамандығының 1-курс  І топ эдвайзерінің  ұйымдастыруымен  студенттерге  Тұңғыш Президент күніне арналған  «Елбасы – елдің тұтқасы» атты ашық тәрбие сағаты өтті.  

Топ студенттерін  Елбасы  және оның саяси өмірбаянымен, ол туралы шетел саясаткерлері мен дипломаттары  пікірімен таныстыру, студенттерде отансүйгіштік  сезімін арттыру   ашық тәрбие сағатының басты мақсаттарының бірі болды.  Сабақ барысында Елбасының тұлғалық қасиеттеріне  кеңінен тоқталып,  жастарға  үлгі болар азаматтығы айтылды.  Ашық тәрбие сағатына  университитет оқытушылары ф.ғ.к., доцент Б. Құлжанова және ф.ғ.к., доцент  Ж. Сәткеновалар қатысты.

ҚазҰУ-дың доценті                                                                   

 Л. Әлімтаева

О. Сансызбай