Адам денесіндегі ғажайыптар

Адам денесіндегі ғажайыптар

Кейбір таңғажайып ерекшеліктерге ие адамдар да өмір сүреді. Ал кейде өз денеміздегі ерекше құбылыстарды байқай бермейміз. Кейбірін ғылым әлі ашып-біліп үлгермегенімен, көпшілігі табиғатпен, ғылыммен тығыз қатысты болып жатады. Ендеше, мына ғажаптарға қараңыз.

***

Англияның Лондон қаласында Клени есімді бір адам бар. Ол күн ашық күндері таңғы сағат сегізден бастап, кешкі беске дейін тоқтаусыз түшкіреді. Ал дәрігерлер оның күн сайын 15 мың рет түшкіретінін айтады.

Дәрігердің ескертуі: Адамның бір реткі түшкірігінде 10-15 мың түшкірік шашырандысы болып, ол шамамен 15 мың бактерия тарата алады. Егер түшкірген адамда ауру бактериясы болса, айналадағы адамға ауру жұқтыруы мүмкін.

***

Американың бір кеме компаниясында жұмыс жасайтын Бломат деген әйел бір жолы абайсызда жаюлы тұрған қызыл бұрышты басып кетеді. Сәлден соң оның аузы, тілі дуылдап аши бастайды. Сөйтсе, ол табанымен-ақ кез келген заттың дәмін сезе алады екен. Әрине бұл жақсы қасиет емес.

Психологтардың ескертуі: Дәмді тіл сезіне алғанымен, оның ащы-тұщы екенін жіктейтін үлкен ми. Сондықтан кейбір ерекше жаратылыстағы адамдар дененің өзге де мүшелерімен дәм, иіс сезіне алады. Алайда бұл миллион адамның ішінде біреуінде ғана кездесуі мүмкін.

***

Шри-Ланкада көптеген зерделі інжу-маржан саудагерлері бар. Сатып алушылар зат талдап жатқан кезде, олар көбінде алармандарының көз қарашығын бақылайды. Егер көз қарашығы үлкейе қалса, онда олар қолына ұстап тұрған затқа қатты қызықты деген сөз. Сол арқылы заттың бағасын кемітпейді. Бұл да пайда табудың психологиялық тәсілі.

Психологиялық кеңес: адам қуанарлық немесе қызығарлық затты көргенде, көз қарашығы үлкейеді. Ал қорқынышты немесе мезі болатын заттарды көргенде, керісінше, көз қарашығы кішірейіп кетеді. Жақсы бақылаған адам мұны оңай байқай алады. Адам өтірік сөйлегенімен, қарашық ешқашан өтірік айта алмайды. Сондықтан да көптеген ата-аналар баласының өтірік айтып тұрмағанын білу үшін «Көзіме қарап сөйлеші» деп біле қояды.

***

Монаколық 47 жастағы кемеші Лилани ауыр жүрек ауруына кіріптар болып, өміріне қауіп төнеді. Дәрігерлер оған жүрек ауыстыру операциясын жасауды ұйғарады. Бірақ, адам жүрегі табылмағандықтан, лажсыз шошқаның жүрегін көшірген. Сонымен, бұл ота өте сәтті аяқталып, жұртты таң қалдырған. Бірақ, отадан кейін Лиланидың іс-қимылында төтенше ғажап өзгерістер туылған. Ол үнемі төрт аяқтап жүруді ұнатады екен. Кейіндеп қоқыр-қоқсық ішінен лат нәрселерді алып жеуге әуес болған. Бірте-бірте бүкіл денесі ластанып, адам кейпінен шығардай боп өзгерген.

Дәрігердің ескертуі: Үлкен мидан бөлек, жүрек адам денесінің екінші миына ұқсайды.

Дайындаған: Алшын Матай 

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек