Азия миллиардерлер санынан Америкадан озды!

Азия миллиардерлер санынан Америкадан озды!

Әлем бойынша қазіргі кезде 1453 миллиардер бар. Олардың байлықтарын қосып көрсек – 5,5 триллион қаржы шығады-мыс...

«Хужунь» атты қытайлық журналдың («Форбс» журналының аналогы) зерттеу нәтижесі бойынша, ең көп дәулетті жыйған 608 адам азиялықтар екен. Дәл осы көрсеткіш арқылы Азия Солтүстік Американы басып озған. Солтүстік Америкада 440 миллиардер бар болса, еуропада – 324 адам бақуаттылар санатында.  

Біз бұған дейін әлемдегі ең бай адам туралы жазған едік. Мексикалық телекоммуникациялық «шіріген бай» Карлос Слим екені айтылған еді. Оның қаржысы 66 миллиард болған.

Ал Азияның ең бай адамы гонконгтық Ли Ка-шин. Ол әлем миллиардерлерінің ішінде ондыққа кіреді. Оның «қалтасында» - 32 миллиард доллар бар. Қытайдың бақуаттысы – 13 миллиарды бар Цзун Цинхоу. Ол «Вахаха» сусындарын өндіретін компания иесі. Ал көршілес Ресей елі 88 миллиардерімен Азия және Солтүстік Америкаға жол беріп, үшінші орынға жайғасқан.

Қалалалық масштабта санайтын болсақ, әлемнің миллиардерлері жиналған астанасы – Мәскеу екен. Қаланың бір өзінде 76 миллардер бар екен.

Дайындаған Ардақ Құлтай

Сурет: forumotion.com

А. Құлтай