Оқи отырыңыз

Автор: Есей Жеңісұлы

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Айырылысудың күлкілі себептері

Айырылысудың күлкілі себептері

Айырылысудың күлкілі себептері

Ғашық адамдар, өкінішке орай, түрлі себептерге байланысты ажырасып жатады. Мұның себебі ерлі-зайыптылардың мінездері келіспеуі, жұбайынан компьютердің артық болуы, көзге шөп салу немесе ері не әйелі ішімдікке салынып кетуі болуы мүмкін. Дегенмен, ажырасудың кейде түкке тұрмайтын жағдайлардан туындап жататын кездері де бар. Мысалы:

Жапон елінде ерлі-зайыптылардың бірінің ұйқы кезіндегі әдепсіз жатысы айырылысудың себепшісі болуы мүмкін.

АҚШ елінде Бебе есімді әйеліне детектив кітаптарын оқуға кедергі жасағаны үшін Дэниэльсон есімді азамат садист деп танылды. Ол әйелі оқыған әр кітаптың 30-бетіне қылмыскердің атын жазып қояды екен. Әрине, бұдан соң әйеліне детективті әрі қарай оқу қызық емес болған. Жергілікті сот өкілдері аталған істің мән-жайын анық-қанығына жеткен соң, миссис Дэниэльсонға ерімен ажырасу құқығын берген.

Нил Дьюхарт есімді британдық азаматты ажырастырған футбол екен. Нақтырақ айтар болсақ, Нилдің жары автограф қойылған жейдені жуып қойыпты.  Нәтижесінде,  сот Дьюхарттың әйелінің әрекетін вандализм деп бағалаған.

2010 жылы 99 жастағы италиялық азамат 1940 жылдары жарының көңілдесіне жазған махаббат хаттарын тауып алған соң, өзінің 96 жастағы жарымен ажырасуға бел буған.  

Үлкен қарқынмен өткен үйлену тойынан соң италиялық жас жұп шәрбат айын Парижде өткізуді ұйғарады. Бірақ, шәрбат айынан келісімен жары бірден ажырасуға арыз түсірген. Сөйтсе, жұбайы анасын жақсы көретіндігі соншалық, оны өздерімен бірге Парижге алып барыпты.

Мурманск қаласының тұрғыны Андрей Карпов құмар ойында досынан қомақты ақша ұтылып қалған соң, ойынға өз әйелін тігуді ұсынған. Андрейдің досы келісіп, бұл ойында да жеңіске жетеді және ұтысты беруді талап еткен. Ұтылғанның жары болған оқиғаға қатты ашуланғаны соншалық, бірден күйеуміен ажырасып, жеңген адамға тұрмысқа шыққан.

Канада елінде егер күйеуі қатты қорылдап, ұйықтауға мұрша бермесе, әйелі ажырасу үшін шағым білдіруге құқылы.

Бір әйел отызға келгенінде тұрмыс құрыпты. Бірақ, жұбайына жасым 24-те деп өтірік айтқан екен. 10 жыл өте ер адам шындықты біліп, ажырасуды талап еткен екен.

Сауд Арабия елінде күйеуі жарына кофе дайындап бермесе, әйел ажыраса алады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: holdemworld.ru, snakenaja.spaceblog.com.br, 

econet.ru, indolog.ru

8442 11
Рейтинг: +2

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 28 ақпан 2013, 16:55
Пікірлер
+0
28 ақпан 2013, 17:12

күйеуі жарына кофе дайындап бермесе...басынғандық қой :lol: :lol: :lol:

+0
28 ақпан 2013, 17:13

қуад...

+0
28 ақпан 2013, 17:42

Бірінші сурет ужас

+0
28 ақпан 2013, 18:04

Әр отызыншы бетке жазып тастай берген :lol: жо, негізі әйелді түсінуге болады, не енді бір емес, екі емес :lol: Негізгі сурет қорқынышты қандай :o

+0
28 ақпан 2013, 21:12

Күлкілі екен..

+0
28 ақпан 2013, 22:23

:lol: :lol:

+0
01 наурыз 2013, 00:20

досынан ақша ұтылған айелін тіккен........... осы ерекше барінен :mrgreen:

+0
01 наурыз 2013, 09:45

:lol: :lol: бірақ шынымен өмірде неше түрлі айырылысп жатамыз ғо, жәй ғана "қырсықтық" дейді ))

+0
01 наурыз 2013, 12:38

2010 жылы 99 жастағы италиялық азамат 1940 жылдары жарының көңілдесіне жазған махаббат хаттарын тауып алған соң, өзінің 96 жастағы жарымен ажырасуға бел буған.
Бұл түкте күлкілі емес қартайған шағында әйеліңнің көңілдесі болғанын білуден Құдай сақтасын

+0
01 наурыз 2013, 17:48

футболкасын жуып тастаған дейді хеххех бірақ дұрыс қо ашулануы**

+0
02 наурыз 2013, 21:50

кайдагы жок кофе ушын)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сын түзелмей мін түзелмейді
Сын түзелмей мін түзелмейді

Сын қабылдай аласыз ба?

Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау

Биік шыңдарды бағындыру үшін келеміз

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...