Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Лоторея тарихындағы сұмдық оқиғалар

Лоторея тарихындағы сұмдық оқиғалар

Лоторея тарихындағы сұмдық оқиғалар

2000 жылы Иллинойс және Мичиган штаттарының екі ойыншысы лоторея ойыны арқылы 363 миллион долларын жеңіп алды. Ұтыс билеті екеу болғандықтан, берілетін ұтыс көлемі де екіге тең бөлінген. Миллионер атанғандардың бірі Лансинг қалашығының тумасы Ларри Росстың айтуынша, ол ешқашан лотерея ойындарының әуесқойы болмаған. Әдеттегі күндердің бірінде жол бойында сатылып тұрған құны 2 долларлық хот-догтан дәм татуды шешеді. Қалтасында ұсақ тиыны болмаған ол сатушыға 100 долларлық купюраны ұсынған, ал өз кезегінде сатушының 100 доллардан қайырып берер ақшасы болмайды. Біраз уақытын сатушымен жанжалдасуға жұмсаған Ларри ақырында мәселені шешудің жолын табады: жақын маңдағы дүкеншелердің бірінен 98 дана лотерея билетін сатып алған. 

Ұлттық лотерея ойынында 18,9 миллион фунт стерлингті құрайтын үш еселік джекпот жеңіп алған Ұлыбритания елінің азаматы өз ұтысын алуға келмеген. Айта кетсек, аталған үш еселік джекпот ұтысы лотерея тарихының соңғы 13 жылындағы ең көлемдісі болған. Бұған дейін үш еселік джекпот ұтысы бар болғаны төрт-ақ рет берілген екен.
 

2002 жылдың желтоқсан айында АҚШ елінің тұрғыны Джек Уиттэйкер лотерея ойнау арқылы 314,9 миллион доллар ұтып алды. Алайда, сол сәттен бастап Джек көптеген қайғылы күндерді бастан кешірген. 59 жастағы Джекті екі рет тонап кеткен және де ол екі рет айыпқа тартылды. Бірі бұзақылық үшін болса, екіншісі, мас күйде көлік құралын басқарғаны үшін. Одан қалса, полиция қызметкерлері байғұс миллионердің үйінен есірткі салдарынан көз жұмған немересінің құрбысының денесін табады. Ал екі-үш ай өте дәл сол себептермен 17 жастағы Джектің немересі өмірден озған. Сонымен қатар, Атлантик-Сити қаласындағы орналасқан казиноның әкімшілігі Джек аталған мекемеге 1,5 миллион доллар қарыз деген айыппен Джекті сотқа берген екен. Миллионер осы оқиғалардан соң лотереядан жеңіске жеткеніне де қатты қапаланады-мыс. Ал оның жары «сәтті» билетті ұтысты алмастан бұрын жыртып тастау керек еді", - дейді өкінішпен.
 
2004 жылдың қараша айында Хуан Родригес есімді ер азамат лотерея ойынынан 149 миллион доллардың жеңімпазы атанды. Бұған дейін 49 жастағы Колумбиялық эмигрант, Нью-Йорк қаласындағы автотұрақтардың бірінде жай ғана қарауыл ретінде қызмет атқарып келіпті. Ақша жоқ. Жұмыссыз әйелінің күн сайынғы айқай-шуы. Оған қоса, банкке төлеуі керек қарызы 44 мың долларға жеткенде, қатты қажыған Хуан Родригес қалтасындағы соңғы долларға лотерея сатып алған. Нәтижесінде жеңіске жетті. Алайда, лотерея ойындарынан 10 күн өткеннен соң жары Ирис жұбайымен неке бұзып, оның ұтып алған ақшасының жартысын тартып алуға бел буады. Соттың жұбайы несімен жақпады деген сұрағына әйел: «ол бұдан да көбірек жеңуіне болар еді», -деп жауап берген екен.
 
Айта кетсек, отандық лоторея ойындарында ең ірі ұтыс 100 миллион болып есептеледі. Аталған соманы Астана қаласының тұрғыны 2012 жылдың соңында жеңіп алған болатын. Алайда, еліміздің ең сәтті адамы әлі күнге дейін белгісіз қалып отыр.

 Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: sidhastings.com

3027 6
Рейтинг: +3

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 14 қаңтар 2013, 14:32
Тегтер: лоторея, ұтыс,
Пікірлер
+0
14 қаңтар 2013, 16:05

Сұмдық десе сұмдық! Қандай сәтті адамдар!

+0
14 қаңтар 2013, 16:12

лотореяға сенбейм дым ((

+0
14 қаңтар 2013, 23:44

Біздін папа Тв Бинго ашылгалы ойнап келе жатыр автокөлік ұтам деп,әлі кір машинада ұткан жоқ,сол билетке кеткен ақшаға ендігі бір машина алатын уақыт болды))

+0
15 қаңтар 2013, 14:17

сұмдық

+0
15 қаңтар 2013, 15:52

Қазақстанда ұтады дегенге сенбеймін!

+0
18 қаңтар 2013, 10:46

мен 43 000, 800, 1500, 600 тг ұтқам. Осы жаңа жылдық ойында 3 билет ойнатып орнына 5 билет ұтып алдым) тфу тфу енді осы демалыс қалай болады екен?) Өзім көп ала бермеймін лотерея билетін. Кейде өтіп бара жатып ала салам. :)
43 000 тг ұтқандағы билетті ағам сыйлаған 22 наурызға :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...