Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Мұсылман елдерінде сақталуы керек ережелер мен кеңестер

Мұсылман елдерінде сақталуы керек ережелер мен кеңестер

Мұсылман елдерінде сақталуы керек ережелер мен кеңестер

Кезекті еңбек демалысына шыққан жандар жылдың кез келген мезгілінде мұсылман елдеріне барып демала алады. Бұл елдерде демалысыңыздың жайлы өтетіні сөзсіз. Алайда, мұсылман елдерінде тәртіп сақтаған абзал. Мұсылман елдеріндегі өмір сүру салты Қасиетті Құрандағы шариат заңына тәуелді. Бұл елдердің тұрғындары шариат заңдарын сақтап, ислам дінінің шарттарын орындайды.

Шариаттан бөлек, бұл елдерде еш жерде жазылмаған өзін-өзі ұстау мен тәртіп кодексі бар. Назарларыңызға мұсылман елдерінде сақтауға міндетті ережелер мен кеңестерді ұсынамыз.

  • Кез келген мұсылман әйелді аяулы жар, сыйлы отана, абзал жан деп құрметтейді. Сондықтан да, ешуақытта мұсылман әйелдеріне көз қысып, сөз салмаңыз. Бұл оған деген құрметсіздіктің белгісі болып саналды. Ол үшін үлкен көлемде айыппұл төлеп, тіпті жазаға тартуы мүмкін.
  • Мұсылман әйелді оның рұқсатынсыз суретке түсіруге, оған қарап күлуге, киімін (паранджа, шадра, бет перде, хиджаб т.с.с) мазақ етуге, оның қолдарын ұстауға болмайды.
  • Мұсылман елдерінде жүрген кез келген әйел діни сеніміне қарамастан, қоғамдық орындарда сым-шалбар, қысқа көйлек, жеңі мен мойны ашық және денеге жабысып тұратын киімдерді кимеу керек. Қасиетті мекендерді аралаған кезде әйел азаматтар бастарына орамал тағады. Тіпті, христиан я католик шіркеулерінде осы ережені сақтауға міндетті.
  • Сондай-ақ, әйелдер ер адамдармен ең бірінші болып сөз бастамауы керек. Қоғамдық көліктерде ер-азаматтың жанына отырмауы қажет. Әйел адам туристік аймақтардан тыс басқа қоғамдық мекендерді аралайтын болса, міндетті түрде, жанында ер-азамат (досы, бауыры, әкесі, күйеуі т.с.с) болуы тиіс.
  • Қала көшелері мен қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішуге болмайды. Мысалы, Кувейт я Сауд Аравия елдерінде ішімдік ішкен жағдайда, айыппұл төлеуге тура келеді. Біріккен Араб Әмірлігі мен Түркия елдерінде ішімдіктерді ішуге қонақүй бөлмелері мен барларда рұқсат етілген.  
  • Қала көшелері мен қоғамдық орындарда қоқыс тастауға, түкіруге, дау-дамайды шешуге, ұрысып, төбелесуге болмайды.
  • Қасиетті мекендер мен әскери аймақтарды фото/бейне камераларға түсіруге рұқсат жоқ.
  • Мұсылман елдерінде кез келген құмар ойындарға тосқауыл қойылған.
  • Ешуақытта мұсылман елдерінің басшылығы туралы сөз қозғап, оны талқыға салып, оларды әзіл-қалжыңға арқау қылуға болмайды.
  • Жергілікті халыққа шошқа еті мен алкогольді ішікмдіктерді ұсынуға болмайды.
  • Егер де демалысыңыз Рамазан айында болса, қоғамдық орындарда су ішіп, ауқаттанбаңыз.
  • Мұсылман халқымен тілдескен кезде баяу сөйлеп, сыпайы болыңыз.
  • Кез келген дүниені (су, тағам, ыдыс, сөмке, ақша т.с.с.) оң қолыңызбен беріңіз я алыңыз.
  • Тұрып я жүріп келе жатып тамақ-су ішуге, ауқаттанып жатқан кісінің бетіне қарауға болмайды.
  • Намаз уақытында құлшылық жасап жатқан кісілерге қарап, оларды суретке түсіруге, жанынан өтуге, мазақ етуге, қатты сөйлеуге рұқсат жоқ.
  • Қоғамдық орындар мен қала көшелерінде сүйісуге, құшақтасуға болмайды.
  • Сауда орындары мен базарларда кез келген тауар сатып алған кезде, міндетті түрде саудаласыңыз. Сізге жеңілдік жасап, тауарды төмендетілген бағамен береді.

Мұсылман елдерінде ережелер мен тәртіпті сақтаған жөн. Олар дінімен қатар, өз тарихы мен мәдениетіне аса құрметпен қарайды. Сондықтан, сапарға аттанбас бұрын бара жатқан елдің жергілікті салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы жайлы ақпаратқа көз тастағаныңыз абзал. Демалыс кезінде барлығына аса ұқыптылықпен қарап, сыпайылық танытыңыз.

Сурет: readmas.ru 

Форумда талқылау

2540 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 23 ақпан 2012, 11:00
Пікірлер
+0
23 ақпан 2012, 12:21

қандай керееееемет!мен дәл осындай мемлекетте өмір сүргім келеді!

+0
23 ақпан 2012, 12:33

иә, тамаша, барғым кеп тұр, әсіресе "Мемуары принцессы" кітабын оқығаннан кейін, бұл елдер маған ертегі сияқты)))))))

+0
23 ақпан 2012, 12:42

Қоғамдық орындар мен қала көшелерінде сүйісуге, құшақтасуға болмайды. Осыған қазақ қыздары келісер ме екен?

+0
24 ақпан 2012, 14:11

ия келісеміз, сырт көзге ерсі көрінеді . әсіресе улкен ер кісілермен жас қыздарды көргенде кірерге жер таппайсың.

+0
23 ақпан 2012, 12:47

мен екі қолдап келісемін!

+0
23 ақпан 2012, 15:30

Әййй! Күмәнім бар!

+0
23 ақпан 2012, 15:40

Ия, ия толықтай келісеміз

+0
23 ақпан 2012, 15:49

Бұл ережені сұлу жігітті көрген кезде ұмытып кетерсіңдер! Әлі жас қызсыңдар го! Өмірді көрмеген?

+0
23 ақпан 2012, 16:02

Ия, аталардың бір білгені мен түйгені болғасын айтып отырған болар))))

+0
23 ақпан 2012, 16:20

Мен не көрмедім десеңдерші !!!! Отты да, суды да, тіпті соғысты да көрдік қой (телевизордан)!!!

+0
24 ақпан 2012, 14:12

қойсай ата . НЕМЕРЕҢ

+0
23 ақпан 2012, 15:10

Жақсы ақпарат екен.

+0
23 ақпан 2012, 15:41

Төмендегі пункттың мұсылман еліндегі сақталатын ережеге қатысы қанша?
"Сауда орындары мен базарларда кез келген тауар сатып алған кезде, міндетті түрде саудаласыңыз. Сізге жеңілдік жасап, тауарды төмендетілген бағамен береді."

+0
23 ақпан 2012, 15:44

Олар шариат заңына сүйенеді ғой. Ал шариат бойынша, өзара саудаласқан адамдар сауап жинайды. Яғни, сатушы да, сатып алушы да сауапқа кенеледі.

+0
23 ақпан 2012, 15:59

ал енді елестет бағасы белгіленген сауда орнынд қалай саудаласасың?
Саудаласуды тек базарда ғана пайдалнамын, сауда орынында бағасы көрсетулі, чег ілулі болады ғо, әлде мен басқа нәрсен ойлап отырмын ба?

+0
23 ақпан 2012, 16:05

Дубай қаласына әпкем іс-сапармен барған кезде сауда орталықтарында болған. Оған үлкен жеңілдіктер жасаған. Қатып қалған баға жоқ, саудалассаң, олар қайа мәз болады. Оның үстіне олардың жеңілдігі аз көлемде болмайды. Кәдімгіей түсіріп береді. Әпкемнің әріптесі 800 доллар тұратын алтын сақина мен сырғаны небәрі 500 долларға алған.

+0
23 ақпан 2012, 16:17

Дубайда мен де болдым, "Naser square" немесе "Madinat souk" типтес базарларда болмаса, Carrefour немесе Dubai mall-ға барып саудаласу мүмкін емес. Саудаласуды тек базадра ған іске асырады.

+0
23 ақпан 2012, 15:50

Шын айтсам, дінді қатты ұстанып қалған елде тұрғым келмейтін еді.

+0
23 ақпан 2012, 16:28

Діні жоқ елдер не жетісіп жатыр дейсің??? Ондай елде азғырған арсыз болып кетерсіз???

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...