Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / 2012 жылдың ең көрікті жерлері

2012 жылдың ең көрікті жерлері

2012 жылдың ең көрікті жерлері

Дәл қазір, үстеліңізге жақсылап жайғасып алыңыз да, қолыңызға бір шыны ыстық шәй алып, "Әлемтану" парақшасын ашып қойыңыз. Өйткені, бүгін сіздерге әлем халықтары мойындаған 2012 жылдың ең көрікті жерлерінің тізімін ұсынбақпыз! Ол үшін сізге билет сатып алып, ұшаққа мінудің, шегі мен шеті жоқ ұзақ жол жүрудің қажеті жоқ. Бар болғаны бар назарыңызды жазбамызға аударсаңыз, жетіп жатыр. Келістік пе?! Ендеше кеттік!

Малайзиядағы Macalister Mansion атты аппақ қардай қонақ үй. Ministry of Design сәулет бюросы салу және безендіру жұмыстарын жүргізген бұл қонақ үй Малайзиядағы Пенанг аралында орналасқан. Ғимарат өзінің қайталанбас стилімен және жайлылығымен ерекшеленеді.

Аса қызықты Сорек үңгірі. Сорек немемесе Сталактитті үңгір атымен танылған мына бір мекен Иерусалимнен 20 минут қашықтықтағы Бейт-Шемеш ауданында орналасқан. Үңгір 1968 жылы табылған болатын. Аталған таңғажайып үңгір 5 мың шаршы метр жерді алып жатыр.

Le Sereno қонақ үйі. Атақты париждік дизайнер Christian Liaigre осы бір салтанатты қонақ үйдің безендіру жұмыстарын жасаған. Сен-Бартелеми аралындағы бұл ғимаратта бір түн қону - миллиондаған туристердің қолжетпес арманына айналды.

Тас астындағы ғажайып қала. Сетениль-де-лас-Бодегас атты испандық қалашықта 3000-нан астам адам өмір сүреді. Қалашықтың ерекшелігін тәптіштеп айтпасақ та анық байқаған боларсыз. Жергілікті тұрғындар күндердің-күнінде басымызға тас түсіп кете ме деген қорқынышпен өмір сүретін көрінеді. Өйткені бұл тастардың дәл осылай тұрғандығына миллиондаған жылдар болды.

Грекиядағы Мелиссани үңгірі. Грекиядағы Кефалония аралының шығысында сіз естімеген Мелиссани атты көрген көзді ынтықтырар тамаша үңгір бар. Мұндағы таңдай қақтырып, бас шайқатар сұлулықтың құрбаны болған талайлаған турсистер өз елдеріне кеткісі қелмей қалады екен.

Kanuhura аралы. Адам айтқысыз сұлулықты бір бойына жинаған Kanuhura аралы Үнді мұхитының құшағында жатыр. Тыныштық пен мамыражай өмірді аңсайтын кез келген турист үшін бұл арал - таптырмас өлке екендігіне кепілдік береміз.

Адачи бағы. Жапониядағы Адачи бағы - әлемдегі ең үздік бақтардың көшін бастап тұр. Бақтың авторы -  Зенко Адачи есімді азамат. Білесіз бе, бақтағы сұлулықтың куәгері болған адамдар оны басып жүруге батылдары бармай, терезеден ғана қарап кетеді екен. Адачи - өміріңізде бір рет болсын барып көруге лайықты жер!

Канкун шипажайлық қалашығы. Юкатана аралындағы мексикандық Кинтана-Роо штатының құрамындағы Канкун қалашығы 2012 жылдың ең үздіктерінің қатарына енді. Мұндағы қонақ үйлер, виллалар терезелерінен тек қана түсіңізде ғана елестете алатын кереметтей көріністерге куә боласыз. Жалқаулықтың патшалығы, жұмыссыздық, ертеден қара кешке дейін жалғасатын жағалаудағы өмір, аяқты аспанға көтеріп жату, шат-шадыман думан және асқазаныңыз үшін қайталанбас мереке мен Кариб теңізінің жаныңызды сергітер самалы... Расымен де, жылдың ең үздік демалыс орны деген атқа әбден лайық мекен емес пе?

Суреттер:dayevents.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

5120 8
Рейтинг: +6

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 28 желтоқсан 2012, 14:06
Пікірлер
+0
28 желтоқсан 2012, 13:03

мені кашан ертіп барар екен деші :)

+0
28 желтоқсан 2012, 13:19

мен мүлде бара алмайтын шығармын бұл жерлерге :cry:

+0
28 желтоқсан 2012, 13:24

Жанның рахаты боларлық жерер екен. Біздің Бурабайдың да мына жерлерден қалыспасы анық. Қазақстан туризмді ертерек дамытса екен.

+0
28 желтоқсан 2012, 14:34

адам ауылына бара алмай жүрсе (((

+0
28 желтоқсан 2012, 15:18

менің папам айтпақшы,-сабақты күшті оқысаң бәріне барасын- ;) деп!күшті орындалмайтын арманымғой :cry:

+0
29 желтоқсан 2012, 02:43

Күшті оқысаң барасын ғо мамаң айтпап па еді осылай?

+0
29 желтоқсан 2012, 03:49

керемет жерлер екен барйне барып шыксам го

+0
01 қаңтар 2013, 13:24

бүл жерлер кезінде қорқақ аталары үңгірлерге аралдарға қашқан солардан қалғаны ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...