Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Су астында 25 жыл ұйықтаған қалашық

Су астында 25 жыл ұйықтаған қалашық

Су астында 25 жыл ұйықтаған қалашық

Осыдан бірнеше күн бұрын күллі әлем халқы "ақырзаман жетті" деп дүрліккені бар еді, бүгін сіздердің назарларыңызға алып-қашпа әңгіменің арқауына айналып жүрген сол "ақырзаманды" басынан кешпесе де, адам шошырлық халге тап болған мекен туралы мәліметтерімізді назарларыңызға ұсынбақпыз. Оқып отырып, тәубеңізге келмеске шараңыз қалмайтындығына сенімдіміз.

Әңгіме - Эпекуэн қаласы туралы. Бүгінде өлім құшып жатқан Эпекуэн Буэнос-Айрестен (Аргентина) 600 шақырым жерде жатқан бұрынғы шипажай болатын. Қала 1920 жылдары тұрғызылып, жарты ғасыр уақыттан кейін туристердің алыстан іздеп келетін ең танымал шипажайына айналған. Өйткені, мұндағы Лаго Эпекуэн атты тұзды көлдің адам денсаулығына пайдасы шаш-етектен болатын. Ал қазір оның орнында қираған үйінділер ғана жатыр... 25 жыл бұрын қалашық су тасқынының құрбаны болған.

Туристердің "Меккесіне" айналған Лаго Эпекуэннің тұздылығы кез келген мұхит суынанан 10 есе тұзды болатын, яғни, Өлі теңізден кейінгі орында тұрған бірден-бір өзен десе де болады. Мұнда адамдар күйзелісті, сарп ауруын (ревматизм), тері ауруларын, қаназдықты, қант диабетін емдеу үшін ағылып келетін.

Эпекуэнге ең алғашқы тұрғындар ХІХ ғасырдың соңында қоныстана бастады. Кейіннен теміржолдар жүргізіліп, шипажай тұрғызылғаннан кейін тұрғындардың саны ғана емес, шетелдерден келетін туристер саны күрт өсе түсті. ХХ ғасырдың ортасында жыл сайын 2500 саяхатшы келетін болса, 1970 жылдары олардың саны 5000-нан асты. Сол кезде Эпекуэнде қонақ үйлер мен жатақханаларды, бассейндерді, дүкендер мен мұражайларды қосқанда 300 мекеме жұмыс істейтін еді.

Алайда Табиғат-Ана бұл өлкеге мейірімділік танытпады. Жиі болатын жауын-шашынның әсерінен өзен суы арнасынан асып, 1985 жылдың қараша айының оныншы жұлдызында аса жойқын су тасқыны орын алды да, күллі Эпекуэнді тұзды су басып қалды. 1993 жылы су деңгейі 10 метрден асып Эпекуэн жер бетінен жойылып кетті.

Тек қана 2009 жылы климаттық жағдайлардың өзгеруінен кейін су мөлшері азайып, қираған үй қалдықтары көріне бастады.

Туған жердің құдіреті деген осы болар, бір кездері осы өңірде өмірге келген 81 жастағы Пабло Новак есімді азамат бүгінде Эпекуэн жеріне қайта келген. Осынау кең мекенде бірнеше жылдан бері жалғыз өмір сүріп жатқан Пабло атай әрдайым Эпекуэннің гүлденіп тұрған кезін кірпігі жасқа шылана отырып еске алады екен.

Суреттер:bigpicture.ru,fototelegraf.ru,yaplakal.com,worldmammy.ucoz.ru,neobychno.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2649 5
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 23 желтоқсан 2012, 10:10
Пікірлер
+0
23 желтоқсан 2012, 13:05

Болар нарсе 1ак минуттын iшiнде болады.

+0
23 желтоқсан 2012, 13:10

қайран қала.

+0
23 желтоқсан 2012, 13:16

:shock: :o

+0
23 желтоқсан 2012, 18:40

Tabigatka tankalmaska amal jok, ana ata jalgyz ne isteid? Tugan jer ystyk degeni wygar

+0
23 желтоқсан 2012, 23:53

Трагедия

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...