Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Еуропада дүниеге келген атақты фильмдер

Еуропада дүниеге келген атақты фильмдер

Еуропада дүниеге келген атақты фильмдер

Еуропаға саяхат жасау бағы бұйырып жатса, тізіміңізге голливудтік ең атақты фильмдер түсірілген ерекше орындарды қосып қоюды ұмытпаңыз. Әңгімемізге арқау болатын фильмдерді еш қиындықсыз танитындығыңызға сенімдіміз.

«Батыл жүрек»(«Храброе сердце»). Шотландия

«Батыл жүрек» фильмінің біршама көріністері Солтүстік-шотланд таулы қыраттарында түсірілген. Нақтырақ айтар болсақ, фильмде Гленко және Глен-Невис жазықтықтары көрсетілген. Уильям Уоллестің жорықтары Лохабер ауданындағы Маморес тауларында өтеді.

Сондай-ақ, «Батыл жүректен» Ирландиядағы Мит графтығындағы Трим қорғанын көруге болады. Бұл қорған 1172 жылы тұрғызылған екен.

«Тек сіздің көзіңіз үшін»( «Только для ваших глаз»). Греция, Италия

Джеймс Бонд көгілдір экранның құпия тыңшысы ғана емес, саяхаттың көкесін танытқан қыдырымпаз тұлға. Аталған фильм – Джеймс Бондтың он екінші фильмі. Фильмде актер итальяндық шаңғы шипажайы Кортина Дампецоға ат басын тірейді. Көрермен көзайымына айналған Miramont қонақ үйі де Madonna di Campiglio қаласында жұмыс істейді.

«Тек сіздің көзіңіз үшін» фильмінің біраз көрінісі атақты Корфу аралындағы Ахиллион сарайының балконында түсіріледі.

«Амели». Франция

«Амели» фильмін көрген көрерменнің тез арада билет сатып алып, Парижге ұшып кеткісі келетіндігі талассыз. Бұл ынтагерлердің қатарында болсаңыз, қай жерлерге бару керек екенін жазып алыңыз.

Амели даяшы болып жұмыс жасайтын «Две мельницы» дәмханасы өмірде бар. Оның мекен-жайы: Лепик көшесі, 15 үй. Жеміс сатушысы қызмет көрсететін Au Marché de la Butte лашығы да осы дәмхананың маңында орналасқан.

Амели соқыр жаяуды қолынан ұстап көшеден өткізетін эпизод есіңізде ме? Осы Lamarck-Caulaincourt метросының станциясы Rue Lamarck көшесінен орын тепкен.

«Казанова». Венеция, Италия

Бұл фильм 2005 жылы жарық көрген болатын. Басты рөлді сомдаушы актер - Хит Леджер. Кинокартинаның ерекшелігі – Венецияда ғана түсірілгендігінде жатыр. Бірнеше қалаларды қамтығысы келетін Голливуд үшін бұл қалыпты жағдай емес. Ал мұндағы ішкі көріністердің өзі Венеция үйлерінде түсірілген.

Карнавал өтетін эпизод – көненің көзі саналатын Пьяцца ди Сан-Марко алаңында түсірілген. Қала билігінің мұндай қиын көріністерді тарихи мекенде түсіруге рұқсат бергендіктері де таңғаларлық жағдай.

Өзіңіздің сүйікті фильміңіз түсірілген мекендер туралы айта отырыңыз...

 Суреттер:afisha.ru,ironex.livejournal.com,vev.ru,ashkimsin.ru,reports.travel.ru,liveinternet.ru,blog.tournavigator.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева 

2417 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 26 қараша 2012, 16:56
Пікірлер
+0
26 қараша 2012, 17:38

жақсы фильмдер)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...