Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Арыстаннан бастап адам өмірін құтқару жолында...

Арыстаннан бастап адам өмірін құтқару жолында...

Арыстаннан бастап адам өмірін құтқару жолында...

Сіз ойлайтын шығарсыз, жоқ, сіз өйтіп ойламаңыз?! Мәселен, адам баласын дельфин мен иттен басқа құтқарып қалатын жануар жоқ деп ойлайтын шығарсыз. Онда тағы да қателесесіз. Аң патшасы арыстаннан бастап, одан қала бер горилла, шошқа секілді жан-жануарлар талай адамның өмірін құтқарып қалған, құтқарып қала береді де... 

1. Арыстан ұрланып бара жатқан қызды қарақшылардан құтқарып қалған

Бұл оқиғаның өзегі 2005 жылдың күзінде жатыр. Дәл сол уақытта 12 жасар кениялық қызды әлдебір қарақшылар ұрлап кетеді. Олардың сол кездегі бар ойы, зорлықтың арқасында өрімдей қызды үйлендірмек болған... Бірақ, бірнеше күннен соң, арыстандардың ортасында бар қауіпсіздікті сезінген қыз табылады. 

Сөйтсе, арыстандар қарақшылардың ортасында ебіл-дебілі шығып, қарсылық көрсетіп жатқан қызға көңілдері босап, нәтижесінде  құтқарып қалған. Және құтқарып қана қоймай, бір жарым күн бойы жан баласын, жануарлар атаулысын жолатпапты. Тек іздестіріп  жүрген милиция мен бір топ адам келген кезде ғана қызды босатып қоя берген.

Мамандардың анықтауы бойынша, қыз баланың көз жасы арыстандардың назарына іліккен. Өз балалары еске түсіп кетті ме, әлде 12 жасар қыздың дауысы мен өздерінің дауыстарында ұқсастықтар байқалды ма, әйтеуір, қарақшыларды өлердей қорқытып, құтқарып қалған екен.

2. Горилла 3 жасар баланы аман алып қалған

Зоопаркте жабайы жануарларды арнаулы бөліктің ішінде ұстайды. Өз кезегінде жануарлар осы бөлікті өздерінің жеке меншігіндей көреді...

1996 жылдың 18 тамызында Брукфилд қаласындағы (Иллинойс, АҚШ) орталық зоопаркте күтпеген оқиға орын алды. Үлкендердің көз жазғанын пайдаланып, үш жасар ұл бала бес метрлік қоршаудан өтпекші болып, қарғи бергенде аяғы тайып, құлап, арғы бетте ес-түсінен айырылып жатады. 

Адамнан келер көмектен қайыр болмаған соң, Бинти-Джуа есімді горилла баланы құтқаруға бел шешеді. Ақырын ғана баланы қолға алып, қоршаудың шығар аузына дейін көтеріп келіп, келіп жеткен құтқарушыларға тапсырады. Әрине, бір қарағанда түк қиындығы жоқ сияқты, бірақ, келіп жеткен мамандар горилласыз істің насырға шабуы мүмкін екенін алға тартқан.

3. Дельфин батып бара жатқан дайверді құтқару үстінде

Қытайдың Харбин қаласындағы "Polarland" аквариумінде дайверлер арасында жыл сайын жарыс өтеді. Әр қатысушының міндеті - суық судың астында алты метрлік тереңдікте жүзу. (Және ешқандай аквалангтың (су астында жүзетін адамдардың тыныс алуына арналған аппарат) көмегінсіз.

Бір жылдары бақ сынауға келген 26 жастағы Янг Юн де ештеме ойламастан суға қойып кетеді. Алғашында тәп-тәуір-ақ су астында жүзіп жүреді. Бірақ, бір уақытта сіңірі тартылып, өзінің батып бара жатқанын сезеді. Алайда, қармайтын ештеңе таппай, әбден қарбаласқа түседі. Бір сөзбен айтқанда, өліп кету қаупі туындайды.

Содан не керек, Янгтың бағына әлгі жерде Мила есімді польяр дельфині жүзіп жүрген. Міне, сол Мила батып бара жатқан қызды аузымен тістеп алып, судың жоғарғы бөлігіне шығара алған екен. 

5. Қожайынын құтқарған қоян туралы 

Ешкім де батылдықты қояннан күте бермесі анық. Онда Кембриджширде (Англия) тұратын Симон Стеггалл есімді азаматты кім құтқарып қалған?

Бір күні Дори (асырап алған үй қояны) диванда ұйықтап жатқан иесінің ауырып жатқан сезеді. Сөйтсе, Симонды кесел шалыпты. Бұған дейін диабетикалық ауруға (тамағы бітеліп қалу) жиі шалдығатын азамат тағы да бір қиындыққа тап болған.

Бірден байқай қойған Дори иесінің кеуде тұсына шығып алып, секіріп, ернін жалай түседі. Алғашында еш нәрсеге мән бермей асханада жүрген жұбайы кейіндеу барып қоянның бұл қылығынан Симонның бір нәрсеге ұшырағанын біліп, дер кезінде дәрігерлерді шақырып үлгерген екен.

сурет:http:kinderlibrary.wordpress.com; stena.ee

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

6611 10
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 09 қараша 2012, 20:16
Пікірлер
+0
09 қараша 2012, 20:12

мәссаған керемет!!! :shock:

+0
10 қараша 2012, 01:12

адамды өлімнен куткарып қалғаны қандай құптарлық! Әсіресе, аң патшасы арыстандардың қылығы қуантады ақ. Жануарлардың бұл қылықтары туралы тез ұмтылып кетеді. Себебі, адамдар жақсылықты тез ұмытқыш келеді.

+0
10 қараша 2012, 01:49

арыстанда айбат,маймылда мейірімділік,қоянда қамқорлылық,делпинде дарқандық бар екен ау.

+0
10 қараша 2012, 04:41

:lol: :lol: :lol:

+0
10 қараша 2012, 10:48

Әлемде талай таңқаларлық нәрсе бар...

+0
10 қараша 2012, 12:48

арыстанның мұндай қылығы барын білмеппін. Горилли суретке әдемі түседі екен :P

+0
10 қараша 2012, 15:24

аңдар адамдарды құтқарып жатыр-ау.... ал біз ше, адам болып кімді құтқарып жатырмыз?((((

+0
11 қараша 2012, 01:18

emaaaa kuwti da adamdarda osi kairmdilik kaida ketti???

+0
11 қараша 2012, 11:01

Мундай естилик жылкыда бар. жети казынанын бири итте де бар гой бул касиет.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...